Мүсіндеу 1-сабақ. Тақырыбы: Күн мен бұлт Оқу


Оқу іс-әрекетінің мақсаты



бет27/36
Дата05.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#19964
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: адам денесін мүсіндей алуға және ертегі кейіпкерінің бейнесін бере білуге үйрету; еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Алдаркөсе мүсінінің үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балаларға үнтаспадан Алдаркөсенің «Мен Алдармын, Алдармын» әнін тыңдату. Балалар Алдаркөсенің кім екенін, ол туралы қандай ертегі естігендерін айтады. Алдаркөсенің жағымды немесе жағымсыз кейіпкер екенін, оны неге елдің бәрі жақсы көретінін сұрау. Балалардың айтқандарын толықтырып айтып, тереңірек мағлұматтар беру.
2. Түсіндіру:балаларға жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру.
Әр түсті ермексазды жұмсартып алу.
Бір кесек ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып, денесі үшін үлкен цилиндр, қолдары үшін екі кішілеу цилиндр дайындап алу
Денесін саусақтын, көмегімен ермексазды жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып, конус пішініне келтіру. Екі жанына қолдарын біріктіру.
Домалақ ермексазды конус пішініне келтіріп, илеп алу. Жоғары жағын дөңгелектеп, бөріктін пішініне келтіру.
Шағын екі цилиндрден аяқтарын жасау.
Шағын цилиндрлер жасап алып, бір жағын бүгіп, етіктерін мүсіндеу.
Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып илеп, осы ермексаздан домалақтап басын мүсіндейміз. Шағын бөлігінен домалақ мұрнын жасау.
Денесіне басын біріктіріп орналастыру.
Басына бөркін біріктіріп, қоңыр ермексаз жолақшасынан тері жасап, етегіне жапсыру.
Аяғы мен аяқкиімін бір-біріне біріктіру.
Бас, дене, аяқтарын біріктіру.
Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын салу.
Қатырмақағаздан кішкентай домбыра қиып алып, Алдаркөсенің денесіне бекіту.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптерлеріндегі үлгіге қарап, ретімен тапсырманы орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Жасалған жұмыстарға балаларды қатыстырып, талдау жұмысын жүргізу.
26-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Сиырлар.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет