Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет75/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары
4-doc.Силлабус ОМ2012, ВМП вопросы рус., instrpodotkz, жылжымайтын мүліктің жоқтығы, Шоқан-Уалиханов 2
76. Ақ серек, көк серек
Ойыншы балалар екі топқа бөлініп бір-бірінен 20-30 қадамдай жерде қарама қарсы сап түзеп бір-бірлерінің қолдарынан ұстап тұрады. Ойын басталғанда бір қатардағы балалар екінші қатардағы балалардың біреуін әндетіп шақырады.

  • Ай керек ау, ай керек,

  • Айдан басқа не керек?

  • Ақ серек пен көк серек,

  • Бізден саған кім керек? – деп әндетіп аяқтағанда, екінші топтағылар әндетіп:

  • Біздің еңбек өнімді,

  • Жас балалар көңілді,

  • Күшіңді сенің сынайын,

  • Болат батыр кел бері! – деп қалаған баланың атын айтып шақырады. Сонда аты аталып шақырылған бала қарсы жақтағы қол ұстасып тұрған саптың өзі қалаған жерінен жүгіріп барып үзіп өтуге тырысады. Сапты үзіп кетсе, үзілген жердегі бір ойыншыны өз тобына қосады. Ал үзе алмай қалса, өзі сол топқа қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.

77. Қамшыгерлік
Қамшы – ат-көлік, мал айдауға, қорғануға немесе сілтеп шабуылдауға арналған құрал. Қазақ халқы қамшыны сөз бастау, рұқсат сұрау, талас дауды шешу барысында кезек алу, өз тарапынан келіспеушілікті білдіру белгісі ретінде де қамшыны көтеру, жерге тастау арқылы қолданған. Әр адам қамшыны өзіне лайықтап таңдап ұстайды. Ат көлікке мінгенде қамшы адамның қолында, қонышында, білегінде, белінде, тақымында, ерінің алды-артында, үстінде ілулі болады, қажет болғанда ауызға тістеп те ұстайды.
Халқымыздың салт-дәстүрінде адамды қамшымен ұруға тыйым салынады.
Қамшының түрі көп, өріміне, алақанына, сапталуына, сәнделуіне, әшекейіне, ұзын-қысқа ершіміне, таспа санына байланысты және өтейтін міндетіне орай түрлі-түрлі аталады. Қазақ тілінде шыбыртқы, бишік төрт таспа, бес таспа, алты таспа, жеті таспа, ішіне өзек салған көп таспалы қамшылар деп атайды. Осылардың ішінде ерлерге, азаматтарға арналған түрлерінде – драу қамшы, алты таспа ат қамшы, жеті таспа жер қамшы деген де түрлері бар.
Қару ретінде ұстаған қамшының ұрылуы мен тиюіне қарай – қамшы үйіру, қамшылай білу, қамшымен жасқау, сипай қамшылау, батыра қамшылау, орай тарту, шықпыртып жіберу, көсіп жіберу, баса тарту, серпе тарту, салып жіберу, тартып жіберу, тіле тарту, көстите салу, шекесін шеруен аттандыру сияқты сөздер арқылы қамшының қалай ұрылып, қалай тиетіндігін білдіреді. Ұру түріне байланысты қамшы – теседі, тіледі, сызады, осады, көгертеді, езеді, жаралайды, сындырады.
Қазақ халқы ертерек кезде қамшыгерлік өнерін ел-жұртқа үйрету және дәріптеу, әруақтандыру мақсатында арнайы жарыс өткізіп отырған. Соңғы кездегі кейбір бәсекеде сиырдың терісін төрт пұшпағынан төрт қазыққа керіп тастап, шауып келіп ұрып өткенде, тері тесіледі, жыртылады, тілініп түседі деседі. Төртке бүктелген сиырдың жас терісін жерге тастап қойып ұрғанда, терінің бір қабатын, не екі қабатын тесіп немесе жыртып, тіліп кететін көрінеді.
Қамшының: ат қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, күдері қамшы, жортуыл қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, орама сапты қамшы, мүйіз сапты қамшы, «сайтан» қамшы, «киелі» қамшы, «қасиетті» қамшы, жыланбауыр қамшы, өзекті қамшы, шашақты қамшы, тобылғы сапты қамшы, бала қамшы, шыбыртқы қамшы сияқты көптеген түрлері бар.
Қамшыгерлік – спорттың бір түрі. Қамшыгер – қамшы ұрысына мықты шебер адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет