Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының президенті халыққа жолдауында: «Қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете беру. Сонымен қатар, ұлт аралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамассыз ету».
Киім мәдениетінің басқа элементтеріне қарағанда ұлттық өзгешелігі және де этникалық нышаны тұрақты. Терең ойдағы дәстүрлі киім пішіні, дарыптау ерекшелігінің әсері, тарихы, этностық қатынасы, халық этносын зерттеудің тарихи қайнар көзі болып табылады.
Қазіргі егемендік алған заманымызда, ұлттық дәстүр, ұлттық киім кеңінен қолданылатын болды. Әр ұлттың күнделікті тұрмысында, киімінде, бүкіл өмірінде өзіне – тән ерекшеліктері болады. Сол ұлттық мотивтер бұйымдардың сыртқы түрін, бет әлпетін өзгертетін, жаңартатын негізі. Ұлттық киім халықтардың қарым-қатынастарын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін бір-бірінен айырып көрсетеді. Айырмашылықтарын киімнің пішінінде, өңдеуде, ою-өрнек әшекейлерінде және кестелеуінен байқауға болады.
Қазіргі уақытқа дейін қазақ ұлттық киімінің пішін құру үрдісі толық қаралмаған. С.Ж. Асанова, М.А. Нұржасарова, Л.К., Б.М. Уалиев Шилдебаева, Э.К. Тоғызбаева, Қ.Ж. Кучарбаева ғылыми зерттеулерде тек құрылыстық-технологияляқ бірізділігі мен композициялық шешім негізі қарастырылған. Жұмыстың ғылыми зерттеулер нәтижелерін мәліметтік қорды толықтырумен айқындалады. Қазіргі таңда ұлттық нышандар дамып келе жатқан кезеңінде костюм пішін құру үрдісін зерттеп сипаттама беру қажеттілігі туындауда. Сол сияқты ұлттық киімді безендіруде ою өрнектердің тек классикалық симметриясының түрленуі ғана талданған. Қарастырылған жұмыста классикалық, афиндік, қисық сызықты симметрия түрлеуінің әдісі компьютерлік бағдарламасы жасалынды.
Киім ерекшелігі жасқа, әлеуметтік жағдайына, өмірге деген көз қарасына, қуанышты немесе қайғылы оқиғаға, күнделікті тұрмысқа байланысты анықталған. Бұл нормалар мен талаптар қолданатын матаға, сурет бейнесіне, түсіне, көлеміне, пішініне және киім бөліктеріне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |