Молекулалық биология дәрістер жиынтығы Кіріспе


РНҚ-ның химиялық құрамы және қасиеттері



бет38/44
Дата09.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#131244
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44
Байланысты:
molekulalyk biologiya alpamysova gulzhayna

РНҚ-ның химиялық құрамы және қасиеттері
РНҚ химиялық құрамы жағынан ДНҚ-ға ұқсайды, тек РНҚ молекуласында дезоксирибоза орнында рибоза болады, ал тимин урацилмен алмастырылған. Сонымен РНҚ құрамына азотты негіздерден аденин, гуанин, цитозин және урацил кіреді; сол сияқты минорлы негіздерден инозин, псевдоурацил, метилинозин кіреді. ДНҚ құрамындағы сияқты мұнда да фосфор қышқылы болады.
ДНҚ-дан айырмасы — РНҚ түрлерінің бәрі әдетте бір тізбек түрінде тіршілік етеді. Өзінің түрлеріне байланысты РНҚ шамасы және молекулалық массасы әр түрлі болады.


РНҚ биосинтезі. РНҚ-ның барлық түрі ядро ішінде, ДНҚ молекуласында синтезделеді. Бұл процесс транскрипция деп аталады және оны РНҚ-полимераза ферменті катализдейді. Транскрипция кезінде РНҚ- полимераза ДНҚ-мен қосылысады да, қосқабат спиральді ажыратып жазады. ДНҚ-ның осы учаскесінде, матрицадағыдай, тиісті РНҚ-синтезделеді, ол үшін нуклеотидтік тізбек 51—З1 бағытында біртіндеп өседі. Мұндай синтез үшін төрт рибонуклеозидтрифосфаттың бәрі (АТФ, ГТФ, ЦТФ, ОТФ) қатысуы тиіс. Синтезделу барысында бұлардан пирофосфаттар бөлініп шығады.
Транскрипция процесі үшін ДНҚ-ның екі тізбегі де қажет. Алайда, РНҚ түзілу үшін матрица ретінде бір тізбек қана қызмет етеді, сол тізбектен көшірме түсіріледі. РНҚ синтезі кезінде екінші тізбектің қандай қызмет атқаратыны белгісіз.
Транскрипция үйлесімді сәйкестік принципі бойынша іске асады: ДНҚ-ның тиісті учаскесінде азоттық негіздердің реттілігін РНҚ молекуласы толық көрсетеді. Мысалы, ДНҚ құрамында тимин бар жерде РНҚ аденин қалдығын ұстайды, ДНҚ-да гуанин бар болса, онда цитозин қалдығы, ДНҚ-да цитозин бар болса, онда гуанин; ДНҚ-да аденин бар болса, онда урацил қалдығы болады.
Үш түрлі РНҚ синтезделеді. Олар: рибосомдық РНҚ (рРНҚ), информациялық немесе матрициалық РНҚ (тиісінше иРНҚ немесе мРНҚ) және транспорттық РНҚ (тРНҚ).
Алғашында барлық РНҚ ұзын алғы зат ретінде түзіледі, кейіннен олар қысқа молекулаға айналады. Мұндай айналып өзгеру бірнеше кезенді басынан өткізеді және "процессинг" ("пісіп жетілу") деп аталады. Алғы заттар және процессингтің аралық өнімдері пре-РНҚ деп аталады. Процессинг кезінде ферменттердің әсер етуімен алғы заттан нуклеотидтер үзіліп бөлінеді және одан кейін қайта қосылады, өйткені ДНҚ құрамындағы ген бүкіл молекула бойыңда бөлек-бөлек болып шашырай орналасады. Бұл процесс кезінде де азотты негіздер метилденеді немесе гидрленеді. "Пісіп жетілген" РНҚ молекуласы ғана өзінің тікелей міндетін атқара алады.
Тұқым қуалау мәліметін беруде және белоктар биосинтезі кезінде өр РНҚ белгілі бір қызметті атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет