Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет36/101
Дата13.03.2022
өлшемі1,27 Mb.
#135422
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

 
Стратегия 
Қалай істеу керектігін білетін адамның әр кез жұмысы болады.
Ал неліктен осы жұмысты істеу керектігін білетін адам
осы жұмыстың бастығы болады.
Ральф Уолдо Эмерсон
Мақсатсыз ойынның мәні жоқ 
Ойлап көріңіз, сіз шахматты бірнеше беттен тұратын оқулықтан үйрендіңіз. 
Нәтижесінде сіз фигураларды алғашқы позицияға қоюды, жүріс жасауды, бәсекелестің 
фигураларын алып қоюды үйреніп, бірақ қалай аяқтауды немесе корольге қалай мат 
қоюды білмейсіз. Егер сіздің түпкі мақсатыңыз жоқ болса, флангтік епті тәсілдерді
нұсқалық есептеуді білгеніңізден не пайда? Ескі шахматтық мәтелде: 
«Жоқ болғанша, 
жаман жоспардың болғаны жақсы»
делінеді. Бұл әділеттілік емес, тапқырлық. Әрине 
жоспар керек, алайда ондағы әр шешім, әр қадам тиянақты болуы шарт. Қиын 
позициядағы майда-шүйделерді ескермеуден, сіз табысқа жете алмайсыз. 
Отыз жылдық мансабымда шахматта үлкен өзгерістер туындады. Бұрындары 
бәсекелесімнің стратегиясын зерттеу үшін кітаптар мен журналдарды парақтап, күн сайын 
отыру керек болатын, ал қазір олардың ойнаған партияларын бірнеше секундта-ақ 
компьютерден таба аламын. Егер бұрындары ойналған шахмат партиялары бір айдан соң 
журналдан көрсек, қазір онлайн режимінде, тікелей көре аламыз. Мықты гроссмейстердің 
көпшілігі, уақытқа қарамастан өздерінің болжамдарын стратегиялық жоспарларына 
негіздейді. Негізгі стратегия бар кезде позицияның сараптамасы тез әрі тиімді болады. Ал 
егер сіз жоспарсыз ойнасаңыз, онда шешімдеріңіз спонтанды болмақ. Бір позициядан 
екіншісіне ауысу арқылы, сіз тек уақытты кетіресіз, түпкі мақсатқа жету жайына қалады. 
Өзіңіздің стратегияңызға көшу үшін, алдымен оны құрастыру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет