Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет48/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

43
Education
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
*тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыпта-
стырады; *мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық ке-
зеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін 
мәнді етеді.
Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы 
белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың 
жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін із-
гілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі 
заман талабы.
Әдебиет:
1. Садуова Ж. Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қа-
лыптастыру.
2. // Қазақ тілі мен әдебиеті. — 2012.
3. Бұзаубақова К. Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. — Тараз, 2003.
4. Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мақа-
лаларының жинағы. — Астана, 2012.
Оқыту әдістерін жетілдіру және оқытушының
өз тәжірибесінде оларды таңдай білуі
Жансугирова Айжан Орынбасаровна, оқытушы
Абылай хан атындағы колледжі (Қызылорда қаласы, Қазақстан)
«Білім — гауһар, бағасы жоқ, надандық — кемел, да-
уасы жоқ» дегендей бүгінгі таңда басты мәселе болып 
отырған — жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Біздің басты 
мақсатымыз — білім саласының дамуынан қалып қоймай, 
алға қарай ілгерілеу болып табылады. Сол көшке ілесе 
алмасақ — бізге сын болмай ма?! Еліміздің ертеңі — жас 
ұрпақтың қолында.
Заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын 
мемлекетіміз де, біздің оқу орнымыз да басты орынға қойып 
отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын мазмұнды 
жұмыс ұстаз еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда 
ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің «Бала — балқытылған 
алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай 
бағыт берсең, ол солай өседі. Сондықтан баланың бойында 
жақсы қасиеттерді қалыптастырып және олардың жан — 
жақты дамытып рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз 
керек. Біздің мақсатымыз оқытудағы жаңа тәсілдерді пай-
далана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен 
жауапкершіліктерді дамыту болып табылады. Оқу үрдісінде 
білім берудің көздеріне қарай қолданылып жүрген әдістерге 
қысқаша сипаттама беріп көрейік. Сөздік әдістер: түсіндіру, 
әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. 
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, гра-
фикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары. Оқыту үрдісінде 
ең көп тараған дәстүрлі әдіс — сөздік немесе мұғалімнің 
ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әді-
стерге қарағанда жетекші роль атқарады.
В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық 
құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың»… — деп оның 
маңызына ерекше назар аударады. Мұғалімнің сөзі әсерлі, 
тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы 
мәнерлі және сөздік қоры да білімі де бай болғаны қажет. 
Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін 
келтірейік: «мұғалім балалармен істес болады: егер олар 
бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, 
оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауы 
керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күй-
гелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер 
мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықы-
ласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек». Бұл әдісті қол-
данғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың 
таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т. б. 
үрдістерін) байланысты да әрекет жасайды. Көрнекілік әді-
стер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы 
түсінулеріне мүмкіңдік береді. Бұған демонстрация, иллю-
страция және бақылау тәсілдерін қолдануға болады. Де-
монстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер 
және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру 
барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған 
құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы 
және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орна-
ласу жағдайымен таныстыруды көздейді. Табиғи нысананы 
көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, 
түсі, формасы, өзара байланысы т. б). Келесі кезекте оның 
ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көр-
сетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар 
тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады. Демон-
страциялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әре-
кетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды 
демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше 
жағдайға байланысты болады: — көрсетіліп отырған ны-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет