Цейтноттың өте қиын шеңбері Стратегтің қас жауы – сағат тілі. Уақыттың жетіспеушілігі – шахматта бұл цейтнот
деп аталады – бізді таза рефлексте тұрғызылған тактикалық ойынға лақтырады.
Позицияның нақты есебіне және бағалауына уақыт жетіспеген кезде біздің стратегиялық
елесіміз эмоция және түйсікпен тұманданады. Бұл жерде жетілген интуиция да көмектесе
алмай қалуы мүмкін.
Пабло Пикассоның қатты айтқан сөздері бар еді:
«компьютерлер пайдасыз нәрсе, өйткені олар тек жауап қайтарады». Негізгі мағынаға ие болу үшін мағыналы сұрақтар қою
керек! Дұрыс сұрақтарды іздеу және тұжырымдау – сіздің стратегияңыздың орындалуына
кепілдік болатын табыс. Ақпараттың тасқыны сіздің стратегиялық елесіңізді сандармен,
майда-шүйделермен, есеппен, сараптамамен жуып салады. Нағыз тактикашы болуды
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
қаласаңыз өзіңіздің арсеналыңызда, бір жағынан, стратегиялық көру, екінші жағынан –
аналитикалық ойлау болу керек.