Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет88/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

151. Асау мәстек (1 түрі)
Ойын жазық жерде өтеді. Оны өткізу үшін бір-бірінен 1,5-2 м қашықтықта, биіктігі 1-1,5 метр келетін екі бөренені жерге тігінен көміп тұрғызады. Бөренелер арасынан арқанды тартып, оған адам отыруға болатындай жағдай туғызады. Сол отыратын орын астына жерге бір жұп тақияларды қояды. Осы құрастыруды «Асау местек» деп атайды. Жіптің жерден биіктігі отырған адамның еңкейгенде қолы жететіндей болады.
Жүргізуші ойнаушыларға:
“Егер батыл болсаң,
Ешкіні саған сойып беремін!
Батыл екеніне сенем,
Егер енкейіп, құламай
Тақияны көтеріп аласың!” – деп айтады.
Бұны бірнеше рет айтады. Ойынды «Баста» деген бұйрықтан кейін әрқайсысы асау мәстекке мініп алады. Атқа отырғандай «Асау мәстекке» отырған ойнаушы жерден тақияны көтеруге тырысады. Әрбір ойнаушы осыны бірнеше рет жасауы мүмкін. Кім үш рет ережелерді бұзбай еңкейіп, тақияларды бәрінен көп көтерсе, сол жеңімпаз болып атанады. Жүргізуші жүлделі орынға ие болғандарды айтады.
Асау мәстек (2 түрі)
Ойынға балалар «Асау мәстек» құрады. Ол үшін арасын 4-5 қадамдай қашықтықта екі мықты қада қағады. Кейде бұған өсіп тұрған екі ағашты да пайдалануға болады. Жерден 50–70 см биіктікте екі қаданың арасына арқан байлайды да, оның үстіне ескі көрпеше (шапан, тон) салады. Ойын жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады:
Әй, ер екеніңді білейін,
Ешкі сойып берейін.
Тақия алсаң еңкейіп,
Құламасаң теңкейіп,
Ерлігіңе сенейін! – деп тақпақтайды.
Өзінің ептілігін сынағысы келген ойыншы:
Асау мәстек бұл болса,
Үйретейін көріңіз,
Маған таяқ беріңіз! –
деп, ортаға шығады. Ойын жүргізуші таяқты беріп тұрып, сынай бастайды:
Міне, саған таяқ,
Үшке дейін санақ.
Бір...
Екі...
Үш...
Ойынға шыққан бала санақ біткенше таяқтың көмегімен арқанның үстіне атша мініп алуы тиіс те, жерден еңкейіп тақияны алады. Тақияны жерге құламай көтеріп алса жеңгені, ала алмаса айып тартады.
Айып түрлері өлең айту, ән салу немесе қораз болып шақыру, түйедей боздау, ешкі сияқты түрінде де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет