«Білімнің тарихы»
атты еңбегін оқыңыз. Бұл кітапта бүкіл
әлемдік идеялар көрсетілген, байлықтың бүкіл білімі бар.
111. Уильям А. Коэнның
«Көшбасшы өнері»
атты кітабын оқыңыздар. Ол шабыт
сыйлайды және тәжірибелік кеңес береді.
112. Біз харизма деп атайтын, ұстатпайтын қасиетті тудырыңыз. Харизмалық
көшбасшының қасиеттері мынандай:
өз ісіңізге адал болыңыз
жеңімпаз сияқты көрініңіз, жеңімпаз ретінде әрекет етіңіз
асқақ арман иесі болыңыз, жұлдыздарға талпыныңыз
өз мақсаттарыңызға жетуде табандылық көрсетіңіз
кез-келген тапсырманы орындауға дайын болыңыз және оны жүзеге
асыруда табандылық танытыңыз
өзіңізді құпиялықпен ораңыз
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
басқа адамдарға зейін салыңыз және жақсы ниет танытыңыз
мысқыл сезім иесі болыңыз
өз мінез-құлқыңыздың күшімен белгілі болыңыз
қауырт кезеңдерде өзіңізді әдемі ұстаңыз (Джон Кеннеди айтқан еді,
«орта
менеджер мен нағыз көшбасшыны алшақтатып, ұстатпайтын жарты
қадам – бұл ауыр кезеңде өзін әдемі ұстауы»
)
113. Жұмыста, махаббатта және өмірде мықты және әділетті болыңыз.
114. Тыңдаған сәтте сөйлемеңіз. Сөйлеп жатқан кісінің сөзін бөлу – тәрбиесіздік. Зейін
салып тыңдаңыз. Өте көп нәрсеге жетесіз, өте көп адам сізден кеңес алуды мақсат етеді.
115. Аристотель айтқан:
«Кез-келген адам ашулана алады – бұл өте оңай; бірақ дұрыс
адамға, дұрыс дәрежеде, дұрыс уақытта, дұрыс мақсатпен, дұрыс әдіспен ренжу оңай
емес және ол әркімнің бойындағы қасиет те емес»
.
116. Білім – күш. Өмірде табысқа жеткен адамдарды білімге ұмтылушылық пен көксеу
алшақтатады. Адам көп білген сайын, көп нәрсеге жетеді.
117. Барлық сұраққа жауапты кітаптан алуға болады. Ең жоғарғы әлеуетке жету үшін әр
күн сайын оқыңыз. Өз мақсатыңызды анықтап, қажет ақпаратты ғана оқыңыз. Барлығын
оқуға тырыспаңыз. Таңды газет оқудан бастаңыз. Сіз оқыған дүние әр түрлі болуын
қадағалаңыз. Кітаптар – сіздерді шабыттандырсын.
118. Таңғы аспен бірге кездесу ұйымдастыруды әдетке айналдырыңыз. Досыңызбен,
әріптесіңізбен бірге ас ішу – күнді бастаудың оңтайлы әдісі.
119. Үйіңіз жарық болуды және онда бассейн болуды қадағалаңыз. Сіздің қолыңыз
босамаса да, сіз бассейн арқылы шыныға аласыз.
120. Аристотель айтқан:
«Кемелдену – бұл әдеттерді жасап шығару мен жаттықтыру
арқылы жететін өнер. Кемелдену – әрекет емес, әдет».
121.
«Бүгін – ертеңгі оқушы»,
– деген Бенджамин Франклин.
122. Егер сіздердің алдыңызда жол таңдау керек болса, өрескелін таңдаңыз. Әбден
ойланған тәуекел таңғажайып нәтиже әкеледі.
123. Әр күн өз-өзіңізді сараптаңыз, терең оқуға үңіліңіз және жай ғана босаңсыңыз.
124. Жерде адам жеткен жетістікке, сіз де дұрыс икемдену, табандылық және ықылас
көмегімен жете аласыз.
125. Жақсы өлеңдерді жаттап алу әдетін тудырыңыз. Бұл сіздің зияткерлік қызметіңізді
көтереді, есте сақтау қабілетін жақсартады.
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
126. Сіздің сөздеріңіз жұмсақ, ал дәлеліңіз қатал болу керек.
127. Майда-шүйделерге бола алаңдауды доғарыңыз. Кішкентай сәтсіздіктер үшін күле
біліңіз. Бұл тәжірибелік әдіс сізді негативті әдеттерден сақтайды.
128. Басқалардан көп жұмыс істейтін адам ретінде белгілі болыңыз. Өзіне көп шаруа
алып, табысты орындайтын адам ретінде көрініңіз. Елді аузына қарататын жарық жұлдыз
болыңыз.
129. Ұжымда жұмыс істей біліңіз. Жаңа достарды табыңыз. Сіздің жолыңызда кездескен
әрбір адамға ең маңызды адам ретінде қараңыз. Сізді үлкен табыстар күтуде.
130. Сіз бір нәрсе іздесеңіз, міндетті түрде оны табасыз. Егер сіз тек табысты күтсеңіз,
онда оған жетесіз. Шыңға шыққан атқарушылар табысты тартады. Өз қалауларыңызға
қайта-қайта оралыңыз, ол міндетті түрде жүзеге асады.
131. Өзіңізде таңдану сезімін жетілдіріңіз. Зерттеуші болыңыз. Басқалары жай қарай
салатын нәрсе үшін таңғала біліңіз. Азғантай демалыс алып, өз жаныңыздың, тәніңізді,
ақылыңызды қадағалаңыз. Бұл сіздің өміріңіздің сапасын жақсартады.
132. Өз жақындарыңызды ұмытпау үшін оларды қамқорлық ретінде туған күндеріне ашық
зат жіберіп тұрыңыз. Біздің бәріміз жұмыс бастымыз, алайда 5 минутты сол сияқты
нәрселерге арнасаңыз, ол сізге қайтады.
133. Адамдардың аттарын жаттап, оларға атымен шақырыңыз. Өз атын есту – ең ұнамды
музыка.
134. Жарты сағатқа далаға шығып, көк аспанға қараңыз. Табиғатпен байланысқа түсіңіз.
135. Бірнеше аптада бір рет үйде сағатыңызды қалдырып кетіңіз. Сағат біздің іс-
әрекетімізді басқара бастайды. Бұл күні өзіңіз қалаған нәрсені істеңіз.
136. Жұмыста күле біліңіз, көп нәрсеге жеткен жағымды адам ретінде көрініңіз.
137. Идея діл бейнесін тудырады. Ол өз кезегінде діл әдетін жасап шығарады, соңы діл
мінез-құлық сипатын жетілдіреді. Өз өміріңіздің қожайынына айналыңыз – сонда
тағдырыңыздың қожайынына айналасыз.
138. Жағымсыздыққа қарсы ойлау күшіне ие болыңыз. Бұл қарапайым әдіс жағымсыз
ойды ұнамды ойға айналдырады.
139. Өз-өзіңізді сараптау үшін ұйықтар алдында 10 минут бөліңіз. Бүгін істеген жақсы,
жаман нәрселер туралы ойланыңыз, жетілу үшін не істеу керектігін, не өзгерту керек,
соның барлығын сараптаңыз.
140. Ең тиімді оятар сіздің ойыңызда. Егер сенбесеңіз:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
ұйықтар алдында ыңғайлы креслода 10 минут отырыңыз
көзіңізді жұмып және қолыңызды тізеңізге қойыңыз
бірнеше минут терең дем алыңыз (5 дегенде ауаны ішке жұтыңыз, 10 дегенде
дем шығарыңыз)
мынаны 20 рет қайталаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |