М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет103/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164
1.Тақырыбы: Класс Құстар. Жалпы сипаттама.
2.Мақсаты:
3.Мазмұны:
4.Сұрақтары:
4.1.Құстар класына жалпы сипаттама
4.2.Морфологиялық шолу
5.Қайталауға арналған сұрақтар:
6.Әдебиеттер:
2.Мақсаты: Әлемдегі жылы омыртқалы жануарлардың ең активтілерінің бірі. Кейде осы ынталы тіршілігіне орай, оларды айрықша, немесе оқшауланған жануарлар тобына жатқызады. Себебі ауа кеңістігін пайдалана отырып биосфераның барлық кеңістігіне таралып игеруге мүмкіндігі жеткен жануарлар класы. Сондықтан құстардың жер планетасына оның заттармен энергиясының алмасуы үшін үлкен маңызы болып отыр. Құстар тіршілік үшін күрестің тамаша үлгілерін, бейімділіктерін көрсетіп отыр. Жолдың бір-ақ маусымы ішінде жер планетасының ешбір жануарлар бара алмайтын жерлерге, көбейіп, ұрпақ қалдыруына мүмкіндікке жеткендер.
Материалистік көзқарастың жануарлар әлемінде тіршілік құбылысын дәлелдеудегі теңдесі жоқ мысалы және материалы. Сол себептенде құстар жер экономикасын айбынды жасаушысы, адамзат экономикасы және рухани байлығын прогрессивті дамытушыларының бірі болып қоғамды цивилизацияға жетелеушілерінің біріне айналған.Осы тығыз байланыстылықты студенттерге үйлесімді түсіндіру. Туған табиғатымыздағы бағалы қазынамыздың бірі-құстарымыз. Оларды терең зерттей отырып ұрпақтарға сақтау міндетіміз.
3.Мазмұны: Қарастырылатын сұрақтарға жүйелі жауап бере отырып құстардың биологиялық көптүрлілігін дәлелдеу.Олар жылы қандылар (гомотермальды) ішіндегі көптүрлілікке қолы жеткен. Салқынқандылар ішінде балықтар болса, құстар жылы қандылар ішінде – 8000 астам түрлері бар.Әлемдегі осындай түрлі құстардың 4800-ге тарта Қазақстан территориясында кездесетін болса, Батыс Қазақстан облысы жер-суында олардың 300-ден астам кездеседі. Өлкемізде (БҚО-да) 450 ден астам омыртқалы жануарларымыз бар десек, соның -66% дан астамы құстар екен. Демек, біржылдық тіршілік ырғағымызда құстармен байланысымыз көпшілік екен.
Табиғатымыздың экологиялық келеңсіз жағдайында да көбеюіне зиян көрішілерде, осы құстар болып отыр. Өлкеміздегі Қазақстан «Қызыл кітабына» енген (1978,1996) омыртқалы жануарларымыз – 48 түр, болса осының 37- сі құстар үлесіне тиеді. Сонда, өлкеміздегі «Қызыл кітап» жануарларының 77% құстар екен. Бұл, әрбір 8-ші құсымыз «Қызыл кітап» бетінен орын алғанын байқатады. Бұл мәселе өлке адамдарын, әсіресе биологтар, экологтарда ойландыруға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет