Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет3/101
Дата13.03.2022
өлшемі1,27 Mb.
#135422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

Прадигма және қағидалар
Бұл әлемдегі аты шыққан нәрселердің барлығы салауатты өмір салтынан шығады.
Дэвид Старр Джордан
Бизнесте және ғылым саласында, сондай-ақ, отбасы мәселесіне қызығатындар
ішінде жиырма бес жыл жұмыс істеп, үлкен табыстарға жеткен, бірақ ішкі тепе-теңділікті 
сақтай алмайтын, өзге адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола алмайтын, персоналды 
тиімділікті арттыруға мұқтаж адамдарды көптеп кездестірдім. Меніңше, бұл мәселелер 
сіздерді де алаңдатпай қоймайды.
Мақсатыма жеттім, мансап қуып, табысқа кенелдім. Ал қазір жарым мен 
балаларымды танымаймын. Тіпті кейде өз-өзімді де түсінбейтін сияқтымын және өзіме 
не маңызды деген сұраққа жауап бере алмаймын. Істегенім бос әурешілік болғаны ма?
Жаңа ғана диетаға отырдым, міне, осы жылғы бесінші диетам. Не істесем де 
арықтай алмаймын, қандай диетаға отырсам да үш аптадан артық шыдай алмаймын. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Істей аламын деп өзіме уәде беремін... Алайда ештеңе шықпайды. Мен уәдемде тұра 
алмайтын сияқтымын.
Кадрларды дайындау курсынан өттім. Қызметшілеріме жақсы қараймын, 
олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тырысамын. Неліктен мен бір күн жұмысқа 
шықпай қалсам, олар менсіз түк бітіре алмайды. Неге оларда мендегі жауапкершілік 
жоқ? Бәлкім, бойында осындай қасиеті бар адамдарды іздестірсем бе екен?
Менің балам тіпті маған бой ұсынбайды. Есірткі қолдануға көшіпті, менің «қой» 
деп айтқанымды тыңдамайды. Мен не істеймін енді?
осы сияқты мәселелер өте жиі 
кездесетін қазіргі кезде белең алған мәселелер. 
Бірнеше қажетті зерттеулерді жүргізгенде, мені мына нәрсе қызықтырды: қалай 
ұғыну қалыптасады, ол біздің көзқарасымызға қалай әсер етеді және біздің көзқарасымыз 
қалай мінез-құлқымызға әсер етеді. Біз бір нәрсені өзгерткіміз келсе, алдымен өзімізді 
өзгертуіміз қажет. Ал өзімізді тиімді өзгерткіміз келсе, ең біріншіден өзіміздің 
қабылдауымызды өзгертіп алуымыз қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет