Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет79/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

136. «Қаһарлы-Бану»
Ойын қазақ халық ертегісінің мазмұнында қалыптасқан. Ойынға жиылғандар, жайғасып отырған соң, ойын жүргізуші ойынның мазмұнын баяндайды. «Баяғыда анасынан жастайынан жетім қалған Қаһарлы атты жігіт бір байдың қолында күнелту үшін жалшылықта жүреді. Өмір бойына қарны тойып ас ішпеген, иығына жақсы киім кимеген жас Қаһарлы байдың Бану деген қызына ғашық болады. Қыз да өзінің Қаһарлыны сүйетіндігін білдіреді. Бұларды қоғамдық жағдай қоспайтындығына көздері жеткен екі ғашық бір күні түнде Қаһарлының әкесінен мұра болып қалған жалғыз сиырына мінгесіп дала шөлін аралап кете барыпты. Содан шөл далада қол ұстасып жүрген уақытта сиырын сойып жеп, күн кешіпті-міс, – деп ойын жүргізуші сөзін тамамдай келіп, ойыншыларға енді мен аяқтамаған махаббат әңгімесін сендер өздерің жалғастырасыңдар, қазір Қаһарлы мен Банудың сиыр етін қалай мүшелеп жеп күнелткендеріне тоқталайық», – деп, ойыншылардың көңілін аулайды.
Содан соң ойын жүргізуші: Ал ойнаушы қауым, сіздерге жаңағы Қаһарлы мен Банудың мүшелері бойынша әр мүшеге ат қойып шығып, қастарыңа барып, әр түрлі сұрақтар қоямын, сонда күлмей отырып, барлық сұраққа жаңағы мүше атынан ғана жауап бересің. Мысалы, бірінші ойыншы «тұмсық», екінші ойыншы «сирақ», үшінші «құйрық», төртінші «өкпе», бесінші т. б. деп, барлық ойыншылар мүше атанады. Енді жүргізуші бірінші ойыншыдан бастап сұрай бастайды: «Атың кім?», ойыншы: «Тұмсық». «Не жедің?», «Тұмсық», «Кімді көрдің?», «Тұмсық», «Сүйгенің кім?», «Тұмсық» деп өзіне еншілеген мүшенің ғана атын айтуға тиісті.
Осылайша ойыншы не күліп, не жаңылғанға дейін сұрай береді. Егер кімде-кім күліп, не жаңылысып, басқаша жауап беріп қойса, өзінде бар кез келген бір затын береді. Осылайша барлық ойыншылардан сұрап, бәрінен бір-бір белгілі заттарын алып, ойын жүргізуші топтың ортасына келеді. Содан өзінің жаңағы затты жинап жүрген көмекшісін теріс қаратып қойып, ойыншылардан жиналған заттарын бір-бірден алып, не істейтіндігі жөнінде билік айтқызады. Әдетте өнердің барлық түрін көрсетеді. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын ертегінің негізінде құрылғандықтан уақытты көп алады да, оны бір отырыста бір-ақ рет ойнауға тура келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет