5.2 Мағыналас фразеологизмдер * Тілдегі парадигматикалық қатынастардың ең айқын көрінетін жері
синонимдер. Синонимдер тіл байлығын көрсетеді. Тілдің лексикалық
жəне фразеологиялық қорында айтушының қолданыс ыңғайына қарай
мағыналас, мəндес айтылатын сөздер мен тұрақты тіркестер бар. Мəселен,
тұрақты тіркестер де – лексикалық синонимдер сияқты мағына тепе-
теңдгі мен реңктеріне жəне стильдік ерекшеліктеріне қарай жұмсалатын
фразеологизмдердің семантикалық категорияларының бірі.
Əдетте сөздер бір-біріне синонимдер болу үшін бір сөз табынан бо-
луы тиіс деген қағида бар. Сонымен қатар, мағыналас сөздердің реңк
белгісінде айырмашылық болу керек деген тілдік талаптар қойылады.
(Синонимдер сөздігі. 13 б.) Олар: