тәштек, шәлтік, мықыр, шарғы, мыртиған, тәпене, мырық
т.б.
Терең/тайыз:
терең, тұңғиық, ойыс, шұңғыл, шұңқыр, шыңырау
;
таяз, саяз,
тайыз
т.б.
Қалың/жұқа:
қалың,
том, бттам, сіреу;
жұқа, жалаң
т.б.
Кең/тар:
кең,
тар
т.б.
Бұл
тіресім
құрайтын лексикалық бірліктердің әрқайсысының ішкі
семантикалық ерекшелігі бар және тілде функционалды стиль түрлеріне
байланысты әр алуан қызметте жұмсалады.
«Қашықтық» ұғымы морфологиялық деңгейде де көрініс табады. Қашықтық
семантикасын білдіретін синтетикалық формалар төмендегідей:
- қашықтық семантикасы кейбір деректі зат есім сөздеріне
-дай, -дей, -тай,
-тей
қосымшасы жалғану арқылы беріледі
(қарағайдай, құрықтай,
теректей
т.б.
).
Мысалы,
Мүйізі қарағайдай алып өгізді жан-жағынан тиген он бүгелек
қызыл танау етіп шапқылатып, жанын қоярға жер тапқызбайды
(І.Есенберлин, Алмас қылыш). Мұнда өгіздің мүйізіне
қарағай
әсерелеулі балама
болса да, жалпы «мүйізі тым ұзын» деген мағынаны білдіріп, мүйіздің ұзын
болуының өзі өгіздің дене бітімі үлкен, алып екенін сипаттайтын белгі болып тұр.
Яғни
қарағайдай
сөзі қашықтық (ұзындық) ұғымын білдірумен қатар, стильдік
қызмет те атқарып тұр.
- қашықтық семантикасы «қашықтық» ұғымын білдіретін сапалық сын
есімдерге
-рақ, -рек -ырақ, -ірек; -дау, -деу, -тау, -теу, -лау, -леу
салыстырмалы
шырай қосымшалары жалғану арқылы беріледі. Мысалы,
ұзынырақ
,
қысқарақ,
жақынырақ,
биігірек
,
тереңірек, қалыңырақ,
жұқарақ, кеңірек,
тарырақ;
ұзындау,
қысқалау, алыстау, қашықтау, ұзақтау, жуықтау, тығыздау,
жоғарылау, аласалау,
тапалдау
т.б. Бұл шырай қосымшалары белгілі бір
«қашықтық» ұғымының дәл өзі емес, соған жақындау, жуықтау ұғымдарын
білдіреді.
- қашықтық семантикасы кейбір сапалық сын есімдер мен зат есімдерге
-
ша, (-ше,) -шақ, (-шек), -шаң, (-шең)
қосымшалары жалғану арқылы
(ұзыншақ,
ұзынша, биікше, дембелше, бойшаң
т.б.
)
беріледі. Бұл қосымша да шырай
қосымшалары секілді белгілі бір қашықтық шаманың нақты, дәл өзіне тең емес,
соған жақындық, соған деңгейлестік семантикасын білдіреді. Мысалы:
Бір топ
182
талдың арасынан жөнсіз киінген, қырбық қара мұртты, көркемше, бойшаң
жігіт шыға келді
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
«Қашықтық» ұғымы синтаксистік деңгейде де кеңінен көрініс табады. Бұл
деңгейде де, әдеттегідей,
аналитикалық тәсілдер, аналитика-синтетикалық
тәсілдер
арқылы байланысқан
тіркестер, синтаксистік модельдер,
синтаксистік конструкциялар
сияқты үш түрлі синтаксистік формада беріледі:
- қашықтық семантикасы
тіркесім тәсілдері
арқылы беріледі. Мұнда да өзге
ұғымдарымен ұқсас, күшейткіш буындар
(ұп-ұзын,
қып-қысқа, жап-жақын, ап-
аласа, тап-таяз, қап-қалың, кеп-кең
т.б.
),
қос сөздер
(қиыр-шет, алыс-шалғай,
ұзын-сонар
т.б.
),
қайталама қос сөздер
(ұзын-ұзын
,
алыс-алыс, жақын-жақын,
жиі-жиі, биік-биік, қалың-қалың
т.б.
)
, қарсы мәнді қос сөздер
(ұзынды-қысқалы,
алыс-жақын
,
жоғары-төмен
т.б.
),
күшейткіш үстеулер (
ерекше ұзын, тым алыс,
өте жоғары, едәуір терең, ерекше жұқа, өте тар
т.б.
)
арқылы беріледі.
Қашықтық семантикасы синтаксистік модельдер арқылы да беріледі. Олар
төмендегідей:
- тәуелдік жалғауының үшінші жағы мен салыстыру формасының (-
ы+-дай)
байланысы арқылы:
мойыны құрықтай, бойы сырықтай, саусағы сояудай
т.б.
- шығыс септігі мен
(-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен)
келеді
(келмейді)
көмекші етістіктің синтаксистік байланысуы арқылы беріледі:
алакөл асығынан
келеді, Алатау асығынан келеді, Сырдың суы сирағынан келеді
,
белуардан келеді,
иықтан келеді
т.б.
- барыс септігі
(-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не)
мен
дейін, шейін
демеуліктерінің
байланысы арқылы беріледі:
ернеуіне дейін, кірбегіне дейін, беліне дейін, иығына
дейін, мұрнына дейін, көзіне дейін, құлағына дейін
т.б.
- ыңғайлас жалғаулықтар
(мен, бен, пен)
мен салыстыру формасының
(-дай,
-дей, -тай, -тей)
байланысы арқылы беріледі:
есік пен төрдей, жер мен көктей,
аспан мен жердей, Алматы мен Астанадай (арасы)
т.б.
-
салыстыру формасы
(-дай-, дей, -тай, -тей)
мен тәуелдік жалғаулы жері,
бөлігі сияқты сөздердің байланысы арқылы беріледі:
бір қарыстай жері, бір
құлаштай бөлігі, бір метрдей бөлігі, бір шақырымдай жері
т.б.
Қашықтық семантикасы синтаксистік конструкциялар арқылы да беріледі.
Оның өзі
аналитикалық тәсілдер, аналитика-синтетикалық тәсілдер
арқылы
байланысады. Аналитикалық тәсілдер:
- халықтық
(елі, қарыс, кез, табан, адым, құлаш, шақырым
т.б.
)
және
халықаралық
(миллиметр, сантиметр, дециметр, метр, километр
т.б.
)
өлшем
бірліктердің конструкция компоненттерімен аналитикалық байланысы арқылы
беріледі:
бір елі (қазы), екі қарыс (жіп), үш кез (бұл), он метр (ағаш), жүз
километр (қашықтық)
т.б.;
- зат есімдер (белгілі бір ұзындық мәні бар) мен
бойы
сөзінің тіркесі арқылы
жасалады.
Ат бойы, кісі бойы, арқан бойы, найза бойы, қамшы бойы, ағаш бойы,
бақан бойы, оқ бойы, құрық бойы, сырық бойы
т.б. Мұндай тіркесім түрлерінде
конструкцияның үшінші компоненті ұдайы қысқарып келеді. Бұл тіркес құрамын
найза бойы қар, ат бойы шалғын
деп толықтырғанда анық көрінеді.
- тұрақты құрылымға айналып кеткен синтаксистік конструкциялар арқылы
да беріледі:
итарқасы қиянда, ит өлген жер, көз көрмес, құлақ естімес жер
т.б.
Аналитика-синтетикалық тәсілдер арқылы:
183
- сөзжасамдық
-ым, -ім
жұрнақтары жалғанған сөздердің
(лақтырым,
тастам, шаптырым, созым, әудем, аттам)
мөлшерлік компонент ретінде
конструкцияның өзге компоненттерімен байланысы арқылы беріледі:
қол созым
жер, таяқ тастам жер, ат шаптырым жер, әудем жер, бір көш жер, қозы көш
жер
т.б.
Мұндағы кейбір құрылымдарда сан есімдер қысқарып кеткен;
- сөзжасамдық
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік
жұрнақтары жалғанған
сөздердің
(метрлік, тонналық
т.б.) мөлшерлік компонент ретінде
конструкцияның өзге компоненттерімен байланысы арқылы:
бір метрлік
сызғыш, төрт метрлік тақтай, жиырма метрлік арқан
т.б.;
-
-дай, -дей -тай, -тей
салыстыру формасы жалғанған сөздердің мөлшерлік
компонент ретінде конструкцияның өзге компоненттерімен байланысы арқылы
беріледі:
бір шақырымдай, бір адымдай, бір құлаштай, бір қарыстай, бір елідей,
бір метрдей, бір километрдей
т.б.
Синтаксистік деңгейде «қашықтық» ұғымын білдіретін тілдік бірліктердің
саны шексіз көп, берілу жолдары, тәсілдері де біршама күрделі. Олардың
құрамы кейде төрт, бес сөзге дейін жетеді. Дегенмен, қанша құрамды болса да,
бір ғана «қашықтық» ұғымын білдіреді. Олардың өзінде белгілі заңдылық
қалыптасқан. Яғни түрлі сөздер мен синтетикалық, аналитикалық формалардың
тіл заңдылығына сәйкес байланысы арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |