Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет24/101
Дата13.03.2022
өлшемі1,27 Mb.
#135422
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

 
 
Мінез-құлық
Мінез-құлық «Жеңдім/жеңдім» қағидасының іргетасы болып табылады. Қалған 
барлығы осының негізінде тұрғызылады. «Жеңдім/жеңдім» парадигмаса мінез-құлықтың 
үш қасиеті керек. 
Бүтіндік.
Егер біз өзімізге құндылықтарымызды анық елестете алып, бұл 
құндылықтар негізінде өз әрекеттерімізді белсенді түрде ұйымдастыра алсақ, онда өзіндік 
сананы және тәуелсіз жігерді жетілдіре аламыз, соған қоса өз уәдемізді беріп, 
міндеттерімізді орындай аламыз.
Жетілу.
Жетілу – ержүректілік пен сақтық теңгерімі. Егер адам өз сезім және 
нанымын ерекше көрсете алса, бір уақытта әңгімелесушісінің сезіміне және нанымына 
сақтықпен қарай алса, ол адам – жетілген. 
Жеткіліктілік ділі.
Жеткіліктілік ділі өзіндік адамгершілікті және өзіне-өзі 
сенімділікті сезінуден шығады. Әлемде барлығына барлық нәрсе жетеді деген парадигма. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Оның нәтижесі абырой, мойындау, пайда, шешім қабылдаудағы құқықпен бөлісу қабілеті. 
Шығармашылық үшін жаңа нұсқалар, альтернатива, мүмкіндіктер ашылады. 
Қарым-қатынас
Өзіміздің мінез-құлқымыз негізінде біз «Жеңдім/жеңдім» қағидасын тұрғызып, 
дамытамыз. Сенім, эмоциялық банк шоты – «Жеңдім/жеңдім» ойлауының мәні. Сенімсіз 
ең жақсы істейтін ісіміз – ымыраға келу; сенімсіз бір-біріміздің өзара тығыз қарым-
қатынасымыз, араласу және шынайы шығармашылық үшін ашыла алмаймыз. 
Мәміле 
Қарым-қатынастан мәміле шығып, «Жеңдім/жеңдім» әдісін анықтап, бағыт береді. 
Кейде оларды атқарудағы мәміле немесе әріптестік жөніндег мәміле деп атайды. 
Жүйе 
«Жеңдім/жеңдім» қағидасын жүйелер қолдаған кезде ғана сақтала алады. Сіз 
ынталандырған нәрсені аласыз. Егер сіз өз мақсатыңызға жетуге талпынсаңыз, егер сіз өз 
борышыңызда өз құндылықтарыңызды көрсеткіңіз келсе, осы мақсатттар мен 
құндылықтарға марапаттау жүйесін қосу керек. Егер сіз бұны жүйелі түрде істемесеңіз, 
онда сіздің ісіңіз сөзіңізбен тарқап кетеді. 
Үдеріс 
Принциптік келіссөздердің мәнісі адамдарды проблемадан алшақтап, позицияға 
емес, қызығушылыққа назар аудару. Өзара пайдалы нұсқаларды жасап шығарып, 
объективті белгілерді орнату – екі жақ қабылдаған қағидалар. Біріншіден, мәселені басқа 
адамның көзімен елестетіңіз. Шынымен өзге жақтың ойын түсінуге тырысыңыз, оның 
қажеттіліктерін солардан жақсы көрсетіп беріңіз. Екіншіден, мәселеге қатысты 
міндеттерді, басты сұрақтарды табыңыз. Үшіншіден, толығымен тиімді шешімдер үшін 
қандай нәтиже керектігін анықтаңыз. Төртіншіден, осы нәтижеге жетудің барлық өзге 
мүмкіндіктерін қарастырыңыз.
«Жеңдім/жеңдім» - бұл техника емес. Бұл адамдар арасындағы өзара тығыз қарым-
қатынастың барлығын қамтитын парадигма. Ол бүтіндік, жетілген мінез-құлықтың және 
жеткіліктілік ділінің өнімі. Ол жоғарғы сенімге негізделген қарым-қатынастан өседі және 
мәміле кезінде орын алады. Бұл парадигма оны қолдайтын жүйелерге сүйенеді.


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет