Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебінің 10 -сынып оқушысы Мұрат Жанеркеннің «Туған өлкедегі тарихи ескерткіштердің шығу тарихын зерттеу» тақырыбындағы ғылыми- зерттеу жоба жұмысына
Пікір Қасқасу ауылындағы Төрткүл төбесіндегі тарихи ескерткіш Есімхан Ордасы орналасқан. Жобаны қорғаудағы мақсаты этноауылға келетін туристердің демалып қана емес тарихымен танысуына мүмкіндіктер туып отыр. Мекендерді зерттеп, өңірлік бюджетке пайдасы тиетін жоба қолға алынуда.
Мұрат Жанеркеннің Қасқасудың әсем табиғатын, таза ауасын, тарихи ескеркіштердің орындарын анықтап,туристер тамашалайтындай керемет жерлерін зерттеп жақсы еңбектенді. Тақырыпты зерттей отырып, ел экномикасына пайдасы тиетін тұстарын атап көрсеткен. Оқушы өзінің ізденімпаздық қасиетін, білімділігін пайдаланып, тақырыптың өзектілігін пайдалана білген.
Қасқасудың табиғатын тамашалауға,көне ескеркіштердің тарихымен танысып, демалуға келген туристерге қандай жағдай жасалғандығы туралы көп зерттеген.
Мұрат Жанеркеннің «Туған өлкедегі тарихи ескерткіштердің шығу тарихын зерттеу» жобасының мазмұнымен таныса отырып, төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Мұрат Жанеркеннің «Туған өлкедегі тарихи ескерткіштердің шығу тарихын зерттеу» мақсатында туған өлкенің әлемге танымал болуына үлес қосуда, әлеуметтік – экономикасына пайда келерлік жол ашуда. Қазақстанның туристік өлкесі дамыған тарихи ескерткіштерге бай жер ретінде сипаттағысы келеді.
Жанерке өз ауылының сұлу табиғаты мен, көркі келіскен таулары, жерін, суын қастерлеп құрметтеуде.