Мотивация

бет5/10
Дата21.02.2023
өлшемі0,9 Mb.
#169695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нурлыбек 5 тақ психалогия

Темперамент (латын тілінен аударғанда - “қоспа, сәйкестілік”) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды.
Темперамент –2- 5 ғасырдан бері ойды қызықтырған мәселелердің бірі.Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер.Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс.
Темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуынының биологиялық, яғни табиғи ірге – тасы.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді.Сондықтан,темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған,өзгеріске келе бермейді.
Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет