Бір өзі тәңірінің қаһарындай,
Адымдап келе жатты...»
1
Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик делінген: «Оның
көзқарасы, сөзі, қимылдары өзгеше қунақылықпен көрініп тұратын. Ол
тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз жұмысты бірден істеп
тастаудыаңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де ол жай жүруді
білмеген, жүіріп жүрген, атқа мінгенде шала жүретін, жолында орындық
тұрса, айналып өтудің ойына, оның үстінен қарғып кететін болған».
Орыс жазушыларының көрнекті өкілдері герценді- сангвиник,
темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе
қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі
ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс
оқушылары араснан темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік
береді.
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра
отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың
темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл
жерде профессор Н.И Красногорскийдің баланың жоғарғы нерв қызметі оның
сөйлеу ерекшеліктеріне(атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлік пен сөйлеу
қарқына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы
айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы
ақыл-ой
әрекетінің
ерекшеліктерн,
жұмыс
істей
білу
қабілетін,
осыларғабайланысты түрлі қозғалыс –қимылдарымен де санасуға болмайды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың
ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады:
1.
Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық,
көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист,
өмір сүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар.
Мұндай бала жылдам және қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп
нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса
тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Класта
мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі
жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақайды, сөзді
мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика)
жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай
балалардың мінез- құлқын қажырлық, белсенділік сияқты кейбір жақсы
қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді,
тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2.
Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ,
ұяң, байсалды, жұртқа жасқылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта
тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар
емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап
соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен
көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай,
асып- саспай сөйлейді, сөзі ым- ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.
Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін
оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3.
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл
ұшынқонып тұратын, күкгелек, танымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгереті,
қарым-қатынаста аумалы- төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық,
бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте
оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден
беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі
оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс
ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын
жұмыстада балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің
мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қоғалыстарын
билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң қатты
қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонация толқамалы,
кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп,
төңірегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал
болғандықтан, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның
бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан
жақсы байқалады.
4.
Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл
нәрсеге ренжиді,өкпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң аса баяу қозғалатыны
жай басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы
терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі
оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен,
мұғалім онвы тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде
әлдеқандай әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің
тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл
оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған
ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап
жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін
булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы,
көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды
ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ тұйық
болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай
балалардың құрбы- құрдастары «қорқақ», «сылбыр», «үндемес», «маубас» т.б.
деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді,
бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың
өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент-
адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әтсе де темперамент
адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру
барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымымен сенімі,
қызығуына қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.