Мүсіндеу. Тақырыптық күнтізбелік жоспар(аптасына 1 сағат,барлығы 32 сағат)



бет2/2
Дата10.04.2017
өлшемі2,35 Mb.
#13618
1   2

Оқуіс-әрекетініңтүрі: мүсіндеу

Оқуіс-әрекетініңтақырыбы: Күн мен бұлт

Оқуіс -әрекетініңмақсаты:мүсіндеу жұмысына қолданылатын материалдармен,құралдармен таныстыру; мүсіндеудің негізі:жұмсарту,созу,құрастыру,жаю,тегістеу,жалпақтау,домалақтау тәсілдерімен таныстыру;қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындау дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: күннің және бұлттың суреттері,бедерлі мүсіннің үлгісі,тақтайша,ермексаз, арнайы кескіш таяқша,қолорамал.
Балалар үшін:жұмыс дәптері,тақтайша,көк немесе көгілдір түсті қатырмақағаз,ермексаз, кескіш таяқша,қолорамал.
Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға жұмыс істейтін орын дайындау,құрал-саймандарының – тақтайша,ермексаз,таяқша,қолорамалдарының ретімен тұру керектігін айту.

Үстел үстін,киімін бүлдірмей материалмен ұқыпты жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тақтайшада мүсіндеу үшін қажетті материалды қалай қолдану керектігін түсіндіру.Ермексазбен жұмыс аяқталғаннан кейін , қолды орамалмен сүртіп,сабынмен тазалап жуу керектігін көрсете отырып ұғындыру.Балалар жұмыс орындарын дайындайды.

Иүсіндеудің негізгі жұмсарту,есу тәсілдерімен таныстыру.Бүтін ермексазды жұмсарту,есу қиын болғандықтан ермексазды кесетін арнайы кескіш таяқшамен бірнеше бөлікке бөліп алып,алдымен алақанға салып жұмсартып, сосын тақтайшада ұзын жіңішке шиыршық пайда болғанша есу керектігін көрсете отырып түсіндіру.

Бедерлі мүсіндеу тәсілімен жұмыс істеу жолы:

Көк түсті қатырмақағазға жай қарындаштың көмегімен күн мен бұлттың суретін салып шығамыз.

Ақ және сары түсті ермексаздың кесегін жұмсартамыз.

Ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып,әр бөлігін тақтайшаның үстіне салып ұзынша,жіңішке ширатпалар есеміз.

Ширатпаларды сұлбаның өн бойына салып,қатырмақағазға жапсыра бастырамыз.

Күн мен бұлттың ішін сәйкес түсті ермексазбен толтырып,бетін тегістеп шығамыз.Жекелеген ширатпалардан күннің сәулелерін жасап шығамыз.

Балалар жұмыс дәптерінің көмегімен өз бетінше жұмысты орындайды.

Оқу іс- әрекетін қорыту.

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастырып,балалар жұмыстарын бағалап,талдау.


Оқу іс- әрекетінің түрі: мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: көкөністер

Оқу іс -әрекетінің мақсаты: күз айлары молшылық,береке сыйлайтын мезгіл екенін ,көкөністер мен жемістердің пісіп,жиын-терін болатынын түсіндіру;заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту;ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: көкөністер мен жемістердің муляждары,дайын үлгі ретіндегі көкөністер, тақтайша,ермексаз, арнайы кескіш таяқша,қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, тақтайша, түрлі-түсті ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

«Көкөністер мен жемістерді ажырат» дидактикалық ойыны.Ойын ойнау арқылы балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады.Балалардан жылдың қай мезгілі екенін,күз мезгілі несімен басқа жыл мезгілдерінен ерекшелене- тінін сұрап білу.Күзде барлық жеміс-жидектер,көкөністер пісіп,оларды жинау науқаны басталады.Күз мезгілін молшылық,береке,мереке сыйлайтын мезгілге жатқызамыз.

Жұмыс барысында балалар қай көкөніс не жеміс жасайтынын таңдайды,түсін таңдайды.Көкөністердің пішіні әртүрлі болатындықтан,балалардан сәбіздің, картоптың,қызылша,қызанақ,шалқандардың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын сұрап анықтаймыз.

Қызыл,күрең қызыл,жасыл,қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

Көкөністің түріне қарай шарик немесе циллиндр пішіндерді мүсіндеп аламыз.

Көкөністі жасау:



Қызанақ-қызыл домалақталған ермексаздың жоғарғы бөлігіне саусағымызбен батырып баса отырып шағын ойықша жасаймыз,ойықшаға жасыл ермексаздан жасалған сағағы мен жапырағын орнатамыз.

Қияр-жасыл ермексаздан жасалған циллиндрдің екі шетін домалақтап тегістейміз,тіс шұқығыш шидің көмегімен қиярдың бетіне бүртіктер саламыз.

Қызылша- күрең қызыл домалақталған ермексаздың бір бүйірін созу тәсілімен тамырын шығарамыз,жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз.

Сәбіз- циллиндр пішінді ермексаздың бір ұшын созып,тіс шұқығыш шидің көмегімен үстіне жіңішке сызықтар түсіреміз, жоғарғы бөлігіне жасыл ермексаздан немесе түсті қағаздан жасалған жапырағын бекітеміз.

Оқу іс- әрекетін қорыту.

Дайын мүсіндерден шағын көрме ұйымдастырып,балалар жұмыстарын бағалап,талдау.


Оқу іс- әрекетінің түрі: мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Кеселер

Оқу іс -әрекетінің мақсаты: ширату тәсілі арқылы ыдыс мүсінін жасау тәсілін үйрету;заттың сыртын ою-өрнекпенбезендіруді меңгерту;жұмыс барысында өзін дұрыс ұстап,жұмысты тиянақты орындауға дағдыландыру.

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: үлгі ретіндегі алдын-ала дайындалған кесе,тақтайша, ермексаз, арнайы кескіш таяқша,қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, тақтайша, түрлі-түсті ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Ыдыстар туралы жұмбақ жасыру.Ыдыстардың неден жасалатыны туралы түсінік беру.Үлгі ретінде дайындалған кесені көрсетіп,оның пішінінің ерекшеліктеріне тоқталу. Кеселер өте ертеде жасалып,қолданылып келе жатыр.Мүсін жасау үшін қолданылатын айналып тұратын құрал жоқ болған кездеадамдар саз балшықтардан ширатпаларесіп,ыдыс жасаудың оңай тәсілін ойлап тапқан.Дәптердегі жасалу жолына көңіл аудару.

Бір кесек ақ түсті ермексазды және жарты кесек түсті ермексазды илеп жұмсартып аламыз.Ақ түсті ермексаздың бір кесегі мен түсті кесектің жартысын жұмсартамыз. Ақ түсті жұмсартылған ермексаздың шағын бөлігін домалақтап,оны алақанға салып жалпақтап,тақтайшаға қойып,кесенің дөңгелек түбін жасау.Ақ түсті ермексаздың қалған бөлігінен есу арқылы орташа қалыңдықта ширатпалар жасаймыз. Тақтайшадағы кесенің түбіне ақ түсті ширатпаларды айналдыра орай отырып,кесенің пішініне келтіреміз. Кесенің сырын саусақпен тегістеп шығамыз.

Оқу іс- әрекетін қорыту.

Жасалған мүсіндерді талдау,бағалау.Кесемен жұмысты келесі сабақта жалғастырамыз.



Оқу іс- әрекетінің түрі: мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Кеселер

Оқу іс -әрекетінің мақсаты: дайын мүсінделген кесені сәндік ою-өрнекпен безендіруді үйрету; мүсіндеу барысында балаларды өзісіне ұқыпты және шыдамды болуға тәрбиелеу;шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: алдын-ала дайындалған кесе,тақтайша, ермексаз, ою-өрнектердің суреті,тақтайша,арнайы кескіш таяқша,қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері,алдыңғы сабақта жасалған кесе, тақтайша, түрлі-түсті ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Балаларға кесені безендіруге болатын ою-өрнекке қарауды ұсыну.Ою-өрнектің таныс емес түрлеріне назар аударту.Ары қарай кесені безендіру тәсілін түсіндіру.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен кесеге ою саламыз.

Түрлі түсті ермексаз кесегінен жіңішке ширатпалар жасаймыз.

Жіңішке ширатпаларды кесеге салынған ою-өрнектің үстіне жүргізіп,жайлап бастырып жапсырамыз.

Оқу іс- әрекетін қорыту.

Сабақты қорытындалау кезінде балалар кесені қандай тәсілмен жасағандарын ,жұмыстың орындалу барысында айтады.Бір –бірінің ұмыстарына талдау жасап,бір-біріне пайдалы кеңестер айтады.



Оқу іс- әрекетінің түрі: мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Кірпілер

Оқу іс -әрекетінің мақсаты: балаларға табиғи материалдар мен ермексазды пайдаланып,кірпінің мүсінін жасауды үйрету; шығармашылық қабілетті дамыту.

Көрнекі құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: кірпінің дайын үлгісі,шырша қылқандары,тақтайша, ермексаз,тақтайша,арнайы кескіш таяқша,қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, шырша қылқандары, тақтайша, түрлі-түсті ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру

Тиіскенді түйреген,

Киімі бар инеден.

Бұл не? (кірпі)

-Кірпі туралы не білесіңдер?

Ермексаздан кірпіні мүсіндей тәсілін түсіндіре отырып көрсету.



 
Қоңыр түсті ермексаздың бір кесегін жұмсартып,оның кішкене бір бөлігін үзіп аламыз.

Үлкен бөлігінен домалақ жасаймыз.Созу тәсілімен кірпінің тұмсығын жасаймыз.

Ермексаздың кішкентай бөлігін төртке бөліп,циллиндар тәрізді пішіндер жасаймыз,бұл- кірпінің аяқтары.

Аяқтарын денесіне біріктіреміз.

Кірпінің инелерін шыршаның не қарағайдың қылқандарынан немесе шемішкілерден жасаймыз.

Қара түсті ермексазды домалақтап кірпінің мұрнын,көздерін жасап, оны бас бөлігіне жапсырып біріктіреміз.

Жұмыс дәптерден орындалу ретін көрсетіп,жасалу ретін түсіндіру.

Балалар өз беттерінше кірпіні мүсіндеу жұмысына кіріседі.Олардың жасап жатқан жұмыстарын бақылап,қиналған балаларға көмек көрсету.



Оқу іс- әрекетін қорыту.

Дайын болған мүсіндерді қарап шығып,жақсы,дұрыс орындалған жұмыстарды үлгі ретінде балаларға крсетіп,бағалау.



Оқу іс- әрекетінің түрі: мүсіндеу

Оқу іс- әрекетінің тақырыбы: Балықтар

Оқу іс -әрекетінің мақсаты: кесек ермексаздан созу тәсілі арқылы мүсіндеу дағдыларын жетілдіру;әртүрлі әдіс-тәсілдермен балықтың сыртын безендіру; мүсіндеу дағдыларын жетілдіру;бейненің сипатын аша білуге бағыт беру; ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.



Көрнекі құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: аквариумдағы балықтар,әртүрлі балықтардың суреттері,ермексаз, тақтайша,таяқша,қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, тақтайша, түрлі-түсті ермексаз, кескіш таяқша, қолорамал.

Оқу іс -әрекетін ұйымдастыру.

Балық туралы жұмбақ жасыру.

1. Аяғы жоқ жүрмейді, қанаты жақ ұшпайды,

Жер бетінде өмір сүре алмайды. (Балық)

2. Суда оның өмірі,

Суда оның корегі. (Балық)

Балық туралы өлең жаттау

Суда балық өріп жүр,

Бір-біріне еріп жұр.

Қармағымның жоғына,

Бәрі бірдей сеніп жүр.

- Балалар,балық туралы не білесіңдер?

-Олар қайда өмір сүреді?

2.Аквариумдағы балықтардың қасына шақырып,оның дене құрылысындағы ерекшеліктерге назарларын аударады. Балалар балықтың қандай түрін мүсіндегісі келетінін өздері анықтайды.Жұмыстың орындалу ретін көрсетіп,созу тәсілімен балықтың жүзбе қанаттары мен құйрығын қалай шығарып алуға болатынын көрсетеді.Әртүрлі тәсілдермен безендіру жолдарын үйрету.

Көк түсті ермексаз кесегін жұмсартып аламыз.

Ермексазды домалақтап алып,аздап жаншып,жалпайтамыз.

Созу тәсілін пайдаланып,құрығы мен жүзбе қанаттарын жасаймыз.

Ермексаздың бірнеше түсін пайдаланып,жіңішке ширатпалар мен домалақтар жасап аламыз. Балықтың дене бөлігін ширатпалар мен домалақтармен әшекейлейміз.

Қөздерін мүсіндеп алып,бас бөлігіне бекітеміз.

Таяқшаның көмегімен аузын белгілейміз.



Балалар жұмыс дәптеріндегі реттік орындау үлгісіне қарап отырып,әдемі балықтарды мүсіндейді.

Оқу іс- әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарынан шшағын көрме ұйымдастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет