Ms dos операциялық жүйесі


/P параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады



бет8/8
Дата06.02.2022
өлшемі144,88 Kb.
#80042
1   2   3   4   5   6   7   8

/P параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады.

/W параметрі мәліметтің қысқаша түрін шығартуға қаолданылады.

DIR rомандасының параметрлерсіз қарапайым түрі экранға ағымдық буманы береді.

MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары

Жаңа бума құру – MKDIR (MD) командасы.

Команданың спецификациясы: MD [:] маршрут Немесе MKDIR [:] маршрут

Жаңа бума ағымдағы буманың ішінде құрылады. Кез келген буманың ішінде жаңа бума құруға болады.

Мысалы ағымдағы WORK бумасының ішінде PRO деген жаңа бума жасау керек. Бұл үшін төмендегідей командасын енгізу жеткілікті:

C:\ WORK > md pro

Жаңа буманы енді файлдармен толтыруға болады.

MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары

Буманы жою – RMDIR (RD) командасы.

Команданың спецификациясы: RD[ж:] маршрут Немесе RMDIR [ж:] маршрут

Жоюлуға тиіс бума бос болуы тиіс, яғни онда ешқандай элемент болмауы керек. Әйтпесе ол буманы жоюға болмайды. Команданы енгізгенмен система оны орындамайды. Ағымдағы және түпкі бумаларды да жою мүмкін емес. Сонымен ішкі бумаларды ғана жоя аламыз. Және кез келген ішкі буманы жоюға болады.

Мысалы:

C:\ WORK>rd pro

Бұл команда ағымдық WORK бумасының ішкі бумасы PRO-ны жойып жібереді. C:\DOC>rd\work\pro

Бұл команда да сол PRO бумасын жояды, бірақ кәзір ағымдағы бума DOC-бумасы болып тұр.

MS-DOS-тың файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау командалары

Ағымдық буманы өзгерту – CHDIR (CD) командасы.

Команданың спецификациясы: CD[ж:][маршрут] немесе CHDIR[ж:][маршрут]

Команда көрсетілген жинақтауыштың немесе ағымдағы жинақтауыштың ағымдық бумасын өзгертеді.

Мысалы мына команда:

C:\>cd doc\abc | арқылы C:\ түпкі бумадан екінші деңгейдегі \doc\abc-бумасына көшу іске асады.

Бұл амалды екі команда арқылы да орындауға болады:

C:\>cd doc C:\DOC>cd abc

Ішкі бумадан бір деңгейге жоғары көтерілу үшін мынадай команданы қолдануға болады.

cd…

Ең жоғары деңгейге, яғни түпкі бумаға көтерілу үшін мынадай команданы беру керек:

cd\

Студенттерге сұрақтар???

  • MS DOS жайлы не білеміз?
  • MS DOS-тың командалары нешіге бөлінеді?
  • MS DOS-тың бумалармен жұмыс жасаудағы қандай командаларын білесіз?
  • MS DOS-тың файлдармен жұмыс жасаудағы қандай командаларын білесіз?
  • MS DOS-тың магниттік дискімен жұмыс жасаудағы қандай командаларын білесіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет