Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет46/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

41
Education
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
ересек адам дамуының тетіктері туралы білімдер мен 
рәсімдердің бірігуі туралы айтады. Ересектерге білім 
берудің философиялық-педагогикалық жағы мынадай 
негізгі ойларға сүйенеді: адамға қатысы жоқ болмы-
стың түбегейлі көпөлшемділігін және көпдеңгейлігін, ал 
субъект ретінде ересек адам болмысының даралығын
әмбебаптығын ескеру қажет; әлемнің көпдеңгейлі мен 
ересек адамның субъекті болмысының көпөлшемділігі 
арасында өзара байланыс бар; ересек адамның жоғары 
талпынысын, өзі үшін сыртқы ықпалдарды анықтап, 
оларды қабылдау немесе қабылдамау құқығын қорғау 
қажет; ересек адамның субъекті болмысының виру-
тальды тереңдігі дегеніміз қазіргі және келешек дамуы 
ғана емес, кез келген адамның бойынща жасырын ви-
рутальды мүмкіндіктердің түпсіз ішкі дүниенісінің бар 
екенін мойындау; ересек адамның субъекті әлемін оның 
әлеуметтік рөлдерін орындаумен теңестіруге болмайды, 
оған өзі қарым-қатынас жасауға мәжбүр қоғамның 
өкілі, агенті деп қарауға болмайды; ересек адамның 
білімін субъектілер арасындағы және диалогтік қатынас 
аясында ашу басқалармен терең, ашық немес жасырын, 
ортақтастығын көрсетеді; ересек адамның тіршілік әре-
кеті аясында үдемелі қозғалысының үздіксіздігі білім 
берудің әмбебаптық, эвристикалық қозғалмалы, көп 
қызметтік және жағдайларға байланысты сипатын арт-
тырады.
Бұл ойлардың өзара шарттастығы ересектерге білім 
беру жүйесінің негізгі ережелерін қалыптастыруға көмек-
теседі. Олар:
— ересектерге білім беру жүйесінде қабылданған мем-
лекеттік шешімдердің тарихи уақыт жағынан жалпылама 
және жергілікті болуы;
— білім беру үлгілерінің қызмет етуінің жобалы және 
шынайы болуы;
— білім беру жүйесінің контекстік мазмұнының, эво-
люциялық кең жайылуының логикасының болуы;
— білім беру іс-әрекетінің басқарушылық үлгісінің, 
гуманитарлы-онтологиялық іскерліктің болуы;
— нәтижелерге жетудің қайшылықсыз тұжырымды, 
мәдени технологиялық болуы;
— жаңа мақсатқа болжам арқылы ілгерілеу, анықтау 
және қабылдау;
— әрбір адамның рухани субъектілігін мойындау, топ-
тардың, елдердің, құрлықтардың әлеуметтік әріптестігі 
мен мәдени қарым-қатынасын нығайту;
Ересек адамының, маманның кәсіби құзіреттілігін 
жетілдіру, жеке тұлғаны дамыту сонымен қатар әдісна-
маның мына төмендегі ұстанымдарын басшылыққа 
алғанда нәтижелі болады: дербестік пен субъектілік, реф-
лексивтілік және оқыту нәтижелерін өзектілендіру.
Сонымен, философиялық-білім беру, психоло-
гиялық-андрагогикалық және мәдени-технологи-
ялық бағыттардың әдіснамалық бірігуі ересектерге 
білім берудің басты өлшемдерін анықтайды, ойлардың 
мазмұндық негізін құрайды. Бұл ересектерге білім беру 
саласында психологиялық-педагогикалық зерттеулердің 
жаңа әдістерін жасап, анықтауды талап етеді. Бұл та-
лаптардың жиынтығы ересектерге білім берудің идеоло-
гиясы мен технологиясында жаңа ғылыми бағыттың — 
ересектерге білім беру менеджменті негізінің іргетасын 
қалайды, ол ол өз кезегінде ересектерге үздіксіз білім 
беру аясында қоғамды басқарудың озық — тиянақты, 
тұрақты-эволюциялық сапалы тәсілдерін жасау үшін 
қажет.
Әдебиет:
1. Тұрғынбаева Б. А. Андрагогика. Алматы «Алатау» баспасы, 2011. —180 б.
2. Змеев С. И. Основы андрагогики. — М.: Флинта. Наука, 1999. —245 с.
3. Громкова М. Т. Андрагогика: теория и практика образования взрослых. ЮНИТИ-М.: — 2005. — 310 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет