қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, іскерліктер мен дағдылардың
меңгерілуінің жүйесі [122]. Оны тұтас жүйе ретінде сараптау қажеттігін
көрсете отырып, В.С.Леднев білімге мынадай анықтама береді: «білім
-
тұлғаның қасиеті мен сапасын өзгерту үрдісінің мазмұны, оның қажетті
шартты, ұйымдасқан әрекеті [123]. В.С.Ледневтің дәлелдеуі бойынша, білім
құрылымын құрайтын білімді негізгі салаларға және бірізді сатыларға
жіктеуге негіз болатын, танымдық деңгейдегі факторлар; олардың теориялық
және практикалық бөліктері бөлінетінін ескеру мен жалпы, политехникалық
және
арнайы білім мазмұндарының құрылымын анықтайтын факторлар;
арнайы оқу орындарының білім мазмұнын айқындайтын факторлар.
Білім екі түрлі дүниенің бірігуінен пайда болады. Тіл, дәстүр,
адамгершілік, діни нанымдар, әлеуметгік өмір нысандары, поэзия, музыка,
көркем-өнер туындылары мен ғылыми жоне философиялық шығармалар, тіпті
кең үғымды техника сияқты адамзаттың ақыл-ой құндылықтары да солардың
қатарына жатады. Өзінің даралығымен ерекшеленетің жеке тұлғаның ішкі
рухани өмірі басқа әлемге жатады. Білімнің мүндай кең ұғымында оның сол
қоғамдағы рухани мәдениеттен ажырамас байланысы ескеріледі. Тар ұғымда
білім адамның жетілу деңгейі мен дамуы арқылы ассоциацияланады [116,
78б].
Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, тұтастық жағынан
жоғары білім мен жоғары мектепте оқыту теориясы болатын білім жүз жылдан
астам уақыттан бері қалыптасу кезеңінде (2-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: