52
қолда бар осы тілдік мұралар көне түркі тіліндегі басты ұғымдар мен оның тіл
бірліктеріне айналу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазірге дейін көне
түркі ескерткіштеріне фонетикалық зерттеулер көп жасалды. Аты әлемге белгілі
отандық және шетелдік түркологтар тарапынан ең көп қаралған сала да осы.
Мұнда, көбіне-көп, көне түркі тілінің
дыбыстық құрамын анықтау, ежелгі
қалпын
реконструкция
жасау,
аффрикаттардың
пайда болуы мен
силлабофонемаларға
жіктелуі т.б.
морфонологиялық
мәселелерге
назар
аударылды. Алайда жаңа бағытта қарастыру әлі де жеткіліксіз болып келеді,
әсіресе функционалды бағытта көп қарастырылмады. Түркология саласында
«мөлшер» ұғымы, көбіне, «сандық» ұғымдармен теңестіріліп,
көптік категория
шеңберінде қарастырылды. Нәтижесінде көптік мағына білдіретін
формалар
мен
аффрикаттар
анықталды. Шын мәнінде, заттардың саны мен мөлшері – екеуі
екі бөлек ұғымдар. Бірі сандарды семантикалық өзек етсе, екіншісі
тіресімді
(оппозициялық) қатарлар
құрайтын шамаларды негіз етеді. Тас ескерткіштер
мәтінінде көптеген мөлшер мәнді тілдік бірліктер кездеседі және «мөлшер»
ұғымының функционалды-семантикалық өрісін құрайды. Олар тілдің әр
деңгейінен көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: