Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Садақ атуға байланысты қолданылатын кәсіби атау сөздер және ұғымдар



бет20/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

Садақ атуға байланысты қолданылатын кәсіби атау сөздер және ұғымдар.
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде, жауынгерлік өнерінде, ұлттық ойындарында садақты қолдану кең тараған. Ежелден садақ негізінен соғыс қаруы ретінде қолданылып, қолдану мақсатына, қолданушының жас ерекшелігіне, жасау түріне және заттарына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.
Садақ түрлері – «Сақ садағы», «Гүн садағы», «Түркі садағы», «Монғол садағы», «Қазақ садағы», «Саржа садақ» т.б. Қазіргі кезде садақ ату спортынан олимпиадалық, әлемдік, халықаралық дәрежедегі жарыстар өткізіліп, кең тараған спорт түрі болып саналады.
Жебе түрлері туралы зерттеуші Ерлан Карин «Қазақ ауыз және жазба әдебиетіндегі жебе түрлерінің атаулары» деген еңбегінде, «Біздің анықтағанымыздай садақ жебесінің 100-ге жуық түрлері белгілі, ал осы жүз түрлі жебенің 40- қа тарта ғана атауларының жирмаға жетер жетпес түрлері сәйкестендірілді» дей келіп, көшпелі әскери өнер мен дәстүрдің қазақ даласында қаншама күрделі даму кезеңдерінен өткендігін көрсетеді [53].
Қазақтың қару-жарағын зерттеуші Қалиолла Ахметжан садақ оқтары оқ ұшының формасы және жасалу материалдарына байланысты топқа, жебе басының пішініне байланысты типке, қимасына байланысты нұсқаға бөледі.
Жебелерді түр-түстеріне қарай – сырлы жебе, сұр жебе, сары жебе, ақ жебе, көк жебе, қызыл жебе т.б. деп атайды.
Жебелердің сабының түрлеріне және жасалған материалдарына қарай: «қу жебе», «қайың оқ», «тобылғы сапты», «қамыс оқ», «ағаш оқ», «ши оқ», «темір оқ», кейінгі кезде жаңа материалдарды қолдануға байланысты жаңа атаулары кедеседі.
Жебенің басындағы оқтар жасалған темірлеріне немесе заттарына қарай – темір оқ, болат оқ, ағаш оқ, сүйек оқ, тас оқ деп бөледі.
Жебеге қадалған қауырсын түрлеріне қарай – «екі қанатты», «төрт қанатты», «сары жүн оқ», «қауырсын жебе», «үкілі оқ», «қарға жүнді», «күшіген жүнді» т.б. Оқтың қауырсын байлаған жағын «масақ» деп те атайды [20].
Жебе дұрыс және дәл ұшуы үшін оның масағына құстардың қауырсынын таққан. Оны «қанаты» деп атайды. Оқтар екі, үш, төрт қанатты болуы мүмкін. Жебе оғының қанатына бүркіттің, қыранның, күшігеннің, тазқараның құйрық, қанат қауырсындарын қолданған.
Жебе ұштарындағы оқтардың жасалу түрлеріне қарай – «екі қырлы», «төрт қырлы», «алты қырлы», «доғал оқ», «қозы жауырын», «томар оқ», «істік оқ», «әндіген», «тіз оқ», «қадау оқ», «аңғау оқ», «айыр оқ», «ақмаңдай оқ» деген аттары бар.
Оқты қолдану міндеттеріне, қызыметіне қарай – «сауыт бұзар», «көбе бұзар», «ақ берен», «сарнама», «ысқырғыш», «жез айыр», «аңғаусын» т.б.деп бөледі.
Жебенің сабының ұзындығына қарай – «сай кез оқ», «кез оқ», «он екі тұтам оқ» деп бөледі.
Садақты ату, қолдану жағдайларына қарай – түрегеліп тұрып ату, тізерлеп ату, жатып ату, арқасында жатып ату, ат үстінде ату т.б. түрлерлеріне бөледі.
Садақтар мен жебелер түрлері: сақ садағы, гүн садағы, түркі садағы, моңғол садағы, қазақ садағы, саржа садақ, сырлы жебе, сұр жебе,сары жебе, ақ жебе, көк жебе,қызыл жебе, қара жебе, қу жебе, қайың жебе, тобылғы жебе, қамыс жебе, ағаш жебе, ши жебе, темір ұшты жебе, сүйек ұшты жебе, ағаш ұшты жебе, екі қырлы жебе, төрт қырлы жебе, алты қырлы жебе, доғал жебе, қозы жауырын жебе, томар жебе, істік жебе, әндіген жебе, тіз жебе, қадау жебе, аңғау жебе, айыр жебе, ақмаңдай жебе, сауыт бұзар жебе, сарнама жебе, ысқырғыш жебе, айыр жебе, аңғаусын жебе, ұзын жебе, қысқа жебе, орта жебе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет