Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет5/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Психологияның әдістері 
Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау,
эксперимент, әңгімелеу әдісі адам кызметінің нәтижесін зерттеу болып
табылады.





Бақылау - психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-
әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін
жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез-құлқын дұрыс түсіне білудің де
маңызы зор. Мысалы окушының бет-әлпетіне ден қоя берудің керегі жоқ. Кейде
оқушы зер салып отырған адамның кейпінде болады, ал шынында ол
мұғалімнің айтып жатқанын тыңдамай отырады. Сондықтан балалардың жай
күйін білу үшін, оларға зер салып карау жеткіліксіз, басқа әдістер сұраулар
қоюды қолдану керек.
Баланың іс-әрекетін сабақ үстінде сыныптан тыс оқып үйренуде үй іші
жағдайында үнемі бақылау жасай отырып, мұғалім оның оқуға, жолдастарына,
өзіне және үлкен адамдарға қарым-қатынасының қандай екендігін біледі.
Оқушыға бақылау жасау арқылы оның темпераментін, мінезін, қабілетін білуге
болады.
Тәжірибе. Ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдістің мәні -
сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процесті әдейі жасатады. Мәселен,
мәтінді дұрыс түсініп, игеруде оны оқудың қолайлы шапшаңдығын білу үшін,
белгілі бір әңгімені бір топтағы балаларға 3 минутта, сол үзіндіні екінші
топтағы балаларға 5 минутта, үшінші топтағыларға 7 минутта оқытылды. Бір
қатар тәжірибе жасаудың негізінде оқу материалын жақсы түсініп, есте сақтау
үшін окудың орташа қарқыны дұрыс деген корытындыға келді.
Тәжірибенің 2 түрі болады:

1. Зертханалық тәжірибе


2. Табиғи тәжірибе
Арнаулы аспаптар колданылып жасалған тәжірибе зертханалық 
тәжірибе деп аталады. Мәселен, тері сезгіштігін байқау үшін эстезиометр бар.
Қазіргі кезде ғарышты игерумен, медицинаның қарқынды дамуымен
байланысты қасындағы отырған адамның психологиялық күйін, физиологиялық
қалпын біліп қана коймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамның да
ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі - радиорефлексометр. Бұл аспап арқылы
аспанда ұшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.
Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тағы бір түрі табиғи
тәжірибе деп аталады. Жоғарыда айтылған әдістен бұның айырмашылығы сол
табиғи тәжірибе зертханада емес, оқушының күнделікті үйреншікті ортасында
өткізіледі. Бұл әдісті өзінің ғылыми тәжірибесінде бірінші қолданған орыстың
психологы Лазурский (1874-1917ж.ж.) еді. Оқушылар өзін еркін сезінеді,
көбінесе оның психикалық процестері зерттеліп жатқанын, мінез-құлқы, оның
жауаптары мұқият жазылып алынып жатқанын білмейді (жабық камера,
магнитофон арқылы).
Әңгімелесу әдісі бақыланып отырған адамның зерттеушіге берген
жауаптарынан құралады. Қойылатын сұрақтарды алдын-ала ойлап алған жөн.
Сұрақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтуға тиіс, ал қойылған сұрақ
балаларға түсінікті болу керек. Әңгімені бір адаммен емес, бірнешеуімен тіпті
тұтастай сыныппен өткізуге болады. Әңгіменің мұндай түрі зерттеліп отырған
окушылардың жауабын бір-бірімен салыстырып отыруға мүмкіншілік
туғызады.



Психологияда сондай-ақ адам қызметінің нәтижесін зерттеу әдісі


пайдаланылады. Мәселен, шығармаларын, суреттерін, күнделіктер, хаттарын
зерттеу.
Психологиялық ғылымда сауалнамалық әдіс дейтін де әдіс қолданылады.
Мүнда сыналушыға бір қатар сұрақтарға жауап жаздыртады.
Психологияда өзін-өзі бақылау әдісі де қолданылады. Бұнда адам өзін-өзі
тәрбиелеуде сапалық жақсы қасиеттерін дамытып, кемшіліктерін жойып
отыруы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет