М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Тип хордалыларға сипаттама



бет61/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164
5.3. Тип хордалыларға сипаттама.
Хордалылар типі (Chordata) қазіргі кезде жер шарында кеңінен тараған. әртүрлі авторлар деректеріне сүйенсек 40-43 мың аралығында түрлері ғылымға белгілі. Олардың пішіндері (формасы) алуантүрлі болуына қарамастан, бәріне ортақ жоспармен қалыптасқанын байқаймыз. Ол ортақ белгілер мыналар:
1. Хордалылардың бәріне ортақ ішкі өстік қаңқа – хордадан тұрады. Хорда, немесе арқа желісі, тірек қызметін атқаратын, өте күшті қоймалжың заттарға толы клеткалардан тұратын ерекше ұлпалардан құралған. Хорда төменгі сатыдағыларға өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларға эмбриондық кезінде болады да, кейіннен хорданы қоршап жатқан дәнекер ұлпадан қалыптасатын шеміршекті немесе сүйекті омыртқалармен алмасады. Хорданың өзі гаструляцияның ақырғы кезеңінде арқа жағындағы хорда алды тақтайша клетка тобынан қалыптасып, эндодермалық қабаттан пайда болады.
2. Орталық жүйке жүйесі (ми мен жұлын) арқа жақта орналасқан және оның түтік тәріздес пішін бар. Түтік іші қуысты – невроцель деп атайды. Барлық омыртқасыздардың орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) негізінен құрсақ жағында орналасып және ганглиялар жүйесін құрайтын болса, ал хордалылардың жүйке түтігі ұрықтың арқа жағының ұзына бойына төмпешіктену барысында эктодермадан (бластула – бір қабатты кезеңінде нейробласт клеткалар тобынан) пайда болады. Сол себептенде ОЖЖ хорда түтігінің үстінде орналасады.
3. Ас қорыту жолы хорданың астында орналасқан. Осы түтіктің алдыңғы бөлімі жұтқыншақты желбезек саңылаулары тесіп, оның қуыстарын сыртқы ортамен байланыстырады. Бұдан жұтқыншақтың екі жақты функциясын байқаймыз: Жұтқыншақ асқорыту жолының және тыныс алу мүшесінің қызметтерін атқарады. Суда тіршілік ететін хордалылардың желбезек саңылаулары (қандауыршалар, дөңгелекауыздылар, балықтар) өмір бойы сақталады. Оларда суда тыныс алу мүшелері – желбезектері дамиды. Құрлықта тіршілік ететін омыртқалыларда саңылаулары – ұрықтың уақытша мүшелері болып қалады (эмбриондық, дернәсілдік кезеңдерінде ғана). Ауа мен тыныс алу мүшелері өкпе – жұтқыншақтың артқы бөлімінің құрсақ жағында қос төмпешіктену арқылы дамиды.Бұл қосмекенділерде (тек ересектерінде),рептилияларда, құстар мен сүтқоректілерде, өкпе (ауа оттегісімен) тыныс алу дамыған.
4. Қан тасымалдаудың орталық мүшесі – жүрек дененің құрсақ жағында, асқорыту түтігінің астында орналасқан. Хордалылырдың жүрегінің шығу тегі жағынан веноздық.
Сонымен, барлық хордалылар екінші қуысты (целом құрсақ қуысы ішікі мүшелердің орналасу қуысы) жатады. Хордалылардың денесі бунақталған қосжақты симметриялы жануарлардың ерекше бұтағы болып табылады.
Хордалылар үш тип тармағынан тұрады: 1.Бассүйексіздер (Acronia)
2.Қабықтылар (Tunicata)
3.Омыртқалылар (Vertebrata)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет