отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың
айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы
бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан
көрініп отырады.
Қызығулар да бейімдіктер сияқты балалардың кішкентай кезінде
байқалады.Мәселен, кейбір балалардың кішкентайында автомобильге,
тракторға жалпы техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балардың шс-дерті
машина болып, уақытының көбісін соның жанында өткңзеді, олардың
маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы балалар мектепте физика,
қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін
сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі
жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу құбылысының табиғаты
өте күрделі. Ол өң алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы
тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші
біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның
образын Н.В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен,
«Шинель» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі
арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын
қғаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде
басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу
әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды
болуы баланың сабақ үлгеруіне, білім терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу
қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып
отырады.
Адамда қызығудың жөндеп көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді.
Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың
мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы – оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз
адамның рухани өмірі дамымайды. К. Маркс бір сөзінде:
«Адамға лайықтың
бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы шар тарапты дамыған
адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-
әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез-келген нәрселерге қызығады да, сайып келгенде, оның бір
де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды
тұрлаусыз,тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл – үлкен
кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болсын
пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын
билееп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере
білуге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзнің мазмұны мен бағытына қарай:
материалдық, қоғамдық,
саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т.б. болып
келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным
қызығулары оқуға, ғылымға қызығу, (математика, химия, биология, философия
т.б.); кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты,
эстетикалық қызығулар кино, театр, музыка, бейнелеу, өнеріне т.б. орй бөлініп
жатады.
Адам объектіге мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және
жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы неәрселердің
тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға
болады. Жанама қызығу – бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай
қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға,
еңбек етуге қызығу осындай қызығулар. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы
болып келсе, адамның іс оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге
ықыласы кетіп отырады.
Адамдардың қызығу саласыедағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл
өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен
мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамның
саяси-қоғамдық мәселерге қызығатын болса, екінші біреулері эстетикаға
қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар
аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей
тоғысып жатады.
Қызығу баларда алғашқа кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде
де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін
жері – мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары
көріне бастайды.Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін
туғызады. Біртіндеп оқу қызығыларымен қатар спорттық, оқырмандық
қызығулар қалыптасады. Қызығу көбіне баланың бір нәрсеге бейімділігіне
қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға
бейімділігінен туады. Бірақ, қызығулардың беімдіктен бөлек те пайда болатын
кездері кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді
беімділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды
белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді
болу үшін, бала тікелей әрәкетпен айналысуы қажет. Мұғалім балардың
қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама
қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана
бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты,
қабілетті адам болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: