§ 17. ЭЛЕКТРОЛИТЕРІТІНДІЛЕРІ Жалпы түсінік. Электрохимия — химиялық процестер мен электрлік құбылыстар арасындағы байланысты зерттейтін физи-калық химияның бір тарауы. Сондай-ақ бұл тарауда еріген және балқыған электролиттердің де касиеттері қарастырылады. Элект-ролит ерітінділер деп қозғалыстағы иондардық көмегімен электр-лік ток өткізетін ерітінділерді айтады. Сол сияқты электрохимия құрамына электролиз процестері мен оларға кері жүретін гальва-никалық элементтердегі процестер де енеді. Мұндағы бірінші және екінші процестерде электролиттер ерітінділері (балқыма) мен көбіне металл пластинкасынан (жолақша) жасалған электродтар-дан тұрады. Әдетте, ерітінділердің немесе ерітінді мен электрод-тардық шекаралары белгілі бір себептермен электрлік зарядтал-ған болып келеді. Сондықтан да электрохимияға австралия ғалы-мы Дж. Бокрис берген “электрохимия зарядталған беттер мен электролиттердің қасиеттерін зерттейді” деген ғылыми анықтама-ны еске түсірген артық болмас.
Электрохимияның пайда болуы Л. Гальвани және А. Вольта сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Бақа бұл-шық етінің қозғалысын зерттеу кезінде, Гальвани күтпеген жерден металл пластинкасы мен баканын, табанынан тұратын электр тіз-бегін алады. Ол өз тәжірибесіне сүйеніп, электр тогының пайда болуын тек тірі организммен байланыстырады. Ал, 1799 жылы ғылым тарихында бірінші болып Вольта гальваникалық злемент-тердің батареясын жасайды. Мұны сол кезде вольттық электрлік бағана дейтін. Әрине, бұл құбылыс Гальванидің “жаны бар электр ток” атты болжамын жоққа шығарып, бұл салада жаңа ұғым, тың бағыт тудырды. Ол кездегі бірінші гальваникалық элементтер аралары электролит ерітінділеріне малынған матамен бөлінген мыс және мырыш пластинкаларынан тұратын.
1834 жылы М. Фарадей электролиздің негізгі екі заңын ашып,
89
ұжырымдады. Бұл электрохимия саласындағы аса үлкен заңды-лык болды. Фарадейдің электролиз заңына сүйеніп, элбктрлік құ-былыс пен материя арасындағы тығыз байланысты тура көрсетті және Стоней ең кішкене элементар электрлік зарядтың өлшемі ре-тінде 1891 жылы “электрон” деген терминді енгізді.
Электрохимия С. Аррениус, Ф. Кольрауш, В. Оствальд және басқа да көптеген ғалымдардың түбегейлі еңбектерінің негізінде, тек XIX ғасырдың соңында ғана физикалық химияның бір сала-сына айналды.
Электролит ерітінділері. Еріген кезде еріткішпен әрекеттесш, ионд арға диссоциацияланып, ерітіндіге ток өткізгіштік кабілет беретін заттарды электролиттер дейді. Кейде электролиттер ионо-генді және ионоферлі болып екіге бөлінеді. Ионогенді электролит-тер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады. Бүл тектес электролиттерге сірке қышқылы, тұз қышқылы және тағы басқалар мысал болады. Ал, ионоферлі электролиттерге еш-бір еріткіште ерімесе де, таза қалпында-ақ өз құрамында диссо-циацияланған иондары бар қосылыстар жатады. Бұл топқа көпте-ген тұздар мысал болады. Егер электролит толық диссоциациялан-са және осы кездегі әрбір молекула v иондарға ыдыраса, онда ерітіндідегі иондар саны Nvболады, мұндағы N — электролит молекуласының саны. Егер де барлық молекула диссоциациялан-бастан, оның а бөлігі ғана ыдыраса, онда ерітіндідегі бөлшектер саны N электролитіндегіден і есе аз болады, мұндағы і — изото-никалық коэффициент, кейде оны Вант-Гофф коэффициенті де дейді.
і=1 + а(v-1) (95)
Мұндағы а — диссоциациялану дәрежесі, кейде оны иондану дә-режесі десе, енді бірде диссоциациялану коэффициенті дейді. Дис-социациялану дәрежесі иондарға ыдыраған молекулалардың электролиттегі барлық молекулаларға қатынасымен анықталады. Бұдан электролиттердің аномальдік, коллигативтік қасиеттерге бейім екендігі байқалады. Егер электролит емес ерітінділердің коллигативті қасиеттерін өрнектейтін теңдеуге изотоникалық коэффициентті енгізсе, онда тәжірибе кезінде және есептеу арқы-лы алынған шамаларды теңеуге болады.
Электролиттер диссоциациялану қабілетіне орай шартты екі топқа бөлінеді: әлсіз және күшті электролиттер.
Әлсіз электролиттер. Көптеген косылыстарды еріткенде олар-дың молекулалары түгелдей диссоциацияланбайды, яғни иондарға ыдырамайды. Оларға органикалык қышқылдардың басым көпші-лігін, фенолды, аммиакты және аминдерді, көмір қышқылын, сынап тузы сияқты кейбір тұздарды, тағы басқаларды жаткызуға болады. Әдетте электролиттердің күшін диссоциациялану дәреже-сі (а) арқылы сипаттайды. Берілген электролиттің диссоциация-лану дәрежесі а<0,3 болса, ол әлсіз, ал а>0,3 болса күшті элект-ролит делінеді. Диссоциациялану дәрежесі концентрация сияқты
90
көптеген өлшемдерге тәуелді болады. Демек, оны диссоциация константасы арқылы өрнектеу ыңғайлы.
Әлсіз электролиттің диссоциация теңдігін қарастырайық. Ол үшін бинарлы, яғни диссоциация кезінде бір катион және бір ани-он беретін шартты таңбамен өрнектелген электролитті мысал ретінде алайық: КА+К+А-
Егер берілген қышқылдың бір молі V литр еріткіште ерітілсе, оны У= 1 : С ерітіндіні сұйылту дейді және Сқ+=СA- =а,/V, ал