Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі


Қарым-қатынастың перцептивті жағы



бет50/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Қарым-қатынастың перцептивті жағы. Тұлғааралық қарым-қатынастың
пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында
өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан,
басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана
емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды
қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі
перцептивті жағы туралы айтылып отыр.
Қарым-қатынастың перцептивті аспектісі дегеніміз – адамның адамды
қабылдауы, түсінуі және бағалауы.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада:
перцептивті процестердің әлеуметтік детерминантасы (себептері) деп
қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алғаш енгізген Дж. Брунер. Бірақ
әлеуметтік перцепцияға адамды адамның қабылдауы жатады, тек әлеуметтік
перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда,
жалпы әлеуметтік перцепция туралы емес, соның ішіндегі жеке адамаралық
перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы туралы айтылады. Сонымен
бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдайда
адамдардың бір бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып
отыр.
Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылдаумен қатар, оның өзін
ұстауы, мақсат мүдделері, ой, қабілеттері, эмоциялары, бағдарлары тұрғысында
өзіндік ой елестерінің қалыптасуын қамтиды. Және де қарым-қатынасқа
түсушілер арасындағы эмоциялық қатынастардың пайда болуы да қамтылады.



Сонымен, әлеуметтік перцепция – адамның сыртқы белгілерін қабылдау,


оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап
түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.
Айтылғанды схема түрінде көрсетуге болады (3 сурет).

3 сурет. Әлеуметтік перцепция

Әлеуметтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-
қатынас партнерін тануы, өзара түсіністік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен
эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеуметтік перцепцияны
қарастырғанда екі мәселеге көңіл аудару қажет: қабылданатын адамның
(субьект) психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден
жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауына.
Бақылаушының
психологиялық
ерекшеліктерін
зерттеу
әлеуметтік
психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін
қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жыныстық, жас ерекшеліктеріне,
кәсіби және жыныстық-ролдік айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен,
балалар көбне ересектерге қарағанда сыртқы кейіп-пішінге (киімі, шаш қоюы,
сыртқы кейіптегі ерекшеліктерге, т.б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен
оқытушылар өз шәкірттерінің білімге ұмтылуы, тәртіптілігі, тағы сол сияқты
қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа
қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол
астындағыларды қабылдауы мен керісінше қол астындағылардың басшыларды
қабылдауы да екі түрлі.
Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық
ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл
айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады.
Әлеуметтік психологияда қабылданатын обьектінің психологиялық
қасиеттерін зерттеу де дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын
адамның қандай психологиялық және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға
көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында
партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?
Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы
(мимика), сезімдерін білдіруі (экспрессия), отырыс-тұрысы, жүрісі жатады.
Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлеу мәнері де жатады.



Зерттеулерден байқалғанындай, кең таралған, «интернационалды» ым-


ишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар
бар.
Сонымен бірге, қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған
әмбебап психологиялық механизмдерді де қарастыруға болады. Оған
әлеуметтік перцепция механизмдері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет