Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет133/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

161. Түйе мен бота
Ойнаушы балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі түйенің ботасы болып сайланады. Басқа ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады.
Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын үйіне әкетпек болып қуа бастайды. Бота шеңбер ішімен де сыртымен де жүріп те айнала қаша алады, бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей шеңбердің ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар түйе шеңбер ішіне кіріп-шығуы кезінде қолдарын түсіріп, аяқтарын тосып т.б. кедергілер жасап тосқауыл қояды. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді, түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып: – «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырғызады.
Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезектесіп ботадан бастап шөккен түйенің үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі қолын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан қозғалмай, тұрмай отырған қалыпта қолында ғана ұстап қалуға тырысады. Түйе үстінен секірген ойыншылардың қайсысы ұсталып қалса, сол түйенің ролін ойнайды. Осылайша ойын қайта жалғастырыла береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет