Монография Ақтөбе-2019 ббк 74. 58 Т 65 Пікір жазғандар: сардарова ж. И



Pdf көрінісі
бет13/84
Дата08.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#121120
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
улттык тарбие оку куралы

 
Мәдениет- бұл, адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді 
қоршаған заттар мен құбылыстардың әлемі. Бұл- өзінен-өзі туындатататын 
табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Адамдар жасап шығарған 
мәдениеттік заттар дүниесі, оның негізгі екі сферасына- материалдық мәдениет 
және рухани мәдениетке жатады. Адамның өзі белгілі бір кәсіби топтарымен, 
ерекшеленетін қоғам және жеке адамдардың мәдениеттілігінің деңгейі. Әдетте 
мәдениетті «жаттап алынған тәртіптілік», «үлгілі тәртіп кешені», «өмірді 
анықтайтын үлгілер жиынтығы» деп белгілейді. Осыдан мәдениеттің мәнін 
анықтай отырып, оның үш жағын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, адамның 
материалдық және рухани әрекеттерінің материалданған бұйымдарының 
аяқталған түрі; екіншіден, мәдениеттің субъектісі, жасаушы және пайдаланушы 
түрі; үшіншіден, жеке адамдардың субъективтік әрекеттерін объективтік жобаға 
айналдырған байланыс түрі. 
Демек, мәдениет адамның жаңарып отыратын болмысын сипаттайды, ал 
адам - текті құбылыс болғандықтан оның өмірі қоғамнан тыс жерде өтуі мүмкін 
емес, сондықтан мәдениет адамдардың әрекетінің нәтижесінде өзінен - өзі 


жаңарып отыратын адамдардың болмысы.Әйтсе де мәдениет бұл тұрғыда 
ұжымдағы адамдардың дәстүрімен байытылған нормалар мен тәртіп үлгілерінің 
міндетті түрде сол этнос өкілінің және оның әртүрлі әлеуметтік топтарының 
қатынасының деңгейін көрсетеді. Осыған байланысты мәдениеттің мынадай 
қызметін бөліп көрсетуге болады: дәстүрлердің сабақтастығын қолдау, 
бағалаушылық қызметі, мақсаттылық, мағлұматтық. 
Философиялық сөздікте мәдениет- сана мен болмыста адамзаттың 
әлеуметтік-мазмұнына қарай адамның әлеуметтік индивид ретінде дамуы, 
оның- таным, қарым-қатынас, іс-әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, 
жекелік, шығармашылық, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі деп 
көрсетілген. 
Философиялық энциклопедиялық сөздікте C.А.Арутюнов:
«
Мәдениет- 
материалдық, рухани өнімдерде, әлеуметтік ережелерді рухани құндылықтарда, 
адамның өзіне қарым-қатынасында көрінетін тіршілік тәсілі» деп түйіндейді 
[132]. 
Этикалық сөздікте:
«
Мәдениет-рухани өмірдің барлық формаларын 
біріктіру» деп көрсетілген. 
Педагогикалық бағытта мәдениет - адамдардың бірлескен ғылыми, 
моральдық - әлеуметтік көркем және техникалық құндылықтар жасаудағы 
қарым-қатынас жиынтығы адам тұлғасына бағытталған өзін-өзі танып білу 
немесе рухани өмірбаяны. 
Э.Баллер:
«
Мәдениет- рухани және материалдық құндылықтар байлығы, 
адамзат санасы, тұрмысы, өткені мен бүгіні» - деген анықтама береді. Осы 
тұрғыда мәдениет пен құндылықтар ұғымының мазмұндық арақатынасы, 
әдіснамалық мазмұны ұғымдардың ұлттық тәрбиедегі орнын анықтай алады.
 
Соңғы жылдарда жалпы мәдениетке қатысты, соның ішінде ұлттық мәдениетке
қатысты мәдениеттанушылар мен этнографтар Ю.В. Бромлей, Н.Н. Чебоксаров, 
В.И. Козлов т.б. кең көлемде зерттеулер жүргізген. Демек, мәдениет дегеніміз- 
қоғамның өмір сүруінің міндетті қызметі екенін аңғарамыз. 
Адамзат тарихының тас дәуірінен басталған қазақ халқының рухани 
мәдениетінің көзі, тууы, өмірге келуі, дамып, сабақтастық тауып сақталуы, сонымен 
бірге жалпы халықтық сипат алып, бүкіл бір этносты қамтып, кеңінен тарауы, оның 
біртұтас бөлінбейтін құбылыс екенін, біздің зерттеген тарихи-ғылыми 
талдауларымыз аңғартады. Осы құбылыстың бастауына көз жіберсек, қазақ 
халқының ертеде қалыптасқан үлгі-өнегесі, өрнегі мол, өркениетті ежелгі мәдениеті 
болғанын айқындайтын мағлұмат деректердің көп екенін байқаймыз. Оларды 
адамзаттың алғашқы мекендерінің бірі болғанын қазақ даласындағы қазба 
жұмыстарының нәтижесінде археологтарымыз жан-жақты қарастырған. 
Сол қазынаға халықты ие етіп
,
әділдік, әсемдік, кереметтей келісім мен 
үйлесім орнаған жарасты жақсы өмірдің кілті мәдениетке, рухани кемелділік пен 
біліктілікке қол жеткізу үшін мәдениеттің даму, өсу кезеңдерін, тарихын білудің 
маңызы зор екені даусыз да талассыз нәрсе. 


Мәдениет 
өзінің 
ішкі 
механизмдерімен 
адам 
тұлғасына 
бағытталғандықтан, оны өзін-өзі танып білу немесе адамның рухани
өмірбаяны деп есептелінеді. Мәдениеттің өмір сүруінің шарты, ол бір ұрпақтан 
екінші ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырылады. Сондықтан мәдениет өзін-
өзі тану мәселесін алдыңғы орынға қояды. Яғни, мәдениеттаным қабылдаудың, 
қағидалардың, түсініктердің жүйесі болып саналады да, солар арқылы 
мәдениетті трансляциялау үрдісі іске асады. Бұл жүйе адам тұлғасының өлшемі 
туралы мәдениетте жинақталған тиісті білімді, шеберлікті, тәжірибені 
қамтамасыз етеді. 
Ұлттық мәдениет әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық мәдениеттің 
құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағдайларда - ерте 
кезден батыс пен шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның 
орталық территориясындағы ұлы дала ареалында қалыптасты. Орталық 
Азияның халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірлерінен 
бастап мәдени дәстүрлері ғаламдық жалпыадамзаттық заңдылықтардың 
динамикасы ағымындағы социомәдени үрдістерді бастан кешіріп, номадизмге 
тән көшпелі мал шаруашылығының ықпалымен дамыды. Кейінірек толық 
құралып біткен жергілікті, төл дәстүрлер әртүрлі шекаралас, жапсарлас жатқан 
халықтар мен елдердің мәдени ықпалын бойына сіңіре отырып, қазіргі 
мәдениеттанымдық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей 
күрделі және біртұтас феномен - ұлттық мәдениетті дүниеге әкелді. 
XIX ғасырда қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушылар - 
Шоқан, Абай, Ыбырайдың өмірі мен шығармашылық қызметін, ғылыми 
әлемде әдетте ағартушылық деп аталатын идеялық бағытқа біріктіреді. 
Қазақтың алғашқы кәсіби ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов дарынды 
тарихшы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропаның ғылыми әлеміне 
танымал болды. Орыстың озық ойлы ғұламаларымен бірге алдыңғы қатарлы 
Батыс мәдениетінен нәр алған Шоқан өзінің «Сахарадағы мұсылмандық 
туралы», «Қашқария туралы жазбалар», «Үлкен қырғыз қайсақ ордасының 
ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтардағы шамандықтың іздері» және т.б. ғылыми 
еңбектерінде қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-
дәстүрін, діні мен тілін зерттеп, дала адамын сыртқы әлемге түсіндіріп кетті. 
Ы.Алтынсарин 
нағыз 
ағартушы 
ретінде 
өз 
қызметі 
мен 
шығармашылығында осы іспен тікелей айналысты. Ол өз халқын білімге, 
мәдениеттілікке, өркениетті елдер қатарына көрінуге шақырды. 
Қазақтың кейінгі рухани мәдениеті мен жаңа ұлттық жазба мәдениетінің 
негізін салушы философ - ақын Абай руханилықты, имандылықты, сезімді 
насихаттады [133]. Абайдың қара сөздеріндегі сипаттамалардан оны дәстүрлі 
мәдениет құндылықтарынан толығымен бас тартты деген пікір қалыптаспауы 
керек, оны осы өтпелі қоғам қайшылықтары тек ақын қылмай, ойшыл 
гуманист дәрежесіне де көтерді. Шығыс мәдениетінде батыс пен шығысты 
бірдей тербеген Абай көзқарастары қазақтың ойын алғаш рет әлемдегі даму мен 


өзгеруге, диалектикаға қатысты зерделеді. Егерде адам мәдениетін дүнижүзілік 
мұхитқа құятын ағысқа теңесек, онда дәстүрлер сабақтастығын қуат күшіне
бірлестіруге болады Абайдың ойынша дүниеде де, адам қуаты бір деңгейде 
болмайды, Абайдың идеясының мәні адамның өмірдегі орнын бағалау, білімге 
парасатқа сүйіспеншілігін көтеру. 
Абай ілімін жалғастырған қазақ халқының рухани мәдениетіне із 
қалдырған тұлғаның бірі - Шәкәрім. Ол өз қазақ халқының мәдениеті мен 
өркениетінің мәнін түсіндіруге талпыныс жасаған [24, 540 б.]. Сонымен қазақ 
ағартушылығы элитарлық бағытта жүрді, олар өмірдің дәстүрлік формаларын, 
рухани құндылықтарын игеруге шақырды. 
Ұлттық мәдениет дамуы барысындағы дәстүр мен жаңашылдық 
арақатынасын аша отырып, оның даму жолдарын анықтау барысында 
қазақстандық зерттеушілер ұлттық тарих пен мәдениеттің өте ертедегі 
қалыптасуына назар аударған. Орталық Азия территориясындағы негізгі 
этникалық және лингвистикалық субстрат түрінде көрінетін түрік дәстүрімен 
қатар, прототүріктік және оның арғы кезеңдеріндегі ирандық компоненттің 
ұлттық мәдениетке ықпалы зерттеу объектілеріне айналды. 
Мәдениеттанымда қалыптасқан салт-дәстүрлер жүйесінің негізгі 
ұғымдары тікелей ұлттық мәдениетінің бітімдік ерекшеліктеріне де 
байланысты. Әлемдік тарихи мәдени үрдістің динамикасын қарастыруда 
ғылыми әдебиеттерде калыптасқан бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар 
дамудың мынадай бөліктерінен ұсынады: 
- алғашқы қауымдық - тағылық – өркениеттік кезең ; 
- индустриалдыққа дейінгі - индустриалдық - кейінгі индустриалдық 
кезең; 
- алғашқы қауымдық - құл иеленушілік - феодалдық - капиталистік – 
коммунистік кезең. 
Бұл идеялар Еуропалық дамуға ғана тән, ал өзге батыстық емес 
аймақтарға, әсіресе қазақ мәдениетінің динамикасына мүлдем сай келмейді. 
Тіпті маркстік формациялық тұжырымдамадағы Шығыс қоғамдары үшін 
енгізілген азиаттық өндіріс тәсілінің өзі де отырықшылдық пен деспоттық 
мемлекеттік құрылымда негізделгендіктен көшпелі шаруашылық үрдіс басым 
болып келетін қазақтың тарихи дамуын сипаттай алмайды. Осыған орай әр 
мәдениеттің локальдық, аймақтық, ұлттық өзіндік ерекшеліктерін сақтай 
отырып, оларды бір жүйеге топтастыруға келгенде «мәдениеттер 
типологиясы» әдісін пайдаланған қолайлы. 
Типология - грек тілінен аударғанда «типос» - үлгі, пішін деген 
мағынада структурализм, мәдениеттану ғылымдарында қолданылатын зерттеу 
объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтаудың 
ғылыми әдіс-тәсілдері болып табылады. Мәдениеттанымда типология әртүрлі 
құрылымдық заңдылықтарды ашу, олардың негізіндегі архетипті анықтау, 
осының нәтижесінде идеалды типтерді құрастыру және оларды салыстырмалы 


тәсілдер арқылы түсіндірумен айналысады. Отандық ғылымдарда қазақ 
мәдениетінің типологиясын зерттеумен айналысушы ғалым, профессор 
Т.Ғабитовтың зерттеулеріне сүйене отырып [134, 13б.], дәстүрлі мәдениеттің 
ерекшелігін жоғалтпай, оны толығымен қамту үшін оның төмендегідей 
типтерін ұсынамыз: 
1. шаруашылық мәдени типологиясы; 
2. әлеуметтік типологиясы; 
3. діни дүниетанымдық типологиясы; 
4. көркем өнер типологиясы. 
Шаруашылық - мәдени типология қазақтың мәдениеті мен тарихын 
зерттеуде белгілі дәрежеде қоғамдық-экономикалық формацияның орнын 
алмастыра отырып, ғылыми әдістемелік қызмет атқарады. Шаруашылық-
мәдени тип ұғымы мәдениеттанымғы хронотоп түсінігіне жақын, ол 
әлеуметтік экономикалық дамудың бір деңгейінде тұрған қауымдастықтардың 
ұқсас табиғи ортадағы тарихи қалыптасқан біртектес шаруашылық пен 
мәдениет жүйесін бейнелейді. 
Қазақстан территориясы адамзаттың ертедегі дәуірлерінен, дәлірек 
айтқанда біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басынан бастап XX 
ғасырға дейін еуразиялық номадизмнің эпицентрі болып қызмет етіп келді. 
(«номад» — грек тілінен аударғанда көшпенді деген ұғымды білдіреді). 
Қазақ мәдениетінің дәстүрлік сипаты оның ұлт болып қалыптасуымен 
және өзіндік төл мәдениеттің пісіп-жетілуімен байланысты. Жиырмасыншы 
ғасырдың басына дейін көшпелі өмір салтын жалғастырғандықтан бұрынғы 
архетиптік түрік мәдениетінің басты құндылықтарын бойына толық сақтаған 
негізгі түріктік этностың біріне қазақтар жатады. Әдебиеттерде кездесетін 
кейбір пікірлерде орта ғасырларда Қазақстан территориясында (оңтүстік және 
оңтүстік шығыс аймақтарына қатысты) қала мәдениетінің гүлденуі, рухани 
мәдениеттегі жетістіктері туралы баса айтылады. 
Қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы мен кемеліне келу уақыты 
Алтын Орданың ыдырауы мен Қазақ хандығының өмір сүрген кезеңдері, яғни 
ХІV-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл тұста қазақ халқы көшпенділікке 
негізделген материалдық мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, 
рәміз-рәсімдерін, әдеп жүйесін, космогониясы мен дүниетанымдық 
синкретизмін онан әрі дамыта отырып, өзіндік ментальдық ерекшеліктерін 
қалыптастырады.
Сонымен, ұлттық мәдениетіміздің даму кезеңі «Алтын заманнан» 
бастап, қилы заманды басынан кешірді. Қазақтың ұлттық мәдениетіндегі 
осындай қарама-қайшылықты ерекшеліктерді қазақы өмір сүру тәртібін, оның 
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан көрінетін дүниетанымдық және 
меньтальдық ерекшеліктерін «қазақшылық» деген ұғымға сыйдыруға болады. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы мен оның ерекшеліктері 
мәселесін талдау дәстүрлі мәдениеттің дамуындағы трансформациялық 


кезеңдермен жалғасқанын көрсетті. XIX ғасырдағы қазақ даласы ұлы 
ақындарды, композиторларды, әншілерді, күйшілерді, тамаша шешендерді, 
жыршыларды, декоративті және қолданбалы өнердің шеберлерін таныта 
бастады. Бұл ғасырды өнер зерттеушілері қазақтың ұлттық өнерінің 
классикалық кезеңі деп атайды. Бұл кезең әсіресе, ән (ғасырдың бұлбұлдары 
Үкілі Ыбырай, Біржан-сал, Ақан сері, Мұхит, Әсет, Балуан Шолақ, Естай, 
Жаяу Мұса, Майра, Мәди т.б.) және күй (Құрманғазы, Тәттімбет, Ықылас, 
Дәулеткерей, Қазанғап, Сейтек, Дина т.б.) өнерлері ерекше дамыды. Бұл дәуір 
өнеріндегі қайталанбас эстетикалық құбылыс - сал-серілік дәстүрдің кеңінен 
таралуы. 
Зерттеушілердің пікірінше, із -түссіз жоғалып кететін құбылыс жоқ. 
Кеңестік этномузыкологияның негізін қалаушы К.Квитка ұлттық қазақ 
музыкасы туралы былай деп жазады: «Қазақтардың музыкасы таңқаларлықтай 
бай және алуан түрлі, ол жаңа батыс еуропалық кәсіби музыкасымен көптеген 
ұқсастықтары бар, алға шығатын музыка. Бұл әлі көптеген зерттеуші өзінің 
еңбек жолын осыған арнаға бұратындай мәселе». Көшпенділік өркениет қазақ 
даласының ғажайып өнер туындаларын дүниеге әкелуі оның ішкі рухани 
потенциалының зор мүмкіндіктерінен хабар береді. 
А.Қасабектің пікірінше, қазіргі кезеңде қазақтардың отырықшылыққа 
өтуі және экономикалық өмірі өзгергеніне қарамастан, халықтың 
психологиясы бұрынғыша байтақ кең далаға өз меншігіндей қарайды және бұл 
түсінік қазақ рухының мәні мен өзегі болып табылады [135]. 
Зерттеуші ғалым Т.Ғабитовтың пікірінше, дәстүрлі мәдениеттің 
архитипінде келесі — оазистік-дихандылық тип көшпелілікпен қатар дамыды 
[134, 63б.]. 
Ұлттық мәдениеттегі мұндай синкретизмді тарихшы ғалым Қ.Ақышев 
«қазақтардың орналасу территориясының контактілігімен» байланыстырады. 
Қазақтардың материалдық мәдениетінің символикалық сипаты мен 
оның ырымдарының түсіндірілуі Х.Арғынбаев [35, 109 б.] С.Қасқабасов [32, 
157 б.], А.Сейдімбек және т.б. еңбектерінде жан-жақты зерттелген. 
Көшпелі қоғамның ерекшеліктері жөнінде жоғарыдағы авторлардан 
бұрын кеңес дәуіріндегі белгілі ғалым, философ Д.Кішібековтің «Көшпелі 
қоғам» еңбегінде сөз болған еді. Қазақтардағы қауымдық тұтастанудың ерекше 
типі - жеті аталық үрдіс. А.Сейдімбектің айтуынша, қажеттіліктен туындайтын 
және ұлттың этнобиологиялық, этномәдени тұтастығын қамтамасыз ететін 
ғажайып тетік болып табылады [37, 313 б.]. 
Біздің пікірімізше, бұл үрдіс тарихи танымға негізделгендіктен, 
қазақтың шежірешілдігін ұлттық қасиет деуге де болады. 
Қазақтардың ұлттық мәдениетіндегі әлеуметтік-тектік қырлары 
отандық этнографтар мен мәдениеттанушылардың еңбектеріне зерттелген 
[136]. 


Көшпелі өмір сүру тәртібі отырықшыларға қарағанда мүлде өзгеше 
түсініктер мен құндылықтарды, өзге салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
қалыптастырады.Зерттеу барысында ұлтымыздың көшпелі өмірінде 
қалыптасқан мәдениетін саралай отырып, қайнар бастауын – фольклордан 
алатынына көз жеткіздік. «Фольклор» ұғымы неміс сөзінен аударғанда халық 
даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор поэзиямен тікелей байланысты, 
ал қазақтың бүкіл өмірі өлеңмен тығыз байланысты. Абайдың тілімен 
айтқаңда «Өлеңмен дүниенің есігін ашып, өлеңмен жер қойнына кірер денең» 
дегендей қазақтың әдет-ғұрыптары мен жөн-жоралғылары ауыз әдебиеті 
үлгілерінің мазмұнын қрайды. 
Т.Қоңыратбаева қазақ фольклорын былайша жіктейді: ертегілер, 
аңыздар, эпостық жөне лироэпостық жырлар, тұрмыс-салт жырлары (беташар, 
жар-жар, сыңсыма, қоштасу, тойбастар, бәдік, жарапазан т.б.). Ұлттық 
мәдениетке жетелеуші қазақтың көркем өнерінің басты саласының бірі - ән-
күй өнері. А.В.Затаевич қазақ даласын «ән-күйдің теңізі» деп бекерге 
атамаған. Өзге өркениеттермен салыстырғанда көшпенділердің ән-күй өнері 
ұжымдық 
орындаушылықпен, 
хормен, 
сахналық 
көріністермен 
байланыстылығы болмағанымен, есесіне домбыра мен қобызға негізделген 
аспаптық ән-күй ерекше дамып, таза және абсолюттік музыкаға жақындады 
[137]. Күй арқылы адам мәңгілікке жетеді. Ал қазақтың ән өнері өзінің 
мелодиялық сызбаларымен ерекшеленеді және онда симфониялық дамудың 
таусылмас мүмкіншіліктері бар. Қазақтың дәстүрлі ән өнері бүгінгі таңда да 
арнайы зерттеулерді талап ететіні сөзсіз [36, 11 б.]. 
Ұлттық мәдениеттің келесі тармағы қазақтың сәнді - қолданбалы өнері. 
Сәнді - қолданбалы өнердің арғы тегі - сақ мәдениетінің негізгі арқауы болған 
аң стилі өнері. Бұл стиль әшекейлі өнердің жоғарғы шегіне жетіп қана қоймай, 
белгілі бір таңбалық және мағыналық ақпараттық белгілерді білдірді. Өзге 
мәдени ортада тарихи сабақтастыққа орай қазақ мәдениеті өзіндік белгісін 
қалдырды. Ал дәстүрлі шығармашылықтағы бейнелеу өнерінің философиялық 
мәселелері белгілі ғалым Б.Байжігітовтің еңбегінде терең қарастырылған 
[138]. 
Жаратылысты танушы басты субъект - адам. Ал адамға тіл мен дін тән. 
Ұлт - тіл, мораль және өнер салалары тұрғысынан ортақ тәрбие алған 
адамдардан тұратын бірлестік. Әр ұлттың патриоттық сезімдерінің ерекшелігі 
де осында. Түрік жамағаты мұны «тілі - тіліне үйлесетін, діні - дініне 
үйлесетін», яғни әр адам қаны бір адамға қарағанда тілі, діні ортақ адамдармен 
ортақ өмір сүруді қалайтынына мән берген. 
Тіл - кез-келген мәдениеттің шешуші белгілі кодтық жүйесі болып 
табылады және онда барлық мәдени мұра сақталады. Кеңестік дәуірде 
қазақтың ұлттық тіліне орасан зор нұқсан келтірілді. Бұл оның ықпал ету 
өрісін тарылтып, ұлттық мәдениет әлеуетін құлдыратуға әкеледі. Бұл 
қайшылықтың түбірі, ең алдымен осы өркениеттің технологиялық және 


индустриялық болуында еді. Бұрынғы рухани өмір енді технократиялық 
факторлармен, дәлірек айтқанда техникамен, компьютерлермен, жоғары 
технологиямен анықталды. Егер мәдениеттің түбірін ұлт пен адамзаттық 
құндылықтар 
құраса, 
өркениет 
космополитті, 
прагматизм 
мен 
тұтынушылыққа негізделеді. Екіншіден, ұлттық мәдениет рухани 
құндылықтарға иек артса, ал бұқаралық мәдениет қатынастарына сүйенеді. 
Осы тұрғыда ұлттық мәдениеттің тұғырлы негізі ретінде рухани 
құндылықтарға ерекше назар аудару қажеттілігі туындайды. 
Ағылшынның қазіргі заманғы әлеуметтанушысы Энтони Гидденс 
пікірінше, мәдениеттің құндылығы, адамдардың кейбір топтары жасаған 
нормалардан, өмір талаптарынан материалдық өндірістерінің негізінде пайда 
болатын идеялардан тұрады. Жоғарғы құндылық ретінде абстаркциялық идеял 
жатады, ал нормалар болатын болса, олар адамдар өздері өмір бойы орындайтын 
қағидалары мен ережелердің жиынтығы дейді. 
Құндылық бағдар, ізгілікті қатынас, рухани құндылықты бағалау, 
тілеулестік, үміттену, ықылас - ниеттілік сияқты категориялар адамдардың өмір 
сүруіне өте жағымды. Егер мәдениетті тек қана жағымды құндылықтардың 
жиынтығы деп есептесек, ал барлық негативтік, деструктивтік, қауіптілік, т.б. 
есепке алып, мәдениет емес деп бағаласақ, онда мәдениетке деген көзқарасымыз 
шамадан тыс болар еді. Оның бергі жағында, саяси мәдениеттің шеңберінде, 
тәрбие дидактикасының мәселелерін шешкенде ол өзінің эвристикалық және 
қорытындылық қасиеттерін көрсетеді. 
Құндылықтардың мәні мен мазмұны көне заманнан бүгінгі күнге дейін 
философтар, 
психологтар, 
педагогтар 
мен 
әлеуметтанушылар, 
мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам ерекшеліктері мен 
сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені жалпы адамзаттық 
құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сол 
себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам 
тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т.б. 
мәселелер ғалымдарды толғандырып отырған өзекті мәселе. 
Еліміздегі 
нарықтық 
экономика 
жағдайында 
мінез-құлықтағы 
бәсекелестік қабілетті қалыптастырудың жаhандану заманында сұранысы артып 
отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық 
өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты – 
коммуникативтік, жаңашылдық үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтары 
жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен, құндылықтарға 
бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті 
қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-
бейнесі болып табылады. 
Құндылық – ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, 
қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені 
тарихи-педагогикалық 
әдебиеттерде 
айқындалған. 
Монографиялық 


зерттеулерде, 
философиялық, 
психологиялық, 
ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерде «құндылық», «адамгершілік құндылық», «жалпы адамзаттық 
құндылық» ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар берілген. 
Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар, пікірлер 
де әртүрлі болған. Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда 
аксиология жауап беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен «ахіс» - құндылық 
және «logos» - «ілім» деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы 
құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы 
мәселелерге жауап береді. 
Аксиология философиялық зерттеу мен және оны талдауы бойынша 
болмыс ұғымының екі элементке ыдырауынан туындап: құндылық және 
нақтылық, талап пен ұмтылыс нысаны ретінде қарастырылады. Аксиология 
ғылымының мақсаты - болмыстың, жалпы құрылымындағы құндылық 
мүмкіндігін және оның нақтылық ойының айғақтарына деген түсінігін, 
қатынасын, байланыстарын көрсетіп ұғымдарын қалыптастырады. 
Немістің ұлы философтары И.Кант және Г.Гегель құндылықтар ұғымына 
танымдық талдаулар жүргізген. Мысалы, И.Кант аксиологиялық түсініктерді 
қалыптастыру үшін қоршаған әлемді ойша нақты және идеалды деп екіге бөлген. 
Адам алдына қойған мақсатына жету үшін ол факторлардың ықпалына, 
мәнділігіне қатысты деген ойларда болған. Олай болса, құндылықтар теориясы 
алуан түрлі түсінік, ой, көріністер арқылы туындап, оның философиялық сипаты 
қалыптасады. 
Қазіргі жаһандану кезеңіндегі ұлттық тәрбиенің теориялық-
әдіснамалық негіздерін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға сүйене 
келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен адам, еңбек, білім, отбасы, ұлт, 
бейбітшілік, жер, отан, мәдениет құндылықтарына, ерекше назар аударылды. 
Өмірлік тәжірибеде құндылықтар тізіміне, қазіргі кезеңдегі басты тұлға, 
басты капитал жасампаздықтың иесі, гуманистік бағыттағы жан, ең маңызды 
құндылық иесі – адам екендігі даусыз. Жер бетіндегі барлық заттар, бүкіл 
адамзаттық мәдени мұралардың ең ізгі құндылықтар адам қолымен, ақыл-
ойларының нәтижесінде жасалған. 
Құндылықтар проблемаларын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан 
зерттеген Р.К.Төлеубекова оны өзі ұсынған тұжырымдамасы мазмұнында 
баяндаған. Сонымен қатар, Н.Д.Хмель [139], Р.К.Төлеубекова [140], 
Л.А.Байсерке [141], А.А.Калюжный [142], В.А.Ким [143], Э.А.Орынбасарова 
[144] т.б. зерттеулерінде бұл мәселенің мазмұндық бір-біріне ұқсастығын, 
адамзаттық құндылықтарға авторлардың ортақ көзқарастарын көреміз. 
Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, құндылық зат та, 
нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам мәдениетінің 
қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз – 
ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, 


белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық 
тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды. 
Қазіргі таңда тәрбие мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани 
әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында елеулі ізденістер жүргізілген. 
Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы 
адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, 
әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу Г.А.Уманов [145], Н.Д.Хмель [139, 
с.53], Қ.Б.Жарықбаев [146], А.А.Бейсенбаева [63, с.141], С.А.Ұзақбаева [147] 
және т.б. жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі пікірге 
келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті: 
- іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілеттер мен 
қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін, 
әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үрдіс; 
- адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының 
жай жиынтығы емес; 
- тұлға денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, 
ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. 
Бүгінгі күндегі тұлғаның бойындағы құндылықтарының мәні мен 
мазмұнына: 
- жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына тән 
құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге, қол жеткен 
ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу үрдісінде қолдануға, жаңашыл, 
қайырымды, туған елін, жерін отбасын, Отанын сүйетін және олардың 
алдында парызын түсініп, бар құндылықтарды толықтыра түсетін, табиғатқа 
қамқорлық; 
- еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер, жауапкершілігін 
түсінетін, өзіне-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын, 
қоғам – адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген, білім мен ғылым негіздерін 
сапалы игеріп, болашақта шығармашылық деңгейді көрсете білу; 
- дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты, талғампаз, 
батыл, өжет, салауатты, Отанын қорғауға даяр, жеке бас гигиенасын 
сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын, зиянды әдеттерден аулақ, 
салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді 
бойына сіңірген әлеуметтік белсенді тұлға болып өсуіне қол жеткізу. 
Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау 
құндылығы арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде 
игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, оның бағдарына ие болады. Осыдан 
келіп, адам өз бойындағы қасиеттерді, өзін-өзі айқындау арқылы басқалардың 
адамгершілік бағдарын және құндылықтары негізінде іс-әрекеттері мен 
қарым-қатынасын ұйымдастыруын салыстырады, әрекеттер мен мінез-
құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды 
анықтайды. 


Құндылықтардың қалыптасуы мынандай рефлексивті әрекеттерді: 
құндылықтарды талдау, салыстыру, қорытындылау арқылы жүзеге 
асырылады.Талдау, салыстыру, қорытындылау амалдары құндылықтары мен 
іс-әрекетті сынау, интериоризацияланған құндылықтар негізінде мінез-құлық 
пен әрекетті қайта жобалау, жоспарлау, тиісті қорытынды жасау деген пікірге 
алып келеді. 
Рефлексивті әрекеттерді игерудің нәтижелігі тұлғаның өмірлік 
мәселелерді, адамгершілік-этикалық жағдайдағы қарама-қайшылықтарды 
тиімді шеше алуынан байқауға болады. Олай болса, өмірдегі нақты 
жағдайларды талдау, салыстыру рефлексивтілікті дамытатын жолдарды
ойластыру және ұжым болып оңтайлы жолды іздеу жағдайларын қарастыру 
мәнділігімен сипатталады. Өмірде күрделі жағдайларда ең дұрыс жолды
табу, әрине, күрделі, рефлексивті әрекеттер, амалдар үдерісін қолдануға тура 
келеді. 
А.И.Титоренко: «Құндылық бағдар - бұл моральдық түсініктің жалпы 
бағалаушылық тұрғыдан оқушының ынтасын туғызып, оның әрекетін 
қамтамасыз етуші білік, мінез-құлықтың мақсатты бағытта реттелуі» деген 
анықтама береді. 
Құндылық бағдар күрделі психикалық жаңа құрылым ретінде екі 
құрамды бөліктен тұрады. Бірінші құрамды бөлік- қажеттілік, оның басты мәні 
тұлғаның өз өмірінің басты мақсаты мен оларды қанағаттандыру сияқты іс-
әрекетке талаптанудан өзін-өзі танып, мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі 
тәрбиелеу. 
Құндылық бағдардың екінші бөлігі - жеке тұлғалардың басты мән-
мазмұны нысанының бағалау белгілері оқуда және еңбекте, шығармашылықта 
жетістіктерге жету арқылы құрылады.Құндылықтардың рухани белгілерін өз 
нысаны ретінде жобасын, жоспарын ұйымдастыру, түзетулер енгізу, ойлау, 
көріністі талдау, т.б. белгілері арқылы қабілеттері дамуы. 
Адамгершілік, жақсылық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық, 
кішіпейілділік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, әдептілік, 
имандылық, инабаттылық барлығы бірімен-бірі тығыз байланыста екендігін 
өмірлік тәжірибелер анықтап отыр. Сондықтан оқудағы, еңбектегі 
жетістіктерді талдаудың негізгі құралы адамгершілік құндылықтарының жеке 
ойлау түсінігінің динамикасы тұлға санасында тиянақты орын алып, жан-
жақты қалыптасуына жағдай туады. 
Қазіргі 
қоғамдық 
жағдайда 
адамның 
рухани 
құндылықты
қалыптастыруды басты міндет ретінде қарастыруда. Бұл міндетті шешудегі 
маңызды істің бірі рухани тәрбиені, ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық мінез-
құлық, ұлттық дамуды қалыптастыру. 
Педагогика ғылымында адам қоғамының басты құндылығы және 
қоғамдық дамудың өзіндік мақсаты мәдени - рухани құндылықтармен ашылады. 
Құндылықтың нормалардан кейін жүрсе де, олардан бір айырмашылығы 


жоғары деңгейде объектілерді, хал-жағдайды, қажеттілікті, мақсатты таңдауды 
түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты, 
ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сисыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, 
рұқсаттылық пен тиым салушылықты, мәнді мен мәнсіздікті ажыратуға 
көмектеседі.
Педагогикалық құндылықтар адамның жеке құндылықтары ұғымынан 
тыс өмір сүрмейді. Қоғамдағы әлеуметтік рухани сфералар өзара әсер етуі 
нәтижесінде жалпы даму өзгерістеріне әкеледі. Мәдениеттің барлық жүйелері, 
соның ішінде білім беру үрдісі де дамудың тұтас динамикалық жүйесін құрайды. 
Жоғарыда көрсетілген зерттеулер қазақтың көпқырлы ұлттық 
мәдениетінің барлық салаларын қамтиды деп айтуға болмайды. Тоталитарлық 
жүйе ықпалымен ұзақ уақыт бойы трансформациялық үрдісті бастан кешірген 
соң, бүгінгі күні мәдениет пен дәстүрге қайта бет бұру бұл мәселенің әлі де 
іргелі түрде зерттелуін қажет етеді. 
Бүгінгі күні дәстүрді қайта жаңғырту және оны жаңартулармен 
үйлестіру өзекті мәселеге айналғандықтан өзіндік сара жолды анықтау 
барысында отандық зерттеушілер ұлттық тарих пен мәдениеттің өте ертедегі 
негіздеріне талдау жасауда. Қазіргі уақыттағы басты міндеттеріміздің бірі - 
ұлттық мәдениетті заман талабына сай өзгерте отырып, модернизацияны 
жүзеге асыру болып отыр. Өтпелі кезеңнің қазіргі жүргізіліп отырған 
реформалары мен өзгерістерінің табысты нәтижеге жетіп, экономикалық 
серпін жасау үшін қоғамның барлық құрылымдарын қамтитын және 
біріктіретін жалпы ұлттық идеяның қажеттілігі де осы шарттардан туындайды. 
Осы тұрғыда қазақ зиялыларының мәдениет туралы көзқарастарын 
негізге алып, ғылыми әдебиеттермен арақатынасына көңіл аудардық. Қазіргі 
уақытта 
бұл 
проблемаға 
философтар 
Ж.М.Әбділдин, 
Қ.Ә.Әбішев, 
Қ.Ш.Нұрланова, А.Қасабек айрықша мән береді. Олар «адам- қоғам- адам» 
жүйесіндегі рухани құндылықтар, мәдениет дәстүрлерінің байланыстарын 
ашып көрсетеді. Г.К.Шалабаева мәдениет құрылымының әлеуметтік- мәдени 
аспектісі еңбек мәдениетімен, тұрмыс мәдениетімен, дене, ғылым, мораль 
мәдениетімен байланысын көрсетеді [148]. 
Мәдениетті зерттеу барысында оның екі бағыты бөлініп шыққанын 
айтуға болады, яғни адамгершілік пен истинкттер тұжырымдамасы және 
құндылықтар тұжырымдамасы. Соңғы бағыттың өкілдері В.Дильтей, 
В.Виндельбанд, Г.Риккерт және т.б. адамның мәдени өмірін сипаттау 
барысында нақты ғылыми тәсілден ерекше идеографиялық тәсілді қолданды. 
Аксиологиялық яғни, құндылықтар туралы ілім мен мәдени-психологиялық 
зерттеулердегі мінез-құлық, менталитет, этнопсихологиялық ерекшелік деген 
терминдер өзекті зерттеу объектілері болып саналады. Әлемдік ғылымдағы 
бұл бағыт А.Кардинер, Р.Линтон, В.Смит, С.С.Саргент, М.Мид, О.Бенедикт 
және т.б. есімдермен байланысты [149]. 


Ұлттық мәдениет ұғымына толық түсінік беру үшін алдымен «этнос», 
«этникалық сана», «салт-дәстүрлер жүйесі», «дәстүрлі мәдениет» ұғымдарына 
ерекшеліктеріне талдау жасау маңызды. Бұлар гуманитарлық ғылымдар 
саласындағы негізгі түсініктер қатарына жатады. 
Ұлт - тарихи-мәдени факт болғандықтан кез-келген мәдениеттің түбірін 
құрайды. Этнологияда қалыптасқан дәстүр бойынша мәдениет ұғымы этносты 
құрайтын қауымның қоғамдық қатынастары түсінігімен өте ұқсас. Сондықтан 
да әлеуметтік антропология мен мәдени антропология арасындағы 
айырмашылық шартты деп саналады. 
«Этнос»
 
термині ежелгі грек тілінде «қауым», «топ» деген ұғымды 
білдіргенімен, ол дәл қазіргі мағынасында ғылыми әдебиеттерде XX ғасырдың 
бас кезінен қолданыла бастады (Ж.Денникер, М.Вебер, С.М.Широкогоров) 
[150]. Бұл ұғымның даму эволюциясындағы қазіргі мағынасы үстіміздегі 
ғасырда «үшінші әлем» елдері мен халықтары ұлттық санасының жаппай 
оянуымен, кейінгі кеңестік ортадағы «этникалық ренессанстың» әсерімен 
ұлттық және этникалық мәселелер жаңа мәнге ие болып, этнология 
ғылымының жаңа сатыға көтерілуіне байланысты кеңейе түсті. Ғылыми 
әдебиеттерде этнографияның категориялық аппаратын жүйелеген Ю.Бромлей 
этностың қалыптасуында әлеуметтік факторға баса назар аударса [151], 
Л.Гумилев этносты табиғи ландшафтқа бейімделуші биологиялық түр ретінде 
қарастырады [101, с.81]. 
Қазіргі қоғамдағы қалыптасқан ұлттық байланыстар, ұлттық мәдениет 
және ұлттық мұра мәселелері ресейлік және қазақстандық авторлардың 
еңбектері мен мақалаларында философиялық және әлеуметтанымдық тұрғыда 
зерттеле бастады: Э.Баллер [152], Н.Елікбаев [153], А.Қасымжанов [154] және 
т.б. Осы деректерге сүйене отырып, этнос ұғымын төмендегідей түсіндіреміз. 
Этнос - тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы, ол 
тілдің, территорияның, шаруашылық және мәдени өмірдің, психикалық-
гомогендік жүйенің бірлігімен ерекшеленеді. Этностың қалыптасуына 
географиялық (табиғи орта), әлеуметтік (әлеуметтік құрылым түрінде), 
социобиологиялық (антропологиялық тип) және экономикалық (шаруашылық 
үрдіс) факторлар ықпал етеді. Осы факторлардың әсері мен қоршаған ортаға 
бейімделудің, оларды өндірістік қолданудың нәтижесінде ортақ тіл, мінез-
құлық, әдет-ғұрып, тұрмыстық және психикалық сипаттамалар құралады. 
Ғылымда этнос және ұлт ұғымдары бір мағынада қолданылғанымен екі 
түсінік арасындағы айырмашылықты байқауға болады. Егер этнос бүкіл 
әлемнің тарихы бойына өмір сүрсе, ал ұлт
 
жаңа дәуір мен қазіргі заманда 
қалыптасады, ғасырлардың маңызды феномендерінің қатарына жатады. Іргелі 
мәдениеттаным тұжырымдамалары бойынша ұлттық қауымдастық тілдің, 
діннің, наным-сенім, тұрмыс пен тарихи тағдырдың ұқсастығымен 
сипатталатын халықтың өзін-өзі қалыптастыруы арқылы пайда болады. 


Ұлттық мәдениет гомогендік этникалық қауымдастықтың тар 
шеңберімен шектелмейді. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуы мәселесінде 
отандық мәдениеттанушы ғалым С.Т.Темірбеков: «Қазақтардың басым 
көпшілігі аграрлы халық қатарына жатады, олар рушылдық, трайбалистік 
қатынастарды жоюға жағдай жасайтын индустриалды қалалық мәдениеттің 
қазанында қайнаудан өткен жоқ, нарықтық өркениет тәжірибесі жоқтың қасы. 
Технологиялық менталитет қалыптаспаған. Демек, қазақтардың ұлттық 
консолидациялану үрдісі әлі де жалғасуда», - деген пікір айтады [155]. 
Жоғарыда келтірілген этносты немесе ұлтты құрайтын негізгі 
сипаттамалардың қатарына этникалық өзіндік сананы өз этносына тиесілі 
сезімін жатқызамыз, онсыз бұл анықтама жеткіліксіз болар еді. Бұл этникалық 
мәдениеттің негізгі өзегі болып табылады, егер этникалық сана қалыптаспаса, 
онда ол қауымдастық өзінің бірлігінен айырылады. Этникалық сананың 
маңыздылығы халық санағы немесе тұрғындарды бұқаралық статистикалық 
есепке алудың әртүрлі формалары барысында оның тілді де ығырыстырып, 
негізгі этникалық анықтауышқа айналуынан да көрінеді. 
Ұлттық сананың қалыптасуы этностың тарихи дамуымен тығыз 
байланысты болуымен қатар оның ерекшелігі сананың тұрақтылығымен 
сипатталады. Әрбір ұлттың бойындағы этноцентризм
 
көріністерін әлемдік 
мәдениет 
тарихынан 
көптеген 
мысалдармен 
келтіруге 
болады. 
Этноцентризмнің қазіргі заманға дейін үстемдік етіп келген еуроцентризмге 
ұласты. Ұзақ уақыт бойы тарихқа еуроорталықтық көзқараспен үңілудің 
салдары, мәдениеттанушы-зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің айтуынша 
«сананың улануына... оның құлдығына, ұрпақтың рухани жарымжанға 
айналуына, ақиқаттың жартыкештенуіне, этникалық мәңгүрттенуге» алып 
келді [37, 298 б.]. 
Ұлтымыздың мәдениетіндегі этноцентризм көріністеріне көз жіберіп, 
оның ерекшеліктерін анықтасақ, қазақ этноцентризмнің қалыптасуына өзге де 
факторлармен қатар, ерте және орта ғасырларда Еуразия далалы аймағын 
мекен еткен көшпелі қоғамдардың дүниетанымдық, саяси конфесссиялық 
идеологиялары әсерін тигізіп, ізін қалдырғанын батыл айтуға болады. 
Орхон-Енисей 
жазба 
ескерткіштеріндегі 
(Күлтегін, 
Тоныкөк, 
Білгеқаған) патриотизм және бұл әдеби ескерткіштерге тән аристократизм, 
экспансивтілік және орталыққа ұмтылушылық мәдениеттанушы Ә.Қодардың 
еңбегінде сөз болады [156]. 
Қазақ этноцентризмінің ерекшелігі ондағы этатизмнің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет