Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Беткейлік құрылымдардың қабаттық құрылысы



бет3/33
Дата27.05.2020
өлшемі68,04 Kb.
#71269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
мойын кітап

Беткейлік құрылымдардың қабаттық құрылысы.

Мойынның терісі алдыңғы – бүйірлік бетінде жұқа және қозғалғыш, жас ұлғая келе мұнда шеңберлік бағытта қатпарлар пайда болады, артқы бөлігінде – терісі өте қалың болып келеді. Мойын терісін мойын нерв өрімінің тармақтары нервтейді, олар жоғарғы төрт жұлын нервтерінің (CI-CIV) алдыңғы бұтақтарынан құралған. Бұл нервтер мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінің бүйір тұстарында омыртқа алды және омыртқалық бұлшықеттердің астында орналасқан. Аталған нерв өрімінің нервтері ХІ, ХІІ бас нервтерімен және симпатикалық бағана тармақтарымен анастомоздар жасайды және әрқайсысында терілік, бұлшықеттік және аралас нерв бұтақтары бар. Терілік нервтер: n.occipitalis minor - желке аймағының, n.auricularis magnus - құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолының, n.transversus colli - мойынның көлденең бөлігінің, n.n.supraclaviculares - мойынның бұғана үсті және бұғана асты және дельта тәрізді аймақтың – терілерін қамтамасыз етеді. Мойынның бұлшықеттерін бұлшықеттік тармақтар нервтейді, ал аралас нервке жататыны – көкеттік нерв (n.phrenicus), оның қозғалтқыш талшықтары көкетті нервтесе, сезімтал бөлігі өкпе қабы мен перикардты қамтамасыз етеді. Осы айтылғанмен қатар, мойында бет нерві де (n.fasialis) тармақталып, мойынның теріасты бұлшықетін (m.platisma) нервтейді. Мойынның барлық терілік нервтері оның беткейлік жағына төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы қырының ортаңғы бөлігінен шоғырланып шығады да, жан-жаққа шашыраңқы радиалды бағытта тарамданады. Нервтердің шоғырланып шыққан нүктесі тұсында бір жерден инемен дәрі жіберу арқылы мойын терісіне анестезия жасап, операция жүргізуге мүмкіншілік туады.

Мойынның беткейлік веналары теріасты шелмайдың эпифасциалды қабатында мойынның теріастылық бұлшықетінің астында орналасады. Аталған жұқа бұлшықет талшықтары жақсүйектің бұрышынан төмен қарай қиғаш шашыраңқы бағытта төмен түсіп, бұғанадан асып, кеудеге де тарамдалады. Жоғарыда көрсетілгендей бет нервісінен тармақтар алады. Беткейлік веналардың ең үлкені – сыртқы мойындырық венасы (v.jugalaris externa), ол құлақтың артқы венасы, шүйделік және беттің терең веналарының қосылуынан құралады. Бұл вена жақсүйектің бұрышынан төмен және артқа қарай түсіп, қиғаш бағытта төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттен өтіп, оның бұғанамен түйісетін бұрышына дейін барады. Осы жерде сыртқы мойындырық венасы бұғана үсті аймақтың терең бөлігіне өтеді де, алдыңғы мойындырық венасымен (v.jugularis ant.) қосылып, бұғанаасты венаға (v.supclavia) немесе ішкі мойындырық венасына (v.jugularis int.) құйылады. Алдыңғы мойындырық веналары жақасты аймақ пен мойынның алдыңғы беткей бөліктерінен қан жинайды. Бұл веналар төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің алдыңғы шеттерінде орналасады да, бұғанаүсті шелмайлық кеңістікке жақындап, анастомоз арқылы мойынның веналық доғасын құрайды (arcus venosus juguli). Бұдан соң, веналар төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы жағында сыртқы мойындырық венасына барып қосылады. Сирек жағдайда мойынның ортаңғы сызығы бойымен біреу немесе екеу болып мойынның ортаңғы веналары (v.mediana colli) кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет