Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет117/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

216. Үй артында қол ағаш.
Ойыншылар саны: 20-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: белдік не орамал.
Ойынға дайындық: ойыншылар қол ұстасып үлкен шеңбер жасайды. Шеңбер сыртында қолында белдігі бар жүргізуші тұрады.
Ойын мазмұны: Жүргізуші қолындағы белдігімен не орамалмен шеңберді айнала жүгіріп: – Үй артында қолағаш, белбеу тартам есік аш – деп тақпақ айтады. Ойыншылар оны шеңбер ішіне кіргізбейді. Осы кезде жүргізуші шеңбердегі ойыншылардың біреуін белдікпен соғады да, белдікті жерге тастап, жүгіруін жалғастырады.
Соғылған ойыншы тез белдікті ала салып, жүргізушіні қуа жөнеледі, ал оның орны бос қалады.
Барлық ойыншылар көтеріңкі ырғақпен: Қолағаш, қолағаш жел кірмесін есік аш дейді.
Егер жүргізуші шеңбердегі бос орынға бірінші келсе, онда ол жеңгені, ал жете алмаған ойыншы жүргізуші болып, ойын қайта жалғастырылады.
Ойын ережесі: шеңбер арасын кесіп өтуге болмайды; тақпақты барлық ойыншылар хормен айтулары керек; белдікпен қатты соғуға болмайды.
Ойынның педагогикалық маңызы: Ойын оқушылардың шапшаңдық, дене қабілетін дамытып, бағдарлауға, тез шешім қабылдауға тәрбиелейді.
217. Поезд
Ойыншылар саны: 20-30 адам. Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы.
Ойынға дайындық: ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді.
Ойын мазмұны: бірінші топтың ойыншылары бір-бірінің белінен ұстап поезд болады, ал екінші топ поезд әнін айта бастайды.
Кәне, кімнің бойы ұзын,
Паравозы ол поездың,
Қатар-қатар тұрайық,
Поезды біз құрайық –

деген кезде, поезд болып тұрған топтың бір ойыншысы топтың алдына шығып паравоз болып тұра қалады. Осы әннің қалған шумағына бірінші топтың ойыншылары да қосылып, ойынды бастайды. Музыканың ырғағымен балалар поезд қозғалысын бейнелейтін қимылмен жүреді де, әндетіп:


Ал паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да.
Пш-пш, пш-пш, біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік,
Гу-гу, -гу-гу, гүлде,
Қалып қойма бәрің де,
Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттікт –
деп әндетіп, ойыншылар өз орындарына музыканың ырғағымен жүре бастайды. Балалар гуілдейді, күледі, қуанады, жүгіреді. Қолдарын белдерінен босатып, ілгері кейінді тербеледі.
Поездың соңында тұрған ойыншыны паравоз етіп ауыстыру керек. Паравоз әнін айтып жүріп, ойнай алатын болса, екі топтың да бір мезгілде ойнағандары жөн.
Ойын ережесі: ойыншылар ажырамау керек; бірінші топ ойыншылары паравоз әнін барлығы бірдей дауыстап айтуы керек; паравоз құрған ойыншылар міндетті түрде түрлі қимылдар жасап тұруы тиіс.
Ойынның педагогикалық маңызы: балалардың музыкалық қабілетін арттыруға, әннің сөздеріне байланысты әрекет, қимылдар жасап үйренулеріне зор әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет