Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет94/181
Дата09.05.2023
өлшемі5,92 Mb.
#176345
түріДиссертация
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

көп михнат // көп бейнет) 
көптігі семантикасын, енді бірде адами іс-әрекеттің шектен тыс белең алуын 
(көп 
забандаразлық 
(АХ, 195/11)
// көп сөзділік) 
білдіреді. Тіпті кейде 
көп
сөзі 
күшейткіш үстеу қызметін де атқаратыны байқалады. Мысалы: 
Хазрат Адамни 
терилари көп көрүглүг ерди, күн йаруғыдин һам раушанрақ ерди 
(АХ, 187/28-29)
 
// Хазірет Адамның терісі өте көрікті еді, күн жарығынан жарығырақ 
болатын.
Мұндағы 
көп көрүглүг 
тіркесін тура мағынасынша
 көрікті 
деп беруге 
болмайды. Өйткені сұлулық көптіктен тұрмайды, тұтастық пен үйлесімділіктен 
тұрады. Тіркесте
көп 
сөзі 
өте көрікті, тым көрікті
мағынасында, күшейту 
мәнінде жұмсалған. Ал 
чандан 
сөзі де көптік семантикасын білдіреді. Алайда
 көп
сөзіне қарағанда 
чандан
сөзінің көптік семантикасы күшейтпелі, әсірелеулі 
келеді. Мысалы: 
Гаһи башларыға уруб (ұстап) гаһи тизларини тутуп чандан 
(өте көп) йығладылар кә көзларидин ақған йашлары бир улуғ су болуб ақышқа 
5
Дереккөз ретінде алынған қыпшақ ескерткіштерінің транскрипциясын пайдалану реті мынадай:
- «Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасы бойынша Б.Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» (–Алматы: 
Ғылым, 1997. -296 б.) атты кітабындағы транскрипциясы мен аудармасы пайдаланылды; 
- «Хусырау уа Шірін» поэмасы бойынша А.Ибатовтың «Қутыбтың «Хусырау уа Шірін» поэмасының 
сөздігіндегі» (XIV ғ.) (
– Алматы: Ғылым, 1974. – 278 б.
) атты еңбегіндегі транскрипциясы мен аудармасы 
пайдаланылды; 
- «Мұхаббатнаме» ескерткіші бойынша Б.Сағындықұлының ««Мухаббат-наме» ескерткішінің (XIV) мәтіні» (– 
Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 228 б.) атты оқу құралындағы транскрипциясы пайдаланылды.


113 
башлады 
(АХ, 211/36-39) 
// Кейде басын ұстап, кейде тізелерін құшақтап өте 
көп жылады: көзінен аққан жасы бір үлкен су болып, аға бастады
. Мысалда 
чандан (өте көп) йығладылар 
тіркесі 
көз жасы көл болу, етегі жасқа толу
мағынасын білдіріп, іс-әрекеттің шамадан тыс мөлшерде істелуін көрсетеді. 
Сондай-ақ зат есім сөздерге де анықтауыштық қатынаста тіркесіп, зат 
мөлшерінің шектен тыс шамасын білдіреді. Мысалы: 
Аларны чандан (көп) 
күнаһлары бирла бараһна (жалаңаш) қылмаслар 
(АХ, 229/34-38) 
// Оларды 
сонша көп күнәлары болса да жалаңаш қалдырмайды. 
Бұған қарағанда, 
чандан 
сөзінің ауыспалы мағынада, шектен тыс шамаларды білдіру үшін образды 
тіркестерде де келетіні байқалады.
 
Мөлшердің көптігі семантикасын білдіретін 
чандан, аз, көп
сөздері 
«Мұхаббатнаме» ескерткішінде де кездеседі: 
Ешиттиң ерса Йүсүфниң жамалин 
Сени хүсн ичра сад 
чандан
йаратты// 
Естіп пе едің Жүсіптің сұлулығын? 
Сенің сұлулығыңды (содан) жүз есе
 артық
жаратты (МН, А/91-92).
Берілген мысалда да 
чандан
сөзі 
артық, көп
мағыналарын білдіреді. Ал 
көп, 
аз
сөздерінің қолданыс аясы, семантикасы негізінен ұқсас. Бұлардан бөлек, 
ескерткіште кездесетін 
фараван 
сын есім сөзі де мөлшер семантикасын білдіреді. 
Дастанда былай беріледі: 
 
Айыт, ей мехриң 
аз,
ишваң фараван
Нетар ол ағызда 
мунча
йалған // 
Ей, мейірімің 
аз,
қылымсуың 
көп
де 
Неліктен аузыңда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет