141
эпитетінен де көрінеді
.
Мұны екі қайталаулы тұлғаға да, үш қайталаулы тұлғаға
да ауыстыруға келмейді, әйтпегенде өзінің бастапқы мөлшерлік мағынасынан да,
эстетикалық ажарынан да айырылады. Тұтас өлең ырғағынан шығып, қалыбы
бөтен сөздер жұмағына айналады. Мөлшерлік ұғымдардың осындай көркемдік
өреде, айрықша тәсілдер, сұлу синтаксистік құрылымдар арқылы берілуі қазақы
ойлау жүйесінің өресін, тіл айшықтарының ғаламат кескінін білдірсе керек.
Жыраулар поэзиясында
мөлшер семантикалы анықтауыштар
шоғыры
одан сайын түрлене, айшықтала түседі. Өлең ырғағы мен ой ағынының
сұранысына сәйкес синтаксистік құрылымдар құбыла, күрделене түседі.
Эпитеттердің ендігі бір шоғыры –
еселеуіш мөлшер эпитет.
Бұл топқа
алты
құлаш ақ найза, (белгілі) биік көк сеңгір, (тарылды) байтақ кең жер, жасыл да
байтақ ну
т.б.
ұлғайған эпитеттерді жатқызуға болады. Мұнда зат есімдерге
бірнеше анықтауыштар үсті-үстіне қабатталып, еселеніп келеді. Яғни, тіркес
құрамындағы
алты құлаш, қаудыр құлақ, биік, байтақ, жасыл
сөздері
ақ, шал,
көк, кең,
байтақ
анықтауыштарға еселеніп тұр. Мұнда
алты құлаш –
ұзын әрі
өткірлікті,
қаудыр құлақ –
әлсіз әрі кәрілікті,
биік –
қашықтықты,
байтақ
–
кеңдікті білдіретін мөлшерлік ұғымдар. Сонымен қатар, бұл еселеуіш
анықтауыштар экспрессивтік те қызмет атқарады. Р.Сыздық: «Біздің
байқауымызша, авторы мәлім, ауызша тараған қазақ поэзиясы тілінде – ХV–
XVIII ғасырлардағы ақын-жырауларда образға алынған сөздерді тұрақты
эпитеттермен беру көркемдеудің нормаға айналған ең бір ұтымды тәсілі болған»,
– дейді [211, 27 б.]. Мысалда берілген ұлғайған эпитеттердегі
Достарыңызбен бөлісу: