Баланың білім алу арқылы тұлға ретінде дамуын бірінші қатарға қойып, ол үшін студент тұлғасының дамуының көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі амалдар анықталып, жүзеге асырылуда.
«Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлде қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;
шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы»
(Г.К. Селевко.)
Студент тұлғасына дамуына ықпал жасауды дәстүрлі колледж базасында іске асыруда әрбір оқытушының ролі– танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, негізгі талабы – студенттің ойын дамыту, қызметі – кеңес беру, бағыттап отыру, оқыту әдісі – ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру.
Міндеттері:
Жаңа материалды оқып үйрену және оқып игеруге деген студенттердің қызығушылығын тудыру.
Жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда студентке берілетін тапсырманы студенттің қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп әзірлеу.
Студентке тапсырмаларды әр түрлі күрделі дәрежеде орындату арқылы студенттердің білімін саралауды ұйымдастыру.
Студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін тудыртатын, қабілеттерін жан–жақты дамытатын әртүрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдану.
Студенттердің білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру.
Студенттің тұлғалық қасиеттерін дамытуға әсер етіп, оны өз бетімен жұмыс жасауға бейімдейтін педагогикалық технологияның бірі М.Жанпейісованың
«Модульдік оқыту» технологиясы. «Модульдік оқыту» технологиясының мақсаты: студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену. «Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымын анықталатын, біршама дербес бөлігі.» (С.И.Ожегов.) Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі, студент өз бетінше немесе оқытушының көмегімен белгілі бір нәтижеге жетеді.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
Оқытудың жалпы мақсатын қою.
Жалпы құрылған мақсаттың нақтыландыруға көшіру.
Студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау.
Оқу әрекеттерінің жиындығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізіледі)
Нәтижені бағалау. Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Оқу модулі үш құрылымды бөлімнен тұрады: кіріспе, сөйлесу, қорытынды.
Кіріспе. (Модулге, тақырыпқа негіз енгізу)
Сөйлесу бөлімі. (Студенттердің танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
Қорытынды бөлімі. (Бақылау)
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде әрбір студентке 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді.
І деңгей тапсырмалары эфрикалық-продуктивті іс-әрекеттің күрделі деңгейі, студенттердің шығармашылығын дамытуға бағытталған.
ІІ деңгей – алгоритімдік-репродуктивтік іс-әрекеттің күрделілірек деңгейі,
ІІІ деңгей – стандартқа сай репродуктивті іс-әрекеттің ең қарапайым және алғашқы деңгейі. Олар студенттің өз қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
І курстағы «Химияның негізгі ұғымдары» тақырыбы бойынша құрылған 7 сағаттық модуль жоспары.
Бөлім
Сабақ саны
Модуль мазмұны
Уақыты
Кіріспе
1 сабақ
Модульдік құралмен таныстыру
1.1. Химиялық элементтер, олардың периодтық жүйедегі орны
1) 1-Лабораториялық тәжірибе «Гидроксидтерді алу және оның қасиеттерін зерттеу»
2) 2- Лабораториялық тәжірибе «Тұздар гидролизі»
3) Сынақ жұмысы, әр студентке жек тапсырма
10 минут
10 минут
25 минут
Қорытынды
7 сабақ
1. Тақырып бойынша қорытынды сабақ
а) Деңгейлік тапсырма
ә) Тест жұмыстары
45 минут
1,2,3-сабақ. Кіріспе бөлімінде оқытушы студенттерді оқу модульінің жалпы құрылымымен, оның мақсаты – міндеттерімен таныстырады. Содан соң оқытушы осы оқу моделінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
4-сабақ. «Сөйлеу бөлімі» «Қарлы кесек» ойын ойналады.
5-сабақта оқулықтағы тақырып соңындағы:
Жаттығу жұмыстарын орындау.
Есептеу есептерін шығару.
6-сабақ.
1) Лабораториялық тәжірибе. «Гидроксидтерді алу және оның қасиеттерін зерттеу»
2) Лабораториялық тәжірибе «Тұздар гидролизі»
3) Сынақ жұмысы, әр студентке жеке тапсырма.
1-тапсырма.
Дәптермен жазбаша жұмыс:
Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап,реакция типін анықтаңдар:
NaOH + HNO3--------
Cu(OH)2------------
Cu(OH)2+HCl----------
Na + HCl----------
H2 +Cl2-----------
Al(OH)3-------------
WO3 +H2-----------
BaCl2+ Na2SO4----------
2-тапсырма.
Айналымды жүзеге асырып, әрбір реакция типін анықтаңдар.
1 есеп. 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальци оксидінің СаО массасы қанша? Есептің шарты: Берілгені: (Са) = 20г
Табу керек: (СаО) = ?
4-тапсырма.
1.Реакция теңдеуін жаз.
а) AL +3CL2 →
ә) ZnSO4 + BaCL →
б) CaO + CO2 →
2. Протолиттік теорияға сәйкес мынадай бөлшектерді күші бойынша қандай топтарға бөледі: H2SO4, HF, NH4+, H2O, OH-, CO42-, NO3-?
7-сабақ.
Тақырып бойынша қорытынды сабақ.
«Химияның негізгі ұғымдары» тақырыбына есептер шығару.
Студенттердің химияның негізгі ұғымдары туралы алған білімдерін қорытындылап, жүйелеу, студенттердің білімі мен дағдыларын жетілдіріп, ой-өрісін, қабілетін дамыту мақсатында білімді жүйеге келтіру сабағы өткізілді.
Студенттерді ІҮ топқа бөлінеді, әр топ тың өз жетекшісі және өз атауы болады.
Сен білесің бе ?
Кім жылдам?
Біліміңді сынап көр
Ақтық сайыс
Сайыс сабақ
І кезең
Сен білесің бе ?
K
Zn
Н
I
Fe
CL
Na
O
W
N
Cu
Ті
K
Zn
Н
I
Fe
CL
Na
O
W
N
Cu
Ті
K - ХЭПЖ туралы не айта аласыңдар?
Сұрақтар:
І тур. «Сен білесің бе?» тақырыпта жасырын ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
K-ХЭПЖ туралы не айта аласыңдар?
Zn-Усанович теориясы тұрғысынан қышқыл мен негізге анықтама беріңдер.
Н-Мынадай айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CL-Мынадай айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe → FeO → Fe2 O3 → FeCL3 → Fe(OH)3 → FeCL3
Na-Химиялық элементтердің периодтық жүйесі қалай құрастырылғын?
O-Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар деген не? Анықтамасын айтып, мысал келтіріңдер
W-Мынандай бейтараптану реакцияларының молекулалық толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін құрыңдар. өнімдер қалай тұзілетінін түсіндіріңдер:
Са(ОН)2 + НСL →
Fe(ОН)2 + H2SO4 →
Cu(ОН)2 + H2SO4 →
N-Қандай топтар лантаноидтар және актиноидтар деп аталады?
Эвдиометрде 24 мл сутек пен 15 мл оттектен тұратын қоспа қопарылыс бергенде су түзілген. Қопарылыстан кейін қоспада қандай газ қалған, оның көлемі мен массасы қандай?
ІІ топ.
1 - тапсырма.
32 г мыс оттекпен әректтескенде 155 кДж жылу бөлінеген.
Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
ІІІ топ.
1 - тапсырма.
Зат мөлшері 0,3 моль, 3моль, 30 моль болатын хлорсутекте қанша молекула бар?
Химия пәнін мемлекеттік білім беру стандарттарына сай модульдік технологияны қолдану арқылы оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып ұйымдастырылуы:
○ тұлғаның танымдық қабілетін және танымдық процестерді дамытады;
○ танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандырылады;
○ білім сапасын арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын толық менгеруін қамтамасыз етуге мұмкіндік береді;
○ дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
○ әр студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне көп көңіл бөледі;
○ студенттердің сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
Модулдік оқытудың нәтижесінде:
►Студент көп уақытты өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға, өзін бақылауға үйренеді.
►Студенттің білім алудағы іс-әрекеттерінің бағыттары мен білім деңгейлерін қалыптастыруда оқыту құрылымының тұтастығы сақталады.
►Студенттің білім алудағы іс-әрекеті дамуының жалпы бағытының ескере отырып, пәнді оқыту және іс-әрекет сипаты мен пән мазмұнын сәйкестендіру қажет болған жағдайда оны түзетуге мүмкіндік береді.
►Оқыту жүйесінде жұмыстың барлық түрі бір-бірімен үйлесімді үндестікте кері байланысты жүзеге асып отырады. Бұл жүйенің тиімділігі – оның студенттердің қызығушылығын, қажеттілігін жеке даралай, саралай ескеріп отыруында.
►Модулдік оқыту элементтерінің дербестігі, икемділігі, өзгерімділігі, студенттердің әрқайсының өз мүмкіндігіне сай әрекеттенуіне жағдай жасайды.
►Оқыту құралы оқу мақсатына, түріне, студенттердің ерекшелігіне, біліміне сәйкес сараланады.
►Студенттер білімді өздерінің әрекет жасау қарқынына сай игереді. Білімі мен білегі, іскерлігі нәтиже көрсеткіштігімен айқындалады.