Ms power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері. Microsoft PowerPoint



Дата14.10.2019
өлшемі17,24 Kb.
#49884
Байланысты:
MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері

MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері. 

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презен­тация материалдарын дайындауға арналған программа. Бұл  программа  кодоскоптарға және 35 мм-лiк мөлдiр қабыр­шақтарға (пленка)  арналған  слайдтар,  қағазда  үлестiрiлетiн  материалдар, компьютер экранында анимациялық көрiнiстердi бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.

MS Powerpoint программасын жүктеудің ең қарапайым тәсілі – есептер тақтасындағы Пуск®Программы®Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту.

Powerpoint программасы iске қосылған мезетте презентация құрудың тәсiлдерiн таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкiндiгiн беретiн сұхбаттық терезе ашылады  

Автомазмұн шеберi (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа  презентация, белгiлi тақырыпқа сәйкес мәтiн және безендiру элементтерi енгiзiлiп сақталған  презентациялар тiзiмiнен қажеттiсiн таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып  құрылады.

Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендiру элементтерi сақталып қойылған шаблон түрiне келтiрiп дайындау мүмкiндiгiн бередi.

Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтiн енгiзiлмеген және безендiру элементтерi пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкiндiгiн бередi.

Презентацияны ашу (Открыть презентацию) ауыстырғышы бұрын – құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкiндiгiн бередi. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейiн, ашуға қажеттi презентация сақталған орынды көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезе ашылады.

Microsoft PowerPoint программасы iске қосылғаннан кейiн пайда болған сұхбаттық терезеде Автомазмұн шеберi өрiсiн таңдап, ОК батырмасын шертемiз. Осы кезде Автомазмұн шеберi iске қосылады (2-сурет).



Автомазмұн шеберi көмегiмен презентация құру терезесі.

   Автомазмұн шеберi презентация құру үшiн сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап берудi талап етедi:

1-шi қадамда Презентацияның түрi, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесi қадамға өту үшiн қажеттi тақырыпты таңдаған соңАры қарай(Далее) батырмасын шертемiз.

2-шi қадамда Презентацияны көрсету тәсiлдерi, презентацияның баяндамашы өзi түсiндiретiн болғандықтан тек иллюстративтi слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрiнде дайындалып, көрермендер өз беттерiнше қарауға арналатын опцияларының бiрiн таңдау қажет;

3-шi қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фото­гра­фия­лық слайд немесе электрондық презентация болу керектiгiн көрсету қа­жет.

4-шi қадамда Қосымша мәлiметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтiндердi терiп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәрiне жа­уап алғанннан кейiн автомазмұн ше­­берi презен­­та­цияны дайын­дайды. Тиiстi мәлiметтердi енгiзгеннен кейiн Дайын (Готово) батырмасын шертемiз.

Дайын болған презен­тациядағы мәтiндердi өз ыңғайы­мызға қарай өзгертiп, арнайы эффектiлер қосып, көркемдеу элементтерiн қолдана аламыз. Автомазмұн шеберiн презентациямен жұмыс iстеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл®Құру(Файл®Создать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенiң Презентациялар iшкi бетiнде Автомазмұн шеберi шарт белгiсiнде тышқанды екi рет шерту жеткiлiктi.

PowerPoint программасында көркемделiп, дайындалған презентациялар шаб­лон­дар түрiнде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетiн PowerPoint программасы iске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкiндiгi бар. Осы опция таңдалғаннан кейiн Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), ПрезентацияларWeb-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерiнен түратын, Презентацияны құру сұхбаттық терезесi ашылады

Осы сұхбаттық терезе Файл®Құру командасын жүктегенде де ашылады. Сұхбаттық терезенiң оң жақ шетiнде орналасқан үш батырма көмегi­мен презентациялар тiзiмiн iрi шарт белгiлер, ұсақ шарт белгiлер және кесте түрiнде көруге болады.



Презентацияның шаблонын тышқан көмегiмен белгiлеген кезде шығатын үлгiден қарап отырып, өзiмiзге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертемiз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбаттық терезесi шығады (4-сурет). Бұл сұхбаттық те­ре­зеде қажеттi слайдтың түрiн көрсетуiмiз қажет. Экранда таңдалған шаб­лон­ға сәйкес бос перзентация пайда болады. Осы презентацияға тиiстi мәтiндердi енгiзiп, арнайы эффектiлер қосып, көркемдеймiз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет