Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет116/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

214. Дәл нысанаға
Ойыншылар саны:10-20 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: доп, кеглилер.
Ойынға дайындық: ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді. Қатысушылар алаңның екі шетінде тұрады. Ортадағы сызыққа 7-8 кегли тігіледі.
Ойын мазмұны: белгі бойынша ойынды бастайтын топтың ойыншысы допты еденмен домалатып немесе лақтырып ортадағы кеглилерге дәл тигізіп құлатуы керек. Әр құлаған кегли бір ұпай болып саналады. Әрбір ойыншы допты екі рет лақтырады. Допты барлық ойыншы лақтырып болғаннан кейін, келесі топ ойыншылары жалғастырады.
Ойын ережесі: қашықтықты қалауынша ұзартып, қысқартуға болады; сызықты басып лақтыруға болмайды; тек белгі бойынша лақтыру керек; құлаған кеглилерді кезекпен барлық ойыншылар тұрғызуы керек.
Ойынның басқа нұсқасы: ойыншылар араларынан екі капитан сайлайды. Қалғандары екі командаға бөлінеді. Ойын алаңның ортасына бес алты кеглиді өте жақын етіп орналастырады. Ол кеглилердің қасында бірінші команда ойыншылары шашырап жүреді, олар күзетшілер болып саналады. Кеглилер тұрған жерден алшақта екінші команда ойыншылары қолдарына допты ұстап, бір қатар болып тізіліп тұрады, олар соққыштар болып саналады.
Ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін доп ұстап тұрған соққыштар қолдарындағы допты лақтырып, жүгіріп жүрген күзетшілерді соғып, ойыннан шығаруға тырысып, кеглилерді құлата бастайды.
Ал күзетшілер алаңда жүгіріп жүріп, өздеріне бағытталған допты дарытпай, құлаған кеглилерді қайта орындарына тұрғызып жүреді. Доп тиген күзетші ойыннан шығады. Ойын ретпен барлық күзетшілер ойыннан шыққанша немесе арнаулы бір уақыт арасында аяқталады.
Ойын соңында допты өзіне тигізбей кеглилерді орнына көп тұрғызған күзетші мен күзетшілерге допты көп тигізген мерген анықталады.
Ойынды жалғастыру үшін командалар орын ауыстырады.
Ойын ережесі: соққыштар барлық допты бірдей лақтырып күзетшілерді соғуына болады; соққыштар допты бір мезгілде лақтыруына да болады, допты күзетшілер қағып алуына болмайды.
215. Тоқта
Ойыншылыр саны: 10-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: волейбол добы.
Ойынға дайындық: ойыншылар үлкен шеңбер жасап, жүргізушіні ортаға алып тұрады. Жүргізушінің қолында валейбол добы болады. Ойыншылардың әрқайсысына нөмір беріледі.
Ойын мазмұны: жетекшінің белгісі бойынша жүргізуші допты жоғары лақтырып, ойыншыларға берілген кез келген нөмірді айтады. Аталған ойыншы шеңберден жүгіріп шығып, допты қағып алуы керек. Осы уақытта қалған ойыншылар алаңға жүгіріп қашады. Допты қағып алған ойыншы тоқта деп дауыстайды. Барлық ойыншылар орындарында тоқтап тұрып қалуы керек. Жүргізуші өзіне жақын не алыс ойыншыға допты лақтырып тигізуі тиіс. Ойыншы допты қағып алса, ары қарай нөмірді айтып, ойынды жалғастыра береді. Тигізе алмаса қайта жүгіріп допты қолына алады да тоқта деп дауыстайды. Егер де доп ойыншыға дәл тиіп басқа бағытқа ұшып кетсе, доп тиген ойыншы допты алып, тоқта деп дауыстауы керек. Ойын осы ретпен жалғаса береді.
Ойын ережесі: тоқта деген пәрменнен кейін жүруге, жүгіруге болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар: жүргізуші допты лақтырған кезде ойыншы өзіне допты дарытпауына әрекет етуіне болады.
Ойынның педагогикалық маңызы: ойын допты лақтыру, қағып алу дағдысын қалыптастырады. Ойын оқушылардың шапшаңдық, ептілік, дене қабілеттерінің жетілуіне, бағдарлауға, тез шешім қабылдауға тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет