20. Бестас, Қақпақыл, Тоғызтас Бестас ойыны қазақ халқының көне заманнан келе жатқан тәрбиелік мәні жоғары ұлттық ойыны болып табылады. Ойынның ел арасында Бестас, Қақпақыл, Тоғызтас т.б. аттары кездеседі.Тоғызтас ойыны тоғыз тасты қолдану арқылы ойналады. Ойын адамның ептілік, жылдамдық, байқампаздық, санау, реттеу, топтау қасиеттерін жақсы дамытумен қатар, көз жанарын жетілдіруге, сақтауға, сауықтыруға да көп пайдасы бар. Бестасты барлық жастағы адамдар ойнайды. Ойын адамның шаршағанын басып, сабырлыққа шақырады. Бестас ойынын сабақ үзілістері, жұмыс арасында да ойнаған тиімді. Бестас ойынын ұрпақтан-ұрпаққа беру, халқымыздың мәдениетін сақтаудың бір жолы болып табылады. Ойынға домалақтау келген бес тас таңдалып алынады. Ойынды екі-екіден немесе бірнеше адамдар топ құрып ойнауға болады.