Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет25/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

5. Ақсерек – көксерек (1 түрі)
Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жасыру арқылы екі топқа бөлінеді. Ашық алаңда ұл-қыздар аралас ойнай береді. Аралары 50—60 метр қашықтыққа екі топ бір-біріне қарама-қарсы қолдарынан ұстасып тізбектеліп тұрады. Екі жақ «қолға түсетіндер» үшін арнайы шеңбер сызып қояды. Ойын жеребе бойынша басталады. Ойын бастайтын жақ барлығы бірге қосылып:

  • Ақсерек, көксерек,

  • Бізден сізге кім керек? –

деп сұрайды.
Ал оған қарсы жақ:

  • Тем-тем, тем еткен,

Тебінгіден тер өткен.
Қанжығадан қан өткен,
Қараған басын қайырған,
Жаудан жылқы айырған
Ай керек-ау, ай керек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақсерек пен көксерек,
Шауып алдым бәйтерек,
Сонау тұрған Айнабектің өзі керек, –
деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын айтады. Тақпақты өзгертіп айтуға да болады, мысалы:

Елден-елден ел шабар,


Айнабек деген ер шабар.

Аты аталған бала қарсы жақ ойыншылар қатарына жүгіріп келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарын алға созып, алақандарын жайып тұруға тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі қолын ұратын адамды тандайды. Тізбектің алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды. Егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзі «қолға түседі». Қолды ұратын ойыншы өзі таңдаған біреудің қолын ұра сап өз тобына қарай тұра қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса, қуған ойыншы «қолға түскендер» шеңберіне барып тұрады. Егер қуған бала жетсе, қашқан ойыншы «ұсталады» да шеңбердің ішіне барып тұрады. Сөйтіп, қай топ ойыншылыры көп «қолға түссе», сол жақ жеңіледі.


Ақсерек-көксерек (2 түрі)
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Ойын ашық алаңда, үлкен залдарда өткізіледі.
Екі топ бір-бірінен аралары 20-25 метр қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Ойынды бірінші топ бастайды:
Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек? – деп сұрайды.

Ал оларға екінші топ:


Ай керек-ау, ай керек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Ақ серек пен көк серек,
Тауып алдым дөңгелек.
Сонау тұрған Серіктің өзі керек, –

деп қарсы жақтың бір баласының атын айтады да, алақандарын жайып, қолдарын алға созып тұрады.


Аты аталған бала қарсы топқа жүгіріп келіп, өзі қалаған біреуді алақанынан ұра сала өз тобына қайта қаша жөнеледі. Ұрылған ойыншы оны қуып жетсе, ойыншы ұсталады, ал егер ұстай алмаса қуған ойыншы қолға түседі де, қарсы топқа қосылады.
Ойын жылдамдыққа, шапшаңдыққа және бірлікке тәрбиелейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет