МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


Пропорционалды, ал арақашықтығының үшшші дәрежесіне кері пропорционалды екен



бет12/126
Дата24.05.2023
өлшемі2,15 Mb.
#177590
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Байланысты:
ÌÑ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ ìàçì?ÍÛ

Пропорционалды, ал арақашықтығының үшшші дәрежесіне кері пропорционалды екен:

Температура жоғарылаған сайын, молекуладағы жылулық қозға-лыс көбейіп, олардың бүрылуы, бағытталуы қиындайды. Мұндай жағдайда молекулааралық әрекеттесу энергиясы мына теңдеумен анықталады:

мұндағы һ — Больцман тұрақтысы, ол газдардың универсалды тұрақтылығын (R) Авогадро санына (Na ) бөлгенге тең. Бұл тең-деуден температура көтерілген сайын, молекулааралық әрекеттесу энергиясының азаятынын көреміз. Мұндай полюсті молекулалар арасындағы тартылысқа әкелетін әрекеттесуді бағыттаушы әрекет дейді. Көп молекулалар өздеріне жақын орналасқан көрші моле-кула немесе иондар әсерінен, әсіресе, олар өте жақындағанда, оңай полюстенеді. Мұндайда пайда болатын дипольдерді индук-цияланған дейді, ол бағыттаушы әсерден әлсіздеу болса да, тұрақ-ты дипольдер сияқты молекулааралық тартылуды тудырады. Бұл әрекеттесуді индукциялық деп атайды. Дебай зерттеуіне (1920) жүгінсек, индукциRялық әрекет кезінде пайда болатын энергия температураға тәуелді емес, ол тек дипольдік момент пен олардыц полюстенуі қабілетіне (а) байланысты екен:

Кванттық механика негізінде Лондон (1930) өз зерттеулерінде көрсеткендей, электрондар қозғалысынан атом (молекула) өзара тартылысқа келерліктей лездік дипольдік моменттер пайда болады. Сол сияқты молекулалардағы атомдардың өзара тербелуі мен соқтығысулары да молекулалардың жақындасуына септігін тигізеді. Сондықтан атомдардағы (молекулалардағы) аса тез қозғалатын электрондар асқан лездікпен алмасатын өзгерістер туғызады. Атомдардағы электрондардың айналу жылдамдығы молекуладағы атомнын, тербелуінен де, молекулалардың соқтығысуынан да көбірек жиілікте болады. Демек, атомдардың жақындасуы, сол атом-дардың өздеріндегі электрондардың қозғалуына ықпалын тигізеді: екі атомдағы электрондар бір ырғақпен қозғалады, өйткені олар-дың мұндай қалпы тек атомдарды жақындатып, өзара тартылысқа келтіріп қана қоймай, энергия қорының өте азайғанына байланысты. Мұндай әрекеттесуді дисперстік дейді. Бұл оны сандық сипат-тағанда сәуленің дисперстігімен байланысты пайда болған. Дисперстік әрекеттесу кезінде пайда болатын энергия шамасы температураға тәуелсіз де, молекулааралық өлшемнің алтыншы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет