Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі


Дағдының дамуы және оны қалыптастыру



бет15/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Дағдының дамуы және оны қалыптастыру 
Жаңа туған балада біраздан кейін шартты рефлекстер қалыптаса
бастайындығы өткен тарауларда айтылады. Мәселен, белгілі уақытта
тамақтануға үйретілген бала (әрбір үш сағат сайын емізу) екі-үш жетіден соң
осы мезгілі болғанда ғана реакция беретін болады. Бұл жағдай балада
қалыптаса бастаған қарапайым дағдының көрінісі. Отыру, еңбектеу, аяқты қаз-
қаз басу, жүру, сөйлесу т.б. бұл айтылғандар да баланың алғашқы дағдылары.
Кейін осылардың көпшілігі автоиатталынып оның әдетіне ауысатын болады.



Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу


негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға
(бетті, қолды жуу, мезгілмен ұйықтау, ойнау т.б.) машықтанады. Бала
дағдыларының дамуын үлкендер қадағалап отырмаса, кейде олар ұнамсыз
әдеттерге айналып кетуі де мүмкін. Мәселен, кейбір балалардың ылғи да
саусағын соратыны, тербеткенде ғана ұйықтайтыны осындай өз бетімен
жіберілген дағдылар. Баланың дағдыларын дамытуда оған әуелі жақсы үлгілер
көрсетіп, сонан кейін ғана оны жаттықтыра бастаған дұрыс нәтиже береді.
Баланың мектепке түсуі оның дағдыларының белгілі жүйемен дамып
отыруына мүмкүндік туғызады. Мұғалім балаға жазу, оқу, есптеу сияқты
күрделі дағдыларды үйрете бастайды.Осы айтылғандарға дағдыландырудың
бастапқы жолы жаттығу жұмыстарынан басталады.Жаттығу жұмыстарында
ережелер түсіндіріледі.Бұдан кейін бала ережені іс жүзінде қолдана білуге
үйренеді.Мұғалім сан алуан әдістер мен арнаулы жүйелердің ең тиімді
дегендерін таңдап,оны бала дағдысын қалыптастыруға қолданады. Мұғалімнің
бар шеберлігімен ірге тасы дұрыс қаланса, соғырлым жақсы, тыңғылықты
бекитін болады.Баланың ережені жақсы түсіне алуы, практикада қателеспей
пайдалануы, онда дағдының орныға бастағанының белгісі.Енді осы айтылғанды
мысал арқылы түсіндіріп көрейік. Мұғалім балаға «а» әрпінің жеке
элементтерін қалай жазуға керек екендігін егжей-тегжейіне дейін айтады. Кейін
мұны балалардан сұрайды.Олар мұны қалай жазатындығын айтып ережені
қайталайды.Бала осы әріптің әлементтерін жазуға кіріседі.Бұл аса жауапты
кезең. Бұл кезең – Білімді практикада көрсете алу кезеңі деп аталады. Әріптің
жеке элементтерін жаза алу баланың өз бетімен саналы әрекет жасау алуының
көрінісі. Бірнеше рет қайталап жаттығудың нәтижесінде бала әріптің жеке
элементтерін біріктіреді де одан бір тұтас әріп шығарады.Сөйтіп, бала осы
әріптің жазу дағдысы меңгереді.Қалған әріптерді меңгеруге де осы жолмен
жүріп отырады. Мектеп дағдыларының қалыптасу жолы өте күрделі. Мәселен,
оқу дағдысы дыбыстан буынға, буыннан сөзге, сөзден сөйлемге, жай сөйлемнен
құрмалас сөйлемге т.б. ауысып отыруы секілді ұзақ жолды керек етеді.
Бастауыш
мектеп
мұғалімдері
оқушылардың
оқу,жазу,
есептеу
дағдыларымен бірге жалпы дағдыларын (мұғалімнің айтқанын тыңдай білу,
сабақта тыныш отыру, тәртіп сақтау т.б.) еңбек дағдыларында да (қағаздан,
шүберектен, пластилиннен т.б. материялдардан қарапайым бұйымдар жасау)
әрбір кластың және мұндағы баланың дара ерекшеліктеріне қарай
қалыптастырып отырады.Оқушыларды дағдыландырғанда мұғалімнің үйрету
методикасының артуы, балардың қатесін үнемі сезе біліп, жндеп отыруы,
олардың алдына мақсатты айқын етіп қоя алуы, оқушылардың білім нәтижесін
дұрыс бағалауы, қатан талап қоя білуі, бастаған істі аяқтап үйрету т.б. ерекше
маңыз алады.
А.С.Макаренко Бұл жөнінде былай дейді: «Біздің міндетіміз-мінез-құлық 
мәселеріне деген дұрыс және ақыллға сыйымды қатынасты тәрбиелеу ғана 
емес,сонымен қатар дұрыс әдеттерлі, яғни әдейі ойланып отыруды керек 
етпейтін,қайта онсыз еш нәрсе істей алмайтындай әдеттерді тәрбиелей 
білуіміз керек». Әдеттерді тәрбиелеуде ата-аналар мен тәбиешілер арасында
бірінғай талап болмайынша істің оңға басуы қиын болады.



Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі , ол қандай болмасын бір іспен


айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі ,білімі, өзіне тән ерекшеліктері
болады.Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді.Мәселен,жаңа
туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес.
Өйткені ,онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе,білім, іс-әрекет т.б.
жоқ . Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан,сезімінен ,талғам ,
мұратынан, бағытынан ,қабілет, қызығуынан жақсы байқалады .Жеке адам –
тарихи-әлеуметтік

жағдайдың


жемісі.Ол
әлеуметтік
ортада
ғана
қалыптасады.К.Маркстың айтуынша , жеке адам – «барлық қоғамдық
қатынастардың жиынтығы» .
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері , оның өмір сүретін
ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық , идеологиялық) тікелей
әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір
сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке
адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында
жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер
өзгермейді деу де қате.Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі
өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып ,
өзгеріп отырады.Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды.
Адам белгілі бір дәрежеде өсу , жетілу процесінде дамиды. Психикалық
қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір
психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін
өзгермейтін нәрсе деп есептейді . Адамның белсенділігі тума қасиетінен , яғни
«психикалық энергиясының » дәрежесінен , «психикалық қуатынан » болады
деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның


психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке
адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам
өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен
(макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұымдасқан, ұымдаспаған, контакталы
(адамдары ылғи жүздесіп жүретін топ), оқшауланған. формалы, формасыз,
жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен,
класс оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бқлімше, отбасы контакталы
немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар
ұйымдастырған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, дос жарандар
ағайынтуыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап
құрылады; екіден қрық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп класы),
мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын(саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ,
діни ұйымдар т.б.) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми
емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассоцация, кооперация, корпорация
болып бөлінеді мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл -
әрбір адамның қастерлеп, қадір тұтытатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-
бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде
ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А.С. Макаренконың айтуы бойынша ұжым



– мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі-бір дәстүр салттары бар, өзін-өзі


басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден
жұлынып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес
сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А. Толстой).
Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен
оның әлеуметтік жағдайын, яғни қандай қоғам мүшесі, қандай таптың өкілі
екенін, нақтылы кәсібін, білімін , іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
«Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі,
ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-
кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумеуттік қимылдарын тану керек». Осы
айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі бір пікір айтуға мұмкіндік
береді. Жеке адкаамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың
бастлытары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,дүниетаным 
мен сенім, мұрат пен талғам. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет