Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет37/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

32
Психология
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
П С И Х О Л О Г И Я
Ұлттық қауіпсіздік архетиптері және ұлттық қауіпсіздікті 
сақтаудың психоаналитикалық жолы
Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы, PhD доктор, аға оқытушы;
Байкенже Нұргүл Қаржаубайқызы, магистр, аға оқытушы;
Пазылова Қаламқас Асетуллаевна, магистр, аға оқытушы
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ (Түркістан қаласы, Қазақстан)
А
рхетиптер күнделікті қоғамдық өмірде, саясатта, өнер 
мен әдебиетте жиі көрініс тауып отыратын құбылыс. 
Осы орайда, архетиптер мен біз қарастырып отырған 
ұлттық қауіпсіздіктің нақты арабайланысын ашып көр-
сету қажеттігі туындайды. Келесі кезекте К. Г. Юнгтың 
архетип түсінігін негізге ала отырып, ұлттық қауіпсіздік 
мәселелерін талқылаймыз.
Біріншіден, Архетиптер бұрынғы ата-бабамыздың 
саналы танымы мен руханиятының бүгінгі бейсана-
дағы көріністері болғандықтан, олар ұлттық рухты ояту 
мен ұлттың өзін-өзі сақтау тетігінің, сөйтіп сыртқы қа-
терлерден қорғануының өздігінше бір психотехникалық 
көріністері болып табылады.
Екіншіден, Этноархетип бейсаналы болғандықтан, 
онда ұлттық белгілер мен ұлттық болмыстың, әсіресе 
ұлттық сананың көріністері айқын болғандықтан, ол 
өзінің қуаты жағынан сезімдік-сенімдік мазмұнда болып 
келеді де, көне жаугершілік замандағы қауіптен сақта-
нудың негізгі тетіктерін қайталап отырады, ол бүгінгі 
ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың руханияттық көзі болып 
табылады.
Үшіншіден, олай болса, архетиптерді ояту мен оны өр-
кендете түсу, ұлттық қауіпсіздіктің тарихи тамырларын 
бізге бейсаналы түрде болса да ашып береді. Екінші бір 
қырынан, ұлттық қауіпсіздік өздігінен психологиялық 
тетіктерді құрастырады.
Төртіншіден, жалпы адамзаттық архетиптер тым көне 
заманда болғандықтан, онда үрей мен қорқыныш, сақтану 
мен рухтанудың негізгі белгілері жатыр, ал ұлттық қа-
уіпсіздіктің өзі алдымен сақтанудан тұрады.
Мәселе нақтырақ болу үшін біз бүгінгі таңдағы ар-
хетиптердің тікелей ұлттық қауіпсіздікке байланысты 
жақтарын, оның еліміздегі, ұлтымыздағы нақты көріні-
стерін таразылап өтуіміз керек. Жалпы этноархетиптер 
жөнінде отандық ғалымдарымыз да еліміз тәуелсіздік 
алғаннан кейін өз зерттеулерін ұсынып келеді, ал ен-
деше, біз оның ұлттық қауіпсіздікті қалыптастыруға, оны 
сақтауға, қатерлерді сезінуге қатысты жақтарынна тоқта-
латын боламыз.
Бейнелеу өнеріндегі архетиптерді зерттеуші 
Қ. Оразқұлова оның бүгінгі таңдағы бейсаналы-саналы 
көріністерін ұлттық архетиптер бойынша зерделеген бо-
латын. Ол көне діни сенімдердерге талдаулар жасай келе, 
көне тотемдік, шамандық, тәңіршілдік нанымдарындағы 
көріністердің бүгінгі таңдағы архетиптік бейнелерін са-
ралап береді.
Мысалы, тәңіршілдік архетипін зерделеген 
Қ. Оразқұлова бүгінгі таңдағы Көк түсті құрмет тұту, 
қыран құстардың әлі де қастерленуі сияқты белгілерге 
тоқтала келе, Туымыздың да аспан түстес Көк екен-
дігін, ол Көк Тәңрінің архетиптік нышаны болып табыла-
тындығын атап көрсетеді. Демек, Тудың көк түсті болуы 
тек қана ашық аспан мен кеңдіктен туындамайды, нақ 
осы Көк Тәңрінің рәмізі болып шығады, бірақ ол бейса-
налы болғандықтан, көпшілікке олай болып көрінбеуі де 
ықтимал, дегенмен, қазақ халқына жағымды әсер қалды-
ратын түс және туымыздың көк түсі де осыған орай, тек 
жағымды ғана емес, белгілі бір деңгейде тарихи тұрғыдан 
ішкі рух күшін оятып тұрғандай болады.
Ту қандай-да болмасын, жаугершілік заманда мазмұны 
мен мәні жағынан соғыста және бейбітшілікте қолда-
нылатын құрметті рәміз болып есептелген. Сондықтан, 
да тудың өзі тарихи тұрғыдан алғанда, жалпыадам-
заттық руханиятта осы қауіпсіздікке байланысты, қа-
терлердің алдын алу үшін рух беруші болып саналған. 
«Туы жығылды» деген мағына да ел мен халықтың рухы 
жығылды, ол «өзге» алдында бас иді деген әскери қа-
уіпсіздіктің рәміздік көрінісін береді.
Сонымен қатар ол қастерді фетиштік сипатты да біл-
дірген, қазір де солай. Осыған байланысты біздің елімізде 
де мемлекеттік рәміздерді аяққа таптағандығы үшін, 
оны төмендеткендігі және сыйламағандығы үшін жау-
апқа тарту туралы құқықтық нормативтер бар. Мысалы, 
парламент отырысында туымыздың ашық-шашық киім-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет