Дәріс 7 Тақырып: Витаминдер
Дәрістің мақсаты: витаминдердің химиясымен таныстыру
Тірек сөздер: витаминдер, антивитаминдер, коферменттік қызмет, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны Витаминдердің қызметтері. Витаминдердің химиялық құрылымы. Суда және майда еритін витаминдер; олардың биологиялық ролі. Витаминдердің коферменттік ролі Витаминдер тағам құрамында кездесетін метаболизмге қажетті биологиялық активті заттар. Витаминдерді ерігіштігіне байланысты екі топқа бөледі: суда еритін және майда еритін витаминдер.
Витаминдердің негізгі қызметтеріне олардың коферменттік қызметтері жатады.