МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ



бет4/126
Дата24.05.2023
өлшемі2,15 Mb.
#177590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
ÌÑ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ ìàçì?ÍÛ

Физхимияның дамуында И. А. Каблуковтың (1857—1942) ері-тінділер жайлы еңбегі ерекше орын алады. Ол Д. И. Менделеевтің гидраттық теориясына сүйеніп, оны онан әрі дамытты.
Физикалық-химиялық анализ негізін салушы Н. С. Курнаковтыңтың, органикалық катализ мектебінің негізін салушы Н. Д. Зелинскийдің, Н. А. Шиловтың және басқа да ғалымдардың еңбектерінде физхимияның негізі қаланды. Н. Н. Семеновтың тізбекті реакциялар теориясы физхимияға едәуір үлес қосты. П. А. Ребиндер, А. Н. Фрумкин, А. В. Думанский сияқты совет ғалымдары электрлік теория, капиллярлі құбылыс сияқты тиянақты тұжы-рымдар жасады. В. А. Каргин, С. М. Липатов, М. М. Дубинин, А. В. Думанский, Н. П. Песков және басқалардың коллоидтық химия жайлы зерттеулерінің де маңызы зор болды.
Шет елдік ғалымдар да физхимияның дамуына өз үлестерін қосты. Мысалы, Д. Дальтон зерттеулері атом құрылысы, М. Фарадей еңбегі электрохимия хақында болса, Д. Гиббс химиялық термодинамиканы қалыптастырушылардың бірі, В. Нерист термодинамика мен электрохимияға бірдей еңбек сіңірсе, С, Аррениус электролиттік диссоциация теориясын ұсынды, Я. Вант-Гофф ерітінділерді, химиялық кинетика мен тепе-теңдікті, В. Оствальд электрохимия мен адсорбцияны зерттеді.' Физхимияның үлкен бір тарауы, қазір өз алдына жейе ғылым атанған коллоидтық химияның қалыптасып дамуына Т. Грэм, М. Смолуховский, А. Эйнштейн, Ж- Перрен, Г. Сведберг, Г. Кройт және орыс ғалымдары Ф. Рейс, И. Борщов, Б. Дерягин, Н. Песков т. б. зор үлес қосты.
XX ғасырда пайда болған квантты-механикалық толқынды теория жалпы табиғаттану іліміне, әсіресе, физика мен химияға жаңа ұғымдар әкелді (Н. Бор, М. Планк, Шредингер, Паули). Квантты-механикалық теорияны пайдалаңып, атом және молекула, кристалл қүрылысын ашып қана қоймай, ондағы кейбір деректерді есептеп, анықтауға, химиялық байланыс табиғатын түсіндіруге болады.
Қазақстандағы химия ғылымының дамуы С. М. Киров атындағы мемлекеттік университетіндегі химия факультеті (1934) мен республика Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институты-ның (1940) ашылуымен байланысты. Республикамыздағы химия ғылымы көш басында қышқылдар мен негіздердің жаңа теориясын ұсынған М. И. Усанович, фосфат тыңайтқышының технологиясын зерттеген Ә. Бектұров, аналитикалық химия саласында М. Т. Козловский, жалпы химияда Б. Бірімжанов, органикалық химияда Е. Әзірбаев, катализде Д. В. Сокольский және көптеген химик-ғалым, ұстаздар болды. Б. А. Жұбанов, Е. Е. Ерғожин, Е. Ә. Бектұров, сияқты ғалымдар оны онан әрі дамытып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет