ОҚЫЛЫМ
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңымен және осыларға сәйкес басқада ҚР заңнамаларымен реттеледі. Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болады:
Туғанынан.
Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау арқылы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттер арасындағы келісімдермен белгіленген тәртібі немесе негізі арқылы.
Осы Заңмен белгіленген басқа негіздер арқылы.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16 б. сәйкес ҚР азаматтығына қабылдана алады: - Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде бес жылдан кем емес тұрған немесе Казақстан Республикасының азаматымен 3 жылдан кем емес некеде тұрған адамдар; - Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасы азаматтары арасынан жақын туыстарынан біреуі бар бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары: -балалары (оның ішінде асырап алған балалары), жұбайы (зайыбы), ата–анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындастары, аға-інісі, атасы немесе әжесі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.
Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
ӨМІРБАЯН
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке тұру кезінде жазылады.