247 Концентрация 72-сурет
агрегация саны көбейетінін көруге бо-лады.
ККМ-ді анықтау. Шала коллоидты системадағы аса маңызды көрсеткіш-тің бірі — ерітіндідегі мицелла түзетін кризистік концентрацияны (ККМ) анықтау. Ол моль/л не процентпен өл-шенеді. 72-суретте сабын ерітіндісінің эквивалентті электр өткізгіштігінің концентрацияға функционалды түрдегі тәуелділігі келтірілген.
Графиктің ординатасына сабын ерітіндісінің эквивалентті электр өткізгіштігін, ал абцисса осіне оның кон-
центрация мәнін орналастырса, онда осы екеуінің арасындағы бай-ланыс қисық сызықты сипаттайды. Әуелі сабын ерітіндісі төменгі концентрация кезінде электр тогын айтарлықтай өткізетінін кө-реміз. Сабын ерітіндісі концентрациясы өскенде де ол тузу сызық-ты өзгереді. 72-суреттегі төменгі және жоғарғы концентрация ке-зіндегі эквивалентті электр өткізгіштікті өрнектейтін түзудің қиы-лысқандағы концентрациясы (Скр)ерітіндінің мицелла құрайтын кризистік концентрациясы (ККМ) болады. Ол көптеген коллоидты ерітінділер үшін өлшенген және анықтамалықтарда келтірілген.