Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет160/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер
67425079.a4, 67425079.a4
ару, жүдеу» 
мағынасында қолданылатын 
«
жілік майы таусылу, жілігі татымау»
деген тұрақты тіркестерді жиі 
кездестіреміз.
Бұл тұрақты тіркестің мəнін атты күтіп, баптаумен байланысты 


166
қарастырсақ, қазақ атбегілерінің тұлпардың жілік майының толуына 
ерекше назар аударғанын байқаймыз.
Осы тұрақты тіркестердің қалыптасуына негіз болып тұрған сөз 
– жілік. «Жілік» жан-жануарлардың қол-аяғында болатын негізгі он 
екі мүшенің жалпы аты. Жілік өз ішінен 
асықты жілік, кəрі жілік, ор-
тан жілік, тоқпан жілік
деп бөлінеді. Ендеше, осы тұрақты тіркестің 
қалыптасуына негіз болған қай жілік?
Қазақтың бұрынғы тəжірибесінде жүйріктігіне əбден көз жеткен 
сəйгүліктің қасына бір құрбандық жылқы қосып жіберетін болған. Неме-
се ұзақ шабысты, қан майданнан арып шыққан тұлпарды бағым-күтімге 
алғанда, оның қасына басқа ат қосып, екеуін бірдей жағдайда ұстап, 
екеуін бірдей күткен. Арыған тұлпардың жіліншігіне май толды-ау деген 
кезде немесе сəйгүліктің жілік майының ағарып, жаратуға жеткен-жет-
пегенін анық білу үшін оның жанындағы бірге оттап, бір жүрген қосар 
жылқыны сойып көреді. Егер жілік майы ағарып, шынылана бастаса 
ғана сəйгүлікті жаратуға кіріседі, оның қасындағы қосалқы атты сойып, 
жіліншігін шағып қарау тəжірибесі кең жайылған. Кəнігі атбегілер аттың 
жіліншік майы толып, ешбір қара дақсыз, аппақ болып біткенін көргенде 
ғана, күтімдегі тұлпардың күйіне көңілі толған. Яғни о баста «жілік майы 
таусылу» немесе «жілігі татымау» тұрақты тіркесі жіліншік майының 
толуына байланысты қалыптасса керек. 
Жіліншік – аяқтың тізеден төменгі жіңішке сүйегі. 
Жілік майы 
таусылуға
ұқсас қырғыз тілінде 
жилиги үзүлүү 
тіркесі бар. 
Ол туралы қырғыз ғалымы былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет