Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет30/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

теңдік нысандары
қанша болса, 
мөлшерлік нысан
соған теңдей бөлінуі шарт. Мысалы: 
зілтемірдің екі басы бірдей салмақта
құстар қанатын бірдей жылдамдықпен қағады 
т.б. Ал 
шартты тепе-теңдікте
теңдік нысандары қанша болса, 
мөлшерлік нысан
соған теңдей бөліну міндетті 
емес. Керісінше, осы тепе-теңдік 
шарттылық
негізінде құрылады. Нақтырақ 
айтсақ, мұндай тепе-теңдік өміршеңдік қажеттілікке құрылады да, теңдік 
нысандары өзара 
қарама-қарсылықтың бірлігі
қатынасында болады. Бірін-бірі 
шектейді, тежейді және сол арқылы бірін-бірі әрі қарай өмір сүруі мен дамуын 
қолдайды. Мысалы, астрономдардың дәлелдеуінше, жершары маңайындағы 
планеталарсыз, әсіресе, Күн мен Айсыз өмір сүрмейді. Күн (149,6 млн.км) 
жершарына Айдан (384000 км) қарағанда әлдеқайда алыс қашықтықта 
орналасқан. Соған қарамастан, Күн мен Ай жершарындағы тіршілік үшін қажетті 
тепе-тең қашықтықты сақтап отыр. Егерде Күн жермен тұрақты қашықтығынан 
сәл жақындаса, жер бетінде ғаламат ыстық болып, отқа оранады да, сәл алыстаса, 
жер бетінде ғаламат үсік жүріп, мұз құрсанады. Бұл жер бетіндегі тіршілікке, 
тіпті жершарына айтарлықтай қауіп төндіреді немесе жояды. Ал жершарының 
Аймен арақашықтығы су деңгейіне әсер етеді. Міне, бұл – тіршіліктің тепе-
теңдігі, шартты тепе-теңдік.
Нақты тепе-теңдік болсын, шартты тепе-теңдік болсын, бәрі де белгілі 
шамаға тең. Сондықтан бұлар да «мөлшер» ұғымына жатады. Тепе-теңдік 
өміршеңдіктің басты шарты, сондықтан жаратылыстық дүниедегі барлық заттар 
осы тепе-теңдік үшін күреседі. Заттардың кеңістікте орналасуы, іс-әрекет, 
қимыл-қозғалыстың бәрі тепе-теңдік аясында өмір сүреді. Адамзат та 
жаратылыстың бұл заңдылығын барлық іс-әрекетіне басты өлшем етеді. Ал 
қазақтың 
«Құда да тыныш, құдағи да тыныш», «Тең теңімен, тезек қабымен»
деген мақалдары – тепе-теңдік ұстанымдарының көрінісі. Мөлшердің бұл 
ұғымдық сипатына тән басты қасиеттер – 
шарттылық, дәлдік.


40 
Мөлшер, ол – меже, болжам.
Кез келген заттар мен құбылыстардың 
мөлшерлік мәнін нақты санмен көрсету немесе анықтау мүмкін емес. Бәріне 
бірдей нақтылыққа тілдік те, ұғымдық та қажеттілік жоқ. Сондықтан кейде 
кейбір шамалар болжалды түрде, сол шамаға жақын межемен де айтылады. 
Мысалы,
бір мая шөп, бір үймек құм
десек, шөптің әр талы мен құмның әр 
түйірін санап отыру мүмкін де емес, ондай нақтылықтың қажеті де жоқ. Мұндай 
шамалардың межемен айтылғаны қай жағынан да оңтайлы. Сондықтан кейбір 
мөлшерлік шамалар осындай тәсілдерге құрылған. Сөйлеу актісінде 
мөлшермен, 
шамамен, жобамен
деген тілдік қолданыстар жиі кездеседі. Бұл – ағымдағы кез 
келген мөлшерлік нысананың нақты сандық шамасын емес, болжалды шамасын 
білдіретін тілдік қолданыстар. Арнайы техникалық өлшеу құралдары болмаса, 
адамның 5 түрлі сезу мүшесінің көмегімен тікелей межеленген шамалар 
негізінен 
болжалды мөлшер
саналады. Олар көбіне -
дай, -дей, -тай, -тей
жұрнақтар мен 
тарта, шамалы, шақты

жете, артық, 
т.б.
 
көмекші сөздердің 
қатысымен беріледі. Мысалы,
 таудай, жүздей, оншақты, жүзге тарта, 
т.б. 
ХІХ ғасырға дейін қалыптасқан мөлшерлік ұғымдардың көпшілігі 
болжалды мөлшерлік шамалар деуге болады. Себебі, бұған дейін анықталған 
мөлшерлік шамалардың бәрі – арнайы техникалық өлшеу құралдары арқылы 
емес, көбіне бес сезу түйсігі арқылы танылған мөлшерлік шамалар. Ал одан бергі 
екі ғасыр ішінде ғылым мен техниканың дамуына, адамзат қоғамының жаңа 
сапаға ауысуына, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге 
көтерілуіне байланысты кез келген мөлшерлік шама дәлдік пен нақтылыққа 
ойыса бастады. Соған орай әлемде біртұтас метрологиялық өлшем бірліктер 
жүйесі қалыптасып, болжалды шама, ең әуелі, нарықтық қатынастардан бастап 
ығыса бастады. Болжалды шаманың нақты шамаға ауысу үдерісінде ХХІ ғасырда 
кеңінен тараған сандық технологияның тигізген әсері тіптен мол. Соған сәйкес 
өмірдің барлық саласы нақтылық пен дәлдікке құрылуда. Ал қазіргі таңда 
ауызекі сөйлеу стиль мен көркем әдеби стильден басқа стиль түрлерінде сирек 
кездеседі. «Мөлшер» ұғымын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет