176
Жаны шыға жаздау – Жаны шығып кете жаздау
Фразеологиялық тіркестің бір сыңары қосарлану арқылы:
Құлындай тебісіп өсу – Құлын-тайдай тебісіп өсу
Танауы желбіреу –Танауы желп-желп ету
Фразеологизмдердің варианттылығы қалай десе де стиль мен нормаға
тығыз байланысты. Фразелогизмнің мағынасына нұқсан келтірмей
өзгертіп айту үшін де белгілі бір тілдік нормадан, қалыптан аспау керек.
Фразеологиялық қордағы вариант фразеологизмдердің түрлері əдеби нор-
ма тұрғысынан қалыпқа түсіріліп отырады. Бұл көбінесе көркем мəтінде
жазушы шығармалары арқылы жəне бұқаралық ақпарат құралдарында
берілуі де назардан тыс қалмауы тиіс. Əдетте фразеологизмдердің ок-
казионал қолданыстары кездеседі. Бірақ оның да стильдік қызметі бо-
лады. Бұлар поэзиялық, прозалық шығарма тілдерін талдағанда бірден
байқалатын құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: